- Учителю
- Үштаңбалы санға бір таңбалы санды көбейту
Үштаңбалы санға бір таңбалы санды көбейту
Математика
Р.С.Тукаева
Сәтбаев қаласы
№1 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі.
Математика. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға
көбейтуді үйрету.Пәнге деген қызығушылығын арттыру,
ой-өрісін кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту.
жылдамдыққа,ұқыптылыққа ,ептілікке тәрбиелеу.
Әдістері: БжС технологиясы
Көрнекілігі: ОӘЖӘ,геометриялық пішіндер,қима қағаздар.
Сабақтың пән аралық байланысы :әдебиет пәнімен
Сабақ барысы.
І.Бағыт беру этапы.
-
Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық
Математика керек әр күнге
Математика қажет өмірде
Оқимыз,үйренеміз,жалықпаймыз
Білімнің шыңына шарықтаймыз
3.Өткенді пысықтау
4.Жылдамдықты өткізу
ІІ. Іске асыру этапы.
Ал, кәнекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс есеп шешімін,
Мұқиятпен табайық
1.ОӘЖӘ түсіндіру
243х 5 =
2.Алгаритм картасына салу.
1.Байқау.
ТКШ АКШ ЖКШ
321х 4 = 534х6 = 708х8 =
Сергіту сәті: өлең-тақпақ .
Орнымыздан тұрамыз
Мойынымызды бұрамыз
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып-жұмамыз
Одан соң төмен түсіріп
Алақанды соғамыз.
Басты төмен саламыз
Жаттығу жасап осылай
Үлкен боп ертең шығамыз.
2.Бекіту.
АКШ АКШ ЖКШ
605х7 = 860х8 = 945х7 =
Сергіту сәті : «Күн мен түн» ойыны
Оқушылыр «Күн!» дегенде әртүрлі қимылдар жасайды.
«Түн!» дегенде қимылдар жасамай тоқтап қалады.
3.Есте сақтау.
АКШ ЖКШ ЖКШ
676х5 = 780х 9 = 888х6 =
ІІІ.Қорыту ,бекіту.
1.Әр кезеңді орындауда 63 % жеткендерін талдап,қорытындылау.
2.Логикалық есептер.
Бір топ бала тоғаннан
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде оларды
Тиді әркімге 3 балық
Сынайын бір ал сені
Бала сонда қанша еді?
(Ш: 15:5=3 бала)
Бес бұтақты ағашты
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер Сайынға
Сонда қалмақ қанша алма?
(Ш:5х5-1=24 алма)
3.ОӘЖӘ қайталап айту.
4.Үйге тапсырма беру.
5.Бағалау.