7


  • Учителю
  • Ана тілінен ашық сабақ Ғарышқа ұшу (1 сынып)

Ана тілінен ашық сабақ Ғарышқа ұшу (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты: Ана тілі

Уақыты: 19.04.2016ж

Кабинет: 101

Мұғалім: Жанболова Зауре Танатаровна

Сабақтың атауы

Ғарышқа ұшу. 158-159ж

Мақсаты

а)Қазақстандағы ғарышқа ұшу айлағы Байқоңыр туралы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы

түсінік бере отырып, «Ғарышқа ұшу» өлеңімен таныстыру

ә)Сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін дамыту.

б) Сауатты жазуға, бірін-бірін тыңдауға , сыйлауға, адам

бойындағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, Т.Әубәкіров суреті,өмірбаяны, Байқоңыр және ғарышкерлер туралы бейнебаян

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелеу

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Мұғалімнің іс-әрекеті



Психологиялық дайындық

Аспанға қарап ай көрдім

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Көктем мезгіліне орай түрлі гүлдер арқылы 4 топқа бөлінеді.

Оқушының іс-әрекеті.

Оқушылар орындарынан тұрып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Геолог» өлеңін оқушыларға мәнерлете оқыту. Түрлі

сұрақтар қою. Тақтада 4 оқушы сөз таптары туралы мысал келтіріп жазу. Отырған оқушыларға топтық тапсырма беру.

1-топ. Заттың санын білдіретін сөздің астын сыз.

«Жігітке жетпіс өнерде аз»

Арман сапта бірінші болып тұрады.

2-топ. Заттың атын білдіретін сөздің астын сыз.

Айнұр гүлдерге су құйды. Жаңбыр себелеп жауып тұр.

3-топ. Заттың іс-қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.

Мұрат домбыра тартады. Айжан өлең айтты.

4-топ. Заттың сынын білдіретін сөздердің астын сыз.

Менің әдемі көйлегім бар. Жазда күн ыстық болады. Олардың жауаптарын тыңдау арқылы үй жұмысын қорытындылау

IV. Мақсат қою кезеңі. Сөзжұмбақ шешу. (Байқоңыр)

1. Ата-ананың қуанышы

2.Қазақ геологі кім?

3.Қазақтың ұлы ақыны.

4.Ер қаруы-бес қарудың бірі.

5. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

6.9-мамырда қандай мереке тойланады

7. От шашады жалындап, қатты ұшқанда зымырап.

8. Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Байқоңыр туралы бейнебаян көрсету.

Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1] Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы ескерілді. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.[2]

Күннің жадын жазу. Сәуірдің он тоғызы

Сынып жұмысы

Ғарышқа ұшу.

Көркем жазу. Ғарыш, ғарышкер.

158-жаттығу.

Байқоңыр. (Есентай Ерботин туралы түсінік беру)

Өлеңді оқып, көшіріп жазу.

Ал, балалар. Байқоңыр аймағынан ғарышқа ұшқан кімдер екен сол туралы түсінік алайық. «Ғарышқа ұшу» мәтінін 3-4 оқушы оқып, түсінігін айту.

Ғарышкерлер туралы бейнебаян тамашалауТоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988),Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан "Союз ТМ-13" кемесімен ғарышқа ұшты. 17 тәулік 22 сағат болады. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды.

Талғат Мұсабаев 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.. 1984 ж. - Алматы әуе клубында оқу бітірген. 1994ж ғарышқа ұшады. Ол 3 рет ғарышқа ұшады. 314 тәулік ғарышта болады. ТМ-19 кемесімен ұшады. ),Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы.

Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы - 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) - КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961)

1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында). Мәйітінің күлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль қабырғасына қойылған.



Сергіту сәті

«Көңілді күн» әні

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Жеке жұмыс.

Жұппен тексереді. Критерий арқылы өздері бағалайды.



VII.Бекіту кезеңі.



Үйге тапсырма

159-жаттығу 172 бет



Дәптерлеріне жазып алу.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</<span>.

Қызыл жұлдызшаны жеңген топқа беру.



Әр топтың жинаған балдарын есептеу.

Кері байланыс

Ана тілінен ашық сабақ Ғарышқа ұшу (1 сынып) Ана тілінен ашық сабақ Ғарышқа ұшу (1 сынып)

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



р/с

Тапсырмалар

дұрыс

дұрыс емес





1

Ғарышқа ең алғаш жол ашқан Юрий Гагарин









2

Байқоңыр ғарыш аймағы Россия орналасқан









3

Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа ұшты









4

Талғат Мұсабаев қазақтың жазушысы









5

Скафандр ғарышкердің киімі













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал