7


  • Учителю
  • Классный урок Бастауышым бастамам

Классный урок Бастауышым бастамам

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Бастауышым- бастамам



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімдерін қорытындылау мақсатында өлеңді дауыс ырғағына салып, өз Отанына, мектебіне, ата-анасына,ұстазына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекіліктер:нақыл сөздер,түрлі түсті шарлар,плакаттар,зал безендіріледі.



Мұғалім:Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!Қасиетті білім ордасыТ.Құлыбеков атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушыларының «Бастауышым-бастамам»атты мерекесіне қош келдіңіздер!Сіздерге береке-бірлік, денсаулық, еңбектеріңіз жемісті болсын дей отырып, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!



1-оқушы Армысың, мектебім, алтын ордам,

Жарқырар ұлы ғылым, үміт алдан.

Жалғасқан тарих үнің бүгіндегі,

Армысың киелі ордам білімдегі.

Арайлы шуағы мол күнімдегі,

Шашылған шашу ма едің білімдегі.

Айқара аштың бізге құшағыңды,

Қуанып мың-мың шәкірт күлімдеді.

2-оқушы Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әніменен жырына , тыңдарманым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

3-оқушы Бастауышым-бастамам,

Білім жолын бастаған.

Білім шыңы биікте,

Беліңді бу, жас данам.

Мектеп-кеме, білім -теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда

4- оқушы Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыздар аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақтыәкелер!

5- оқушы Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Сол ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Мектеп -үйім, ұстаздарым-ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып, сан тарапқа тараған.

6- оқушы Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз, ер тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін, міне, бастсуышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби- еркелер.





Классный урок Бастауышым бастамам







7-оқушы Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен, алғаш қалам ұстатқан, төрт жыл бойы білім нәрін беріп, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

8- оқушы Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға-дегендей. Ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті, сондықтан да алғашқы ұстазымыз Рыскүл апайға алғысымызды білдіреміз.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

9-оқушы Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Мұғалім мектеп жүрегі» деген Ыбырай Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімнің біліміәнің, тәрбиесінің іске аспайтыны белгілі.Өмірдегі қоғам қайраткерлері небір данышпан адамдар, қаралайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де, бәрі-бәрі бір адамға қарыздар ол ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелер оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш.Сондықтан да еңбегі - ұлы еңбек.

10-оқушы «Ұстаз-ұлы тұлға»».Алғаш «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр сырын білуге сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дуниеге нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық.Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді.Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.Дәлірек айтсақ , адамды өмір сүруге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

11-оқушы Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.

Ұстаз деген -ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің өр шақтарын қиғандар.

Оқушыға мейірі мол анадай,

Ол қуанса, қуанады баладай.

Түсе қалса қабағы мен қасы егер,

Жұбатады жылы сөйлеп аялай

Жылылықтың сиясы бар сөзі

Ұл ылықтың ұясы бар көзінде.

12-оқушы Алтын ұя, алтын бесік-мектебім,

Мәңгі есімде анам болып өткенің.

Парызыңды өтедің сен, білемін

Ал, қарызым саған берер көп менің .

13- оқушы Мектебім - мәнгі бапкерім.

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды.

Ақтаймыз әлі біз.

Жүргізуші Қоштасу тойын тойлайық,

Ән мен биге басайық.

Құрметіне бұл тойдың

Әнмен шашу шашайық

Ән «Мектебім» орындайтын Қыдырова Жания

Би «Кукарелла»

14-оқушы Құрбылар, қараңдаршы апай маған мына әріптерді берді.(А,Ә)

-Неге?

- Мен таптым.

15-оқушы: А дегенім - аналар ғой ардақты,

Ә дегенім - әкелер ғой салмақты,

16- оқушы : Анадан жоқ аяулы әлемде

17-оқушы: Әкелер ғой сыйлайтұғын бар бақты.

18- оқушы:Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген әке - шешеміз.

19- оқушы: Қиындықта әркез бізбен бірге болатын да ата- ана.

20-оқушы: Бұл өмірде бәріміз ата-анаға қарыздармыз.

21- оқушы:Әр ана өз Баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елінің елеулі азаматы болса екен дейді. Халқымыздың мынадай нақыл сөзі бар: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың.

1-оқушы: Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

2-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.Білім алып, тер төгем, еңбек етем,

Жан ана сеніміңді ақтау үшін.

3- оқушы: Дүниеге әкелген ол да сен, анашым,

Ақ сүт беріп өсірген ол да сен сің анашым.

Тіл алмасам кешірген ол да сен сің анашым.

Мәпелеген баласын ол да сен анашым.

4- оқушы

Ардақты ана , аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың,

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,

Кең құшағын, аясындай гүл бақтың.

5- оқушы:

Ыстық- ау кім-кімге де әке деген

Суыққа шалындырмай мәпелеген,

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген

6-оқушы:

Әкешім, тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен,

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.

Ән «Анам алтын»

Өнерді жанымменен түйсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүсінерім.

«Қазақ биін» билесін мың бұралып,

Биіменен шашу шашып бишілерім.

-Ұлдар, неге спорт киімін киіп шықтыңдар?

-Күрес үйірмесінен үйренгенімізді көрсетейін деп едік.



Салауатты өмір салтын қолдау мақсатындағы мектебіміздің спорт әлемінің болашақ жұдыздары!

-Қыздар , біз де қол өнер үйірмесінен жасап үйренгенімізді көрсетейік



Құрбылар, бізді болашаққа не бастайды?

Хормен:Ұ стаздың көрсеткен жолы,

Ата-ананың ақылы.

Болашаққа деген сенім.

  • Достар, бүгін бізде мейрам. Бастауышты бітіріп жатырмыз.

  • Бір-бірлеріңе қандай жақсы тілек тілер едіңдер?

7-оқушы:Құтты болсын, құрбыжан

Алға аттаған қадамың!

Білім деп соқсын жүрегің,

Жолыңа бестік шашамын.( бестік баға шашады)

8- оқушы:

Жайнаса бұл-бұл бүлдіршін.

Бір сынып тағы өрлесін.

Жайқалып тұрған көктемгі

Өмірің сенің гул болсын! ( гүл шашады)

9-оқушы:

Өмір деген сан саналы қиыр жол,

Адаспасаң одан да аларың мол.

Ұстаз, ана , әкенің, құрбының да

Саған достым тілейтіні тек ақь жол!

10- оқушы:

Шақырып алыс арманға,

Асулар күтіп тұр алда.

Өмірге ұлы самғауға,

Жар бола көрсін бір Алла!



Хор: Бау-бақша белдер

Би : «Қуыршақ»

-Құрбылар ұстаздарымызға алғысымызды айтып болған сияқтымыз.

- Енді не істейміз?

- Енді алғашқы білім баспалдағы-бастауышымызбен қоштасамыз.

11- оқушы:

Бастауышым- балбұлағым.

Алдым сенен балдың дәмін,

Әріп танып, білім алдым.

Рахметімді жаудырамын.

12-оқушы:

Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,

Жаныма сіңді сенің асыл киең.

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,

Мектебім, саған мәңгі басымды ием.

13- оқушы:

Өзіңсің балауса көктемім,

Мен сенен нәр алдым, көктедім.

Өмірде алғашқы өткелім,

Рахмет саған, бастауыш мектебім!

Классный урок Бастауышым бастамам







Вальс



Жүргізуші: Міне, бүгін біздер бастауыш сыныпты аяқтап, орта буынға қадам басқалы тұрмыз: «Алдымызда көптеген белестер күтіп тұр. Осы белестерден тайсалмай өтейік достар!

2-жүргізуші:Қош бол, сүйікті бастауыш! Қош бол, балғын балалық! Ардақты ұстаздар,Біз сіздермен біргеміз.Алтын ұя мектебімізбен ұстаздарға рахмет!



1-жүргізуші:

Төрт жылды да міне, теп-тез өткерді,

Білім жолда өтті талай өткелді

Әліппені, ана тілін үйреткен

Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.



Ән «Атамекен»



2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! Бастауыш буынмен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған «Бастауышым-бастамам» атты жиынымыз аяқталды.

Мұғалімдер мен ата-аналарға сөз беріліп, кеш қорытындыланады.





















Классный урок Бастауышым бастамам





























































































































Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп- шағын орталығы

































































Бастауыш сынып мұғалімі: А. Ашимханова























































Әскери-патриоттық шараларға

белсене қатысқаны үшін

Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп

шағын орталығының оқушысы



____________________________



М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы











Кербұлақ аудандық

Қорғаныс істер

жөніндегі бөлім

бастығы майор _____________ А.Е.Ғаббасов



Сарыөзек 2012























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал