7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Татулығы жарасқан ұлттар. Басқа мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы. ЭҚСН «Ұлтаралық сауда

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Татулығы жарасқан ұлттар. Басқа мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы. ЭҚСН «Ұлтаралық сауда

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Дүниетану

Сынып: 4 «Б»

Әдіскер: Сулейменова С.Ы.

Тәлімгер: Балтабаева А.

Сабақтың тақырыбы: Татулығы жарасқан ұлттар. Басқа мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы. ЭҚСН «Ұлтаралық сауда»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ұлттар достығы, бір мемлекетте әртүрлі ұлт өкілдерінің бар екенін, олардың бір - бірімен тату, бейбіт сүріп жатқанын түсіндіру. Өзге ұлт өкілдерінің республикамызға келуі жайлы тарихымен таныстыру, мағлұмат беру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бейнелі ойлауын, ой-өрісін, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: : Тату, дос, болуға тәрбиелеу.Тиянақтылыққа, ұжымшылдыққа, ауызбіршілікке, адал дос бола білуге баулу, этикалық, эстетикалық тәрбие беру;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызба, ойын.

Сабақтың барысы



I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «дүниетану» пәнінен сабақ беремін. Көңіл-күйіміз қалай? Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

Психологиялық дайындық:

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі болады.

-Қазір мен сіздерге әр түрлі халықтың амандасу рәсімдерін айтамын, сіз соны қайталайсыздар.Барлығымыз бір - бірімізге қарап тұрайық. Мысалы,Тибет елдері амандасуқанда бір - біріне тілдерін шығарады екен, ал жапон халқы бір - бірін көрген кезде иіледі,ал Қытай халқы амандасқанда қолдарын бүгіп, төмен қарай иіледі,Жаңа Зеландияда адамдар бір-бірін көрген кезде мұрындарымен үйкелеседі.



II. Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге не берілді? (Егеменді еркін ел. Таяу және алыс шетелдері)

«Ыстық орындық» әдісі

1. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қашан жариялады?

2. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?

3. Біздің мемлекеттің басшысы кім?

4. Президент нені басқарады?

5.ҚР Мемлекеттік рәміздерін ата.

6.Әр қайсына сипаттама бер.

7.Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл?

8.Тәуелсіздігіміздің баянды болуына кімдер атсалысуда?

9.Тәуелсіздікті сақтап қалу жолында не істер едіңдер?



III.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру

-Балалар біз қандай елде тұрамыз?

-Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

IV.Жаңа тақырып









Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді қиғаш қойып, денемізді тік ұстаймыз. Қатесіз, асықпай жазамыз.

-Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?

-Түрлі ұлт өкілдерінің татулығы не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады.

Біз Қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз

Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады.

Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта,ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс.

- Қазақ жеріне басқа ұлт өкілдері қалай келді деп ойлайсыңдар?

Қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында небір қиын - қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және игеру жылдары Қазақстанға қаншама ұлт өкілдері қоныс аударды. Халықтың құрамы күрт өзгерді. Ұжымдастыру жылдары қуғынға ұшыраған қазақтар шет елдерге қоныс аударып, сонда мекен етіп қалды. Ал керісінше индустрияландыру, тың игеру жылдары келген басқа ұлт өкілдері үшін Қазақстан екінші Отанына айналды. 1937 жылы екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қиыр Шығыстан 96 мың кәріс отбасымен көшіріліп әкелінді. 1940 - 1941 жылдары батыс шекарадан 105 мың поляк Қазақстанға күшпен жер аударылды. Ұлы Отан соғысы басталысымен Еділ өзені бойын мекендейтін 1 миллионнан аса неміс шығысқа көшірілді. Олардың 400 мыңы Қазақ даласына келді. 1943 - 1944 жылдары мыңдаған қалмақтар, қарашай, қырым, қырым татарлары, балкарлар, чешендер, ингуштар біздің елге жер аударылды. Соғыс кезінде 2, 5 миллиондай басқа ұлт өкілдері Қазақстанға қоныстанды. Тың игеру жылдары 2 миллиондай басқа ұлт өкілдері тағы көшіріліп әкелінді. Қазақстан Республикасының Ата Заңында дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан, Қазақстанды мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған. Қазір елімізде көптеген ұлттық және жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Оларда балалар ана тілін үйренеді. Түрлі ұлт тілдерінде газеттер шығып тұрады, театрлар жұмыс істейді. Қаншама түрлі ұлт тұрса да мемлекеттік тіл қазақ тілі болып қала береді.

Сұрақтар:

Қазақ жеріне басқа ұлт өкілдері қалай келген екен?

Ұлы Отан соғысы туралы, тың игеру жылдары жайлы не білеміз?

Ашаршылыққа ұшыраған жылдарына кімдер кінәлі деп ойлайсың?

Сергіту сәті

Әр халықтың билерін билеу

Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлт аралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.

1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт - дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір - түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.

Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.

Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.

Шығармашылық жұмыс.

</ Қазақстанның туын әлемге танытып жүрген өзге ұлт өкілдерінен кімдерді білесіңдер? Дәптерге жазу.

Дидактикалық ойын: «Қай ұлттікі?»

Ойын шарты: Көрсетілген әр ұлт өкілдерінің суреттерінің бас киімін, ұлттық тағамдарын тауып, бір шаңырақ астына орналастыру.





VI. Қорытынды

  • Бүгін қандай тақырып өттік?

  • Бүгінгі сабақтан не білдік?

  • Не үйрендік?

  • Сабақ ұнады ма?

VII. Бағалау:

  • Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға қолымдағы бейбітшіліктің символы - көгершін құсын таратамын. Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!

VII. Үйге тапсырма:

Оқу, мазмұндау.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал