7


Ашық сабақ. Қорытынды сабақ.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қорытынды сабақ. Сөз тіркестері.

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Сөз тіркесі синтаксисін қайталап, бүкіл алған білімдерін бекіту. Соның ішінде, әсіресе, сөз тіркесінің өзіне тән ерекшеліктерін, синтаксистік қатынастарын, сөздердің байланысу тәсілі мен түрлерін, тұрақты, күрделі сөздерден айырмашылықтарын еске түсіре отырып, сөз тіркесі синтаксисін бекіту.

2) дамытушылық: сөз тіркесіне синтаксистік талдау жолдарын меңгерту, сөйлем ішінен сөз тіркестерін рет-ретімен талдату, анализ шығара білдіру, өз ойын дәлелді жеткізуге машықтау, көркем сөйлеуге үйрету, топпен дұрыс жұмыс істеуге бағыттау.

3) тәрбиелік: оқудың маңызын түсіндіре отырып, ешуақытта одан жалықпауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, анализ-синтез, салыстыру, тексеру

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Әр оқушының қолына кесте беріліп, осы күнге дейінгі білімдері тексеріледі.

Мысалдар

Күрделі сөз

Тұрақты тіркес

Сөз тіркесі

Үйде қалды



+

Көз салды


+


Ауыл сырты

+



Жұмыс басты болды


+


Асылды тұқым



+

Жәрдем етті

+



Таяқ жеді


+


Күзгі күн



+

Жек көрді


+


Еңбек етті

+



Үлгілі студент



+

Көмек берді

+



Қуанышы қойнына сыймады


+


Қабылдау бөлмесі

+



Апта сайын

+



Қырғи қабақ болу


+


Жауап берді

+



Ас мәзірі

+



Абай көшесі

+



II. Негізгі кезең. Сөйлемде қанша тіркес бар?

Дарынды да талантты оқушылардың оқу мен тәрбиесінде ешқандай кемшілік болмауы тиіс.

  1. Кемшілік болмауы тиіс

  2. оқу мен тәрбиесінде болмауы тиіс

  3. ешқандай кемшілік

  4. оқушылардың оқу мен тәрбиесінде

  5. талантты оқушылардың

  6. дарынды оқушылардың

Сөз тіркесіне синтаксистік талдау.

  1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілі - орын тәртібі, шылау, жалғау, дауыс ырғағы

  2. Сөз тіркесінің байланысу түрлері - қиысу, матасу, меңгеру, жанасу, қабысу

  3. Сөз тіркесінің синтаксистік қатынасы - анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық

  4. Сөз тіркесінің құрамы - дара, күрделі

  5. Сөз тіркесінің басыңқы сыңарының ерекшелігіне байланысты - есімді, күрделі

Сөз тіркесіне осы үлгідегі синтаксистік талдау жасалу үшін мәтін беріледі.

Бұл жолы Асан мен Үсеннің кездесулері бұрынғы уақыттардан жиіленіп, әңгімелер әр кезде ұзақ уақыт болысты. Абай әкесінің мұнымен сөйлесер сөзі жоқ екенін білгендіктен, күні бойы үнсіз отырды. Күріш бой алған сайын, оның суы да көбейтіле түседі. Ана мен баланың бақытына бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты. Бүгін бірер керек кітабын алып шықсын деп, сонда әдейі апарған едім. Қыздың қарасынан көз жайзбайын деп, өзі де қатты ағызып келеді. Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбеккүн көп болуға тиіс. Білмегенім білсін деп, оқушылар ынтығар. Қорқынышты бастан кешірсін деп, сонда ертіп апартқан едім.

III. Қорытындылау кезеңі

Дұрыс сөйлемнің алдына «Д», қате сөйлемнің алдына «Қ» белгісін қойыңыз.

1. ( Д ) Сөз тіркесі - кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.

2. ( Қ ) қабысу - сөздердің жалғау арқылы байланысуы

3. ( Қ ) орын тәртібі - еш қошымсасыз шылау арқылы байланысуы

4. ( Д ) матасу - зат есім мен немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысуы

5. ( Қ ) есімді сөз тіркесі - басыңқы сөздің сын есімде, сан есімде, етістікте келуі

6. ( Қ ) анықтауыштық қатынас - қабыса байланысқан есімді, етістікті сөз тіркестерінің сыңарларының байланысуы

7. ( Д ) қиысу - бастауыш пен баяндауыштың байланысуы

8. ( Қ ) жанасу - іргелес тұрып байланысуы

9. ( Д ) толықтауыштық қатынас - меңгеріле байланысқан есімді, етістікті сөз тіркестерінің сыңарларының байланысуы

10. ( Д ) дауыс ырғағы - сөздердің еш қосымшасыз байланысуы

11. ( Қ ) меңгеру - сөздердің атау, ілік септіктерінде байланысы

12. ( Қ ) синтаксис - тізбек, рет деген мағынаны білдіреді

13. ( Қ ) күрделі сөз тіркесі - кем дегенде екі сөздің тіркесі

14. ( Д ) пысықтауыштық қатынас - меңгеріле, қабыса, жанаса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің сыңарлары пысықтауыштық қатынаста жұмсалады

IV. Бағалау

V. Үй тапсырмасын беру.

Мысалдар

Күрделі сөз

Тұрақты тіркес

Сөз тіркесі

Үйде қалды




Көз салды




Ауыл сырты




Жұмыс басты болды




Асылды тұқым




Жәрдем етті




Таяқ жеді




Күзгі күн




Жек көрді




Еңбек етті




Үлгілі студент




Көмек берді




Қуанышы қойнына сыймады




Қабылдау бөлмесі




Апта сайын




Қырғи қабақ болу




Жауап берді




Ас мәзірі




Абай көшесі








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал