7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану Тақырыбы: 'Денсаулық құпиялары'

Өзін-өзі тану Тақырыбы: 'Денсаулық құпиялары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы №6 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Макишева Алтынай Ахмедиевна

Өзін-өзі тану

Тақырыбы: " Денсаулық құпиялары"

Мақсаты: Балалардың « Денсаулық" ұғымының құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту;

  • денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру;

  • денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер , интерактивті тақта, үнтаспа, дәйексөз жазылған плакат, ақ қағаздар мен фломастерлер.

1.Шаттық шеңбері:

Байлық - байлық емес,

Бар байлығым-денсаулық

Бар өмірім - денсаулық!

2. Оқып үйренейік.

1 аялдама: "Таза ауа аялдамасы".

"Басты байлық - денсаулық"

Бабаң айтқан даналық.

Ол үшін көп қозғалып,

Таза ауа жұт көбірек.


Су-табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп алғайсың.

3. "Тәтті алма", М. Әбдірашева

Оқып, талдау.

* Сендер де осындай жағдайлар болды ма?

* Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?


4. Өзіммен - өзім.

2 аялдама: "Табиғатқа саяхат".

Балалар судың жағасында судың сылдырай аққан дыбысын тыңдап, көздерін жұмып отырады. (музыкаестіліп тұрады)

- Міне, сылдырай ағып жатқан таза су әуенімен су кереметіне малынып отырмыз. Бәріміз де су айдынында қалықтап жүзіп барамыз. Бір-бірімізге су шашып, суға малтып, қуанышымыз қойнымызға сыймай барады. Біздің осы қуанғанымыздан жан-жағымыздағы құстар да, гүлдер де көңілденіп кеткендей. Тап-таза салқын су шаршағанымызды басып, денемізді лезде сергітті, бойымызға ерекше күй, күш-қуат берді. Судың біз үшін қаншалықты пайдалы екендігін түсінгендейміз. Осы жақсы ойымызбен бұрынғы қалпымызға келейік.

Сергіту сәті.

3 аялдама: "Спорт - біздің досымыз".

- Балалар, біздің бұл аялдамамыз "Спорт - біздің досымыз" деп аталады. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы - спорт. Өйткені ол денені шынықтырады, сергітеді, тәніңе сымбаттылық, жаныңа күш-қуат береді, аурудың алдын алады.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. дене жаттығулар кешенін орындайды. Үнтаспадан көңілді әуен ойнап тұрады.

Жазда суда жүземіз,

Құмда күнге күйеміз.

Жалаң аяқ жүреміз,

Қыста қызып денеміз,

Коньки, шаңғы тебеміз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

4 аялдама: "Жан сұлулығы".

5. Шығармашылық тапсырма:

  • Балалар, жаныңның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді.

Бәрі бірге өлең жолдарын оқиды:

Жақсылып айтып басқаға,

Ортаға ойды салғайсың.

Тек мақтанба, жасқанба,

Сұлу жанды болғайсың.

Балалар ақ қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар арқылы өздерін "табиғатта", "тіршілікте" неге теңейтіндерін суреттейді.

Жариялау.

Салған суреттерін ортаға алып шығып таныстырады.

Мысалы:

- Мен гүлдей әдемімін.

- Мен судай тазамын.

- Мен күндей нұрлымын және т.б.

6. Дәптермен жұмыс.

5 аялдама "Денсаулық құпиялары"

Дәптердегі денсаулық құпиялары туралы жазу тапсырмасы ұсынылады.



7. Жүректен жүрекке:

- Өмірің күлкіге толсын,

Денсаулығың мықты болсын!" - деген өлең жолдарын айтып тұрып, өздерінің дайындаған шарларын сыйға тартады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал