7


  • Учителю
  • Ашық шара Қош келдің жаңа-жыл!

Ашық шара Қош келдің жаңа-жыл!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге,

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Армысың, аманбысың Жаңа жылың.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым! Маймыл жылы келгенде, сыйғып тартып,

Ақтарайық ән менен көңіл сырын.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті жиналған қонақтар, балалар! Сіздерді келе жатқан Маймыл жылы, жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз! Қош келдіңіздер!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл-деп тілектерін білдіретін балаларды ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Балалар бүгін біз қандай мерекені тойлайын деп жатырмыз?

Балалар:Жаңа-жыл!

Жүргізуші:Жаңа-жыл мерекесінде кім жетпейді?

Балалар:Аяз-ата

Жүргізуші: Балалар ортаға Аяз атаны шақырайық.

Ол үшін аяз атаның құлағы естімейді айқайлап шақырайық.

Аяз ата, аяз ата.

Жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақша қармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Аяз ата: Ау, армысыңдар ма, ұлдарым,

Армысыңдар ма, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің.

Қандай жарқын жырларың.

Асулармен алысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, ақшақар төрлетіңіздер.Біздің сыныптың балаларының өнерлерін тамашалап қызыққа бір батыңыз. Тобымыздың биші қыздарын шақырайық,

Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.

Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,

Қол соғып биік шыңға самғатайық

Би: «Кавбой»

Жүргізуші: Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың -деп тілектерімізді білдірейік. Ортаға балаларды тілектрін айтуға ортаға шығайық.

Аяулым:Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Еркежан: Жүзімізде күлкі ойнап Қанаттанды жанымыз Жаңа-жылды біз тойлап Шаттанамыз бәріміз

Рауан: Жаңа-жылмен Жаңа-жылмен Құттықтаймыз әрине Әкелерді аналарды Қонақтардың бәрінде

Ельзада: Міне тағы келіп тұр Жаңа бір жыл біздерге Жадыратып жер үстін Төрімізге ол шыққан

Жүргізуші: Келді, міне, сағындырып далама

Келді, міне, Жаңа жыл қалама

Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

Кәне, кәне келіңіздер

Би билеп ән салып беріңіздер!

Мерекені Жаңа жылды қарсы алып.

Ақтарайық ән менен көңіл сырын -деп бәріміз қосылып ән айтайық.

Ән: «Келді міне жаңа-жыл»

Би: «Вальс»

Жүргізуші:

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл

Төрле, төрле жеріме,

Құт береке боп келгейсің еліме,

Үміт артып армандарға аяулы.

Шаттығына бөлегейсің бізді де Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

Жаңа 2016 жыл да келді. Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.

Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.

Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.





































































«№9 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ













Өткізген: Андирова.А.У

































Ақтау қаласы







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал