7


Урок. ХХI ғасыр көшбасшысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:ХХI ғасыр көшбасшысы

Сабақтың мақсаты:2-сыныптың озат оқушылары арасынан математика пәні бойынша дарынды оқушылардың ХХI ғасыр көшбасшысы болуға қызығушылығын ояту.Еркін сөйлеу,ойлау қабілетін дамыту.Шапшаңдыққа,дәлдікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер:ұлағатты сөздер,шарлармен безелген, слайд тақта. Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Уа халайық,халайық!

Бәріне жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып,шалқысып,

Көңілді кеш жасайық.

Жұмбақ шеру шашайық.

Мұнда қызық табылар,

Жұмбақ есеп бәрі бар.

Ал,сайыскер балалар,

Білімдеріңді сынайық,

ХХI ғасыр көшбасшысын табайық.

Қайырлы күн қымбатты мұғалімдер,оқушылар!

ХХI ғасыр көшбасшысы атты математика бойынша өтетін сайысымызды бастайық. Бүгін біз өз ақылдылығы, шеберлілігі,ұшқыр ойлауымен,шапшаңдығымен жарқ етіп көрінгісі келген балалармен кездесеміз. Сайысқа 13 оқушы қатысады.Сайысқа қатысушылармен таныстырып өтейін.Әділқазылармен таныс болыңыздар. Бүгінгі сайысымызды мына өлең жолдарымен батағым келіп тұр.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

Математика-бар ғылымның патшасы. Өзі қиын әрі қызықты. Сендерден шапшаңдықпен жылдамдықты талап етеді. Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

1-тапсырма.Тест сұрақтары.

  1. 1 тәулікте неше сағат бар? а)60 ә)24 б)12 в)30

2. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет:

а)10 ә)11 б)90 в)99

3. 8 ондық 5 бірліктен тұратын санды тап:

а)58 ә) 88 б) 85 в)81

4. 51-9= өрнегінің мәнін тап:

а)42 ә)41 б)43 в)32

5. Тура теңдікті тап:

а)19-(7+3) = 9 ә) 19-7+3 = 9б) 19+7-3 = 9 в)(19-7)+3= 9

Бірінші бөлімнен ұпайы аз 2 оқушы шеттетіледі.

2-тапсырма. Есеп

Автобуста 32 жолаушы бар еді. Бірінші аялдамадан 6 жолаушы түсті, ал екінші аялдамадан 4 жолаушы мінді. Автобуста барлығы неше жолаушы болды?

3-тапсырма. Теңдеуді шеш:

х+9=45

4-тапсырма. Сиқырлы сандар.

















5-тапсырма. Теңдік тура болатындай етіп жақшаларды орнына қой:

1)3-2+5=6 2)5-3+2=0

6-тапсырма. Математикалық өлең есеп: Бұл бөлімде ұпайы аз оқушы текше лақтырады.

1)Алмаға келіп күн ара,

Қонушы еді бір ара.

Бүгін тоғыз туысын,

Ертіп келді бұл ара.

Сонда бүгін алмаға,

Келіп қонды неше ара?





2) Біз үлкен жанұя

Ең кішіміз Әлия

Қалғанымыз мыналар

Раушан , Болат , Дариға

Айтжан Ержан, Даналар

Гулжанымыз тағы бар

Қане есептеп алыңдар?





3)Тал басында тізіліп

Он жапырақ тұр еді.

Жел оқты да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның үзіліп,

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?

Қымбатты мұғалімдер, оқушылар!

</<font color="#0d0d0d">Міне, сайысымызда мәреге келіп жетті.ХХІ ғаыр көшбасшысын анықтайтын кез келіп жетті. Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздар айқындалып орын алған оқушыларға мақтау қағаздары беріледі.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал