- Учителю
- Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Қазақ тілі 03.09.2012
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Сабақтың мақсаты: 1. Оқу-жазу дағдыларын қалыптастыру, дыбыс және әріп жайлы білімдерін кеңейту
2. Байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту, каллиграфиялық талапқа сай жазуға
дағдыландыру.
3. Ұқыптылыққа, сауатты жазуға шақыру
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау,сабаққа дайындығын тексеру. Оқулықтың мұқабасымен таныстыру
Төмендегі сызба арқылы сабаққа кірісу.)
Тренинг «Қошемет айту»
1.Топ құрамын ауыстыру үшін топқа бөлу:сыныптағы оқушылар саны-24, сондықтан 6 оқушыдан төрт топқа бөлемін,әр топта спикер тағайындау (бағалау парағын таратып беру)
І ,ІІ,ІІІ,ІҮ топтарды гүл атауларымен бөлу: қызғалдақ, сарғалдақ, раушан гүлі, жауқазын гүлі.
2.Топ ережелерін құрастыру.
Сәйкестігін тап: Малдар оқиды
Кітапты жүзеді
Балық жайылады
Телефонмен ұшады
Ұшақпен сөйлеседі
ІІ мағынаны ашу
-Тақтада не көріп тұрсыңдар ? /әріптер/
-Әріп екенін қайдан білдіңдер?/жаздық/
-Дыбыстап көрейік. Ендеше бүгінгі сабақта дыбыс пен әріпті қайталаймыз.
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не? Дыбыстар
Дауысты Дауыссыз
Қазақ тілінде неше әріп, қанша дыбыс бар?
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу Өлеңді оқып жуан,жіңішке айтылатын сөздерді тап.
-Сөздің жуан не жіңішке айтылуына не себеп?
2-жаттығу Сөзді өзгертіп тұрған әріптерді теріп жазу арқылы мақалды шығарып ал.
(Оқу түбі- тоқу)- мақалдың мағынасын оқушыларға ашқызу.
4-жаттғыу. / Суретке қарап, олардың атын жаз және дыбыстық талдау жаса../
1-топ: коньки 2-топ: портфель 3-топ: фотоальбом
-Сөз неден құралды?
-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
5-жаттығу (жазбаша) қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір, жазылуындағы айырмашылықты айт
Ас-лас-алас-палас, ақ- шақ- ошақ- шошақ
ІІІ. Ой толғау
-Қазақ тіліндегім мыны сандар ненің білдіреді? 42 және 36
Я Ю Е Щ
Й А Й У Й О Ш Ш (Еске түсіру, қайталау)
ІҮ. Үйге тапсырма
3-жаттығуды көшіріп жазып, бір дыбыстың әсерінен өзгерген сөздердің астын сыз
Ү. Бағалау
Күні ................... Қазақ тілі 7.09
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлерін қайталаймыз. Дауыссыз б мен п.
Сабақтың мақсаты: 1. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуін қайталау; п дыбысына аяқталған сөзге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда п дыбысы б дыбысынаөзгеретінін түсіндіру; б дыбысына аяқталған басқа тілден енген сөздердің жазылуын еске түсіру;
2. Оқушылардың ой-өрістерін,сөздік қорларын,шығармашылықтарын дамыту;
3. Ұқыптылыққа, сауатты, шапшаң жазуға шақыру.
Көрнекілік: кесте
Түрі:жаңа сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту (Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
Ойын: Кез келген әріпті көрсету. Қатаң дыбыстарды көрсеткенде, оң қолымызды көтереміз.
Ұяң дыбысқа сол қолымызды көтереміз.
Үнді дыбысқа екі қолымызды бірге көтереміз.
ІІ мағынаны ашу
Дәптермен жұмыс
/Көркем жазу/ Б б П п
Сөздік диктант ( дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.)
Бағдаршам, қара, алма, жер, тоқта, күт, дайындал, кім, тыныш, рұқсат, бер, қол, сұра, күн, сәлем.
Оқулықпен жұмыс: (Сөйлемді толықтыр)
-Дауыссыз дыбыстар ...бөлінеді.
-Сөз соңында б естілгенмен, .... жазылады
П дыбысыны аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, ... өзгереді.
1-жаттығу. Алма, алмұрт, қызанақ, бидай, арпа, пияз, картоп, жапырақ, қап.
Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын сөздерді ғана жаз.
Қатаң: к, қ, п.с. т, ш, щ, х, ф. ц, ч
Ұяң: б. в, г, ғ, д, ж, з
Үнді: л, м, н, ң, й, у
2-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.
І қатар: Сабырлы (сабырлы) 7ә., 7д., 3б.
ІІ қатар: Қыркүйек (қыркүйек) 8ә., 8д., 3б.
ІІІ қатар: алғашқы (алғашқы) 6ә., 6д., 3б.
3-жаттғыу. /Көшіріп жаз. Соңында п,б дыбыстары кездескен сөздердің астын сыз...
Сөздің соңында б естілгенімен п әрпі жазылады. Тек КЛУБ және ШТАБ сөздері ғана ережеге бағынбайды
5-жаттығу (жазбаша) Төмендегі сөздерге ы немесе і әріптерін жалғап жаз. Сөз қалай өзгергенін түсіндір.
Тәртіп-тәртібі, жіп-жібі, қолғап-қолғабы, топ-тобы, мектеп-мектебі, сап-сабы.
-Қандай қорытынды шығаруға болады?
ІІІ. Ой толғау
-Сөз п дыбысына аяқталып оған дауысты дыбыс қосылса, сөз қалай өзгереді?
-Қандай сөздер ережеге бағынбай б дыбысына аяқталып жазылады?
(Венн диаграммасы негізінде б мен п дыбыстарын салыстыру.)
ІҮ. Үйге: 4-жаттығуды көшіріп жаз, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.
Ү. Бағалау
Күні .................. Қазақ тілі 12.09
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р, н мен ң дыбыстарын қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың үнді дауыссыз дыбыстары жайлы алған білімдерін пысықтау.
л,р дыбыстарының сөздің басында жазылуы мен айтылуын түсіндіру, сөз ішінде кездесетін н, ң дыбыстарын ажырата білу.
2.Оқушылардың ой-өрістерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3. Ұқыптылыққа, сауатты, шапшаң жазуға шақыру.
Көрнекілік: кесте
Түрі:жаңа сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту (Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
Әр қатардан үш оқушы шығып, қатаң,ұяң, үнді дыбыстарды ажыратып жазады.
дауыссыз
ІІ мағынаны ашу
-Үнді дауыссыз дыбыстар қалай естілсе,солай жазылады. Бірақ кейбір үнді дауыссыз дыбыстардың жазылуында ерекшелік бар.
-ң дыбысы сөздің басында кездесе ме?(ешқашан кездеспейді)Ортасында ж/е соңында.
-Л,р дыбыстары ше? Мысалдар келтіріңдер.
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ Л л Р р Н н ң
Есте сақтау диктанты. (Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады..)
Қайың, рахмет, лақ, лауазым, радио, рұқсат, лай, нан, жаңғақ, бұлаң, қазан.
-Жұп дауысты дыбыстарды тап (н-ң, л-р)
Оқулықпен жұмыс: (Сөйлемді толықтыр)
-Сөздің басындағы л, р дыбыстарының алдында ы естілгенімен жазылмайды.
1-жаттығу Мысалды түсініп оқып, көшіріп жаз. Дауыссыз үнді дыбыстарының астын сыз.
2-жаттығу Өлеңді оқы. Л мен р дыбыстары бар сөздерді теріп жаз.
3-жаттғыу. Сөздердікөшіріп жазыңдар.Екі бағандағы сөздерді салыстыр. Қандай қорытынды шығаруға болады.
5-жаттығу (жазбаша) Жаңылтпашты жатқа жаз.
Бұлаң-бұлаң
Еткен бұл аң,
Жүні қылаң
Екен бұлан.
Қатар бойынша қосымша тапсырма.
1)Лақ сөзіне дыбыстық талдау жаса
2)Лақ сөзіне әңгіме жаз
1)Лай сөзіне дыбыстық талдау жаса
2) Аң сөзіне әңгіме құра
1)Рас сөзіне дыбыстық талдау жаса
2) нан сөзіне әңгіме құр.
ІІІ. Ой толғау
-Л, р дыбысының алдында ы жазылады ма?
ІҮ. Үйге :4-жаттығу. 16-бет.
Ү. Бағалау
Күні ................. Қазақ тілі 13.09
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасын қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз және оның мағынасын қайталау.
2. Қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөз, түбір мен қосымшадан тұратынын оқушылардың есіне түсіру.
3. Ұқыптылыққа, сауатты, шапшаң жазуға шақыру.
Көрнекілік: кесте
Түрі:жаңа сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
ІІ. Өткенді қайталау
-Өткен сабақта қандай дыбыстармен таныстық?
-Олар сөздің қай жерінде кездеседі? Мысалдар келтіріңдер.
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ ЖЖЖЖЖЖЖЖ
жжжжжжжжжжж (үзбей жаз)
Көру диктанты. Бидай, диқан, диірмен, жұмысшы, күз, қамба, наубайхана.
(Тақтадағы сөздерді оқушылар 3 минут көріп алады, кейін есте сақтап жазады)
Дыбыстар
Сөздер
Сөйлем
А-п-а-й
С-ы-н-ы-п
К-і-р-д-і
Апай
Сынып
Кірді
Апай сыныпқа кірді.
Жеке тұрғанда мағынасы жоқ. Дыбысталады,әріппен таңбаланады.
....
....
ІІІ.Мағынаны тану бала
жігіт ағаш
кез Жас көздің жасы
адам қала
Қыс-жаз, күн-түн, биік-аласа т.б.
Оқулықпен жұмыс: (Суретте берілген сөйлемді оқы.)
-Дыбысталуы бірдей сөздерді тауып, оқы.Олардың мағынасын түсіндір.
1-жаттығу . Суретке қара.Суретте бейнеленген әр зат бойынша әңгімеле.
2-жаттығу . Мағынасы бойынша сөз таңдап жаз.
3-жаттғыу. Артық сөзді тап.Неге артық екенін дәлелде.
Сергіту сәті
4-жаттығу (жазбаша) Сөздердің қарсы мағыналы сөзін тап.
Әдепті-
Алыс-
Терең-
Лас-
Жуан-
Қалың-
4-жаттығу.(ауызша)
Қатар бойынша қосымша тапсырма.
1)Орман сөзіне дыбыстық талдау жаса
2)Орман сөзіне әңгіме жаз
1)Ағаш сөзіне дыбыстық талдау жаса
2) Ағаш сөзіне әңгіме құра
1)Жапырақ сөзіне дыбыстық талдау жаса
2) Жапырақ сөзіне әңгіме құр.
ІІІ. Ой толғау
ІҮ. Үйге :5-жаттығу. 21-бет.
Ү. Бағалау
Күні ................. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасын қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз және оның мағынасын қайталау.
2. Қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөз, түбір мен қосымшадан тұратынын оқушылардың есіне түсіру.
3. Ұқыптылыққа, сауатты, шапшаң жазуға шақыру.
Көрнекілік: кесте
Түрі: аралас сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
ІІ. Өткенді қайталау
-Өткен сабақта қандай дыбыстармен таныстық?
-Олар сөздің қай жерінде кездеседі? Мысалдар келтіріңдер.
-Сөз дегеніміз не?
-Сөз неден тұрады?
-Сөзден не құрауға болады?
Дәптермен жұмыс
1.Көркем жазу/ С с
2.Көру диктанты
Аппақ қарға
Қонды қарға.
Үйіне көрші
Келді ме екен, көрші!
-Мағынасы әртүрлі сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңдер.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу . Суретке берілген сөйлемдерді оқыңдар. Дыбысталуы бірдей сөздерді табыңдар. Олардың мағынасын түсіндіріңдер.
2-жаттығу . Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздердің астын сызыңдар. 3-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер.
Сергіту сәті
4-жаттығу . Әр сөздің тұсына мағынасы қарама-қарсы сөздерді теріп жазыңдар.
Шығармашылық диктант
А)Көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасы жуық сөз тауып жазыңдар.
Жақын,... Әдемі,... Батыр,...
Ә)Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөз жасау.
Үлкен-... кең-... арзан-...
Іші- ... жарық-... суық-...
Б)Көп нүктенің орнына қою деген сөзді қойып, көшіріп жазу. Ол сөздің мағынасын түсіндіру.
Сүт ... ұйыды.
... қара бұлт төнді.
Қарындашты орнына ... керек.
Концерт ...ға келдік.
ІІІ. Ой толғау
ІҮ. Үйге :5-жаттығу. 21-бет.
Ү. Бағалау
Күні ................. Қазақ тілі 17.09
Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамын қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөз, түбір мен қосымшаның (жұрнақ, жалғау) тұратынын оқушылардың есіне түсіру.
2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту;
3. Ұқыптылыққа, сауатты, шапшаң жазуға шақыру.
Көрнекілік: кесте
Түрі: аралас сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
ІІ. Өткенді қайталау
-Өткен сабақта қандай дыбыстармен таныстық?
-Олар сөздің қай жерінде кездеседі? Мысалдар келтіріңдер.
-Сөз дегеніміз не?
-Сөз неден тұрады?
-Сөзден не құрауға болады?
-Қарама-қарсы мағыналы сөздер,мәндес сөздер,мағынасы әртүрлі сөздер дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер.
Дәптермен жұмыс
1.Көркем жазу
Ж ж
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
2.Есте сақтау диктанты
Ағаш, ерлік, балық, достар, ұшқыш. (сөз құрамына талдау)
-Түбір дегеніміз не?
-Түбірге қосылатын бөлшек қалай аталады?
-Жұрнақтың жалғаудан ерекшелігі неде?
-Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?
Кестемен жұмыс
Түбір сөздер
Қосымшалы сөздер
Ана, кітап, топырақ ...
Би-ші, алма-лар,жазу-шы-лар т.б.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу . Өлеңді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің құрамын белгілеп көрсетіңдер.
2-жаттығу. Сөздерді кестеге үлгі бойынша жазыңдар.
3-жаттығу. Үлгі бойынша орында..
Сергіту сәті
Шығармашылық диктант
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғап жазыңдар.
1.Әжем-күй... ,
Әпкем-би... .
Асқан шебер,
Ағам-үй... .
2.Туған жер... күн... де ыстық, түн... де ыстық.
3.Әке... қарап, ұл өсер,
Ана... қарап қыз өсер.
ІІІ. Ой толғау
ІҮ. Үйге :4-жаттығу. 22-бет.
Ү. Бағалау
Күні ........................ Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: 1. Зат есім туралы білімдірін бекіту. Сөйлем ішінен зат есімді таба білу, зат есімнің жекеше және көпше түрлері, жалпы мен жалқы есім туралы алған білімдерін пысықтау.
2.Оқушылардың ой-өрістерін, қызығушылықтарын, ой-өрістерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, сауатты, шапшаң жазуға шақыру.
Көрнекілік: кесте,Венн диаграммасы, топтастыру т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
Ойын: Мұғалім бір сөз айтады. Оқушылар сол сөздің соңындағы дыбыстан басталатын сөз ойлап айтады. Мысалы: Ағаш, шаш, шалқан, нан, намыс,... т.с. жалғасын табады.
ІІ мағынаны ашу
Сөз құрамына қарай
Туынды сөз Қосымшалы сөз
(қысқаша тоқталу, өткен сабақты қайталау)
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ ЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗ ззззззззззззззззз (үзбей жаз)
Терме диктанты
(Жұрнақ пен жалғау сөздерді теріп жазу.)
Етікші,кітаптан,тазалық,оқулық,суреттер,кітапхана,өлеңдер,дәрігер,көйлекті,жаңалық,қыздар,дәптерім.
Оқулықпен жұмыс: (Суретте берілген сөйлемді оқы.)
-Сөйлемдерді ауызша толықтыр. Схема бойынша зат есім жайлы білімдерін еске түсіру.
Жалқы
Зат есім
Жекеше
Заттың аты
Кім,кімдер,не,нелер?
Жалпы
Көпше
Әртүрлі мағынасы болады
Қосымша жалғанады,заттық мағыналы сөздер жиі қолданады
Тақтамен жұмыс
Жаңбыр, шегіртке, шыбын, сауыншы, дауыс, нағашы, немере, тасқын, сатушы, директор, қоңыз, әпке, жүргізуші, сіңлі, боран, ара, есепші, найзағай, аға.
1-топ. Табиғат құбылыстары атауларын теріп жазыңдар. 2-топ. Мамандық атауларын жазады.
3-топ. Жәндік атауларын жазады. 4-топ. Туыстық атауларды жазады.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Сөздерді оқып, көшіріп жаз. Зат есімдерді теріп жаз.
2-жаттығу Сөздерді үлгідегідей кестеге толтыр.
Жалқы есім
Жалпы есім
Жекеше түрлері
Көпше түрлері
Қалибек
қала
қалалар
Гүлнұр
шырша
шыршалар
Шынар
гүл
гүлдер
3-жаттғыу. /Жазбаша/Түбір сөздерден туынды сөздер құрап жаз.
Бокс+шы, теннис+ші, волейбол+шы, шахмат+шы, футбол+шы, хоккей+шы
4-жаттығу (жазбаша) Ребусты шеш. Шешуіне дыбыстық талдау жаса. Сол сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жаз.
Ақтау Бұл қалалар Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
Орал
ІІІ. Ой толғау
Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында тестік тапсырма ұсыну.
ІҮ. Үйге:24бет 5-жаттығуда берілген буындардан кісінің аттарын құрап жаз.
Ү. Бағалау
Күні .................. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: 1. Етістік, олардың түрлері туралы білімдірін нығайту. Сөйлем ішінен етістікті тауып, сұрақ қоя білуге жаттықтыру.
2.Оқушлардың ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Ұқыптылыққа, сауатты, шапшаң жазуға дағдыландыру.
Көрнекілік: кесте
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
Ойын: Мұғалім бір сөз айтады. Оқушылар сол сөздің соңындағы дыбыстан басталатын сөз ойлап айтады. Мысалы: Сағат, тарақ, қағаз, зымыран, нан, ,... т.с. жалғасын табады.
Зат есім
Жалпы Жалқы Көпше Жекеше
(қысқаша тоқталу, өткен сабақты қайталау)
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ ИИИИИИИИИ
ииииииииииии(үзбей жаз)
Шығармашылық диктанты.
(Зат есімдерге етістік тіркеп жаз)
Оқушы, сағат, терезе, сәкі, ағаш, жапырақ, шайнек, тамақ, балалар, қалам.
-Етістік дегеніміз не?
-Сұрақтары қандай?
-Дара және күрделі етістік дегеніміз не? Мысалдар келтір.
Оқулықпен жұмыс: (Суретте берілген сөйлемді оқы.)
-Сөйлемдерді ауызша толықтыр. Схема бойынша етістік жайлы білімдерін еске түсіру.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Дара етістіктер бір сөзден құылады
Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден тұрады.
1-жаттығу Тиісті етістікті қойып, жұмбақты көшір.
Сылдырдан (қашады, қорқады, жүгіреді)
Шошынып (жортады, шабады, қалады)
2-жаттығу Мәтінді түсініп оқы. Етістіктерді көшіріп жаз.
Құйып,жеткізеді, шашты, алып келді, жиып, салды, шығарды, естіліп жатты, көмектестіңдер, болыңдар, істеңдер, қарады.
3-жаттғыу. /Жазбаша/ Дара және күрделі етістіктерді бөліп жаз.
-
Келді
Ойлап отыр
дайындалды
Ұшып жүр
білді
Көріп келді
ұшты
Біліп берді
4-жаттығу (жазбаша) Сурет бойынша мәтін құрастырып жаз Құраған сөйлемдерден етістіктердің астын сыз.
ІІІ. Ой толғау
-Бүгінгі сабақта не үйрендік?
-Етістік жайлы не түсіндік?
ІҮ. Үйге тапсырма
26-бет 5-жаттығуда берілген буындардан кісінің аттарын құрап жаз.
Ү. Бағалау
Күні ................... Қазақ тілі 21.09
Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сын есім туралы білімдірін кеңейту. Сын есімдер заттың түр-түсін, көлемін, дәмін және тағы басқа да сипатын айқындайтынын түсіндіру. Оларды зат есіммен дұрыс тіркестіре білуді үйрету.
2. Оқушылардың ой-өрістерін, қызығушылықтарын арттыру.
3.Ұқыптылыққа, сауатты, шапшаң жазуға дағдыландыру.
Көрнекілік: кесте
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау, сабаққа дайындығын тексеру)
Ойын: Жаңбыр жауды ойынын ойнатып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту
ІІ мағынаны ашу
Етістік
Дара Күрделі
(қысқаша тоқталу, өткен сабақты қайталау)
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ К к
ккк(үзбей жаз)
Шығармашылық диктанты
(Зат есімдердің алдына сын есімдерді қойып жаз)
Қыз, үй, гүл, әңгіме, көйлек, аспан.
Оқулықпен жұмыс: (Суретте берілген сөйлемді оқы.)
-Сөйлемдерді ауызша толықтыр. Схема бойынша етістік жайлы білімдерін еске түсіру.
Заттың сынын,сапасын,түрін,түсін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді
1-жаттығу Суреттегі заттардың түсін анықта және оларды қатыстырып сөйлем құра.
Қызыл алма
Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құра
Жасыл жапырақ
Қызықты әліппе
Сары сәбіз
2-жаттығу /Ауызша/ Сын есімдерді тап.
3-жаттғыу. (жазбаша) Жаттығуды көшіріп жаз, сын есімдердің астын сыз.
Баяу, шыдамды, терең, сүйекті
Бес жолды өлең
Зат есім (жапырақ)
Сын есім (қызыл, сары)
Етістік (түседі, сытырлайды, ұшады)
Сезімді білдіретін тіркес (Алтын күз неткен әдемі!)
Синоним (өсімдік)
4-жаттығу. Метаграмманың шешуі болатын сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
ІІІ. Ой толғау
Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында тестік тапсырма ұсыну.
ІҮ. Үйге : 28бет 5-жаттығуда берілген буындардан кісінің аттарын құрап жаз.
Ү. Бағалау
Тест және сыныптағы жұмыстардың негізінде оқушыларды бағалау
Күні....................... Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сан есім туралы алған білімдірін нығайту. Цифрмен жазылған сан есімдерді сөзбен жаза білуді үйрету. Сөйлем ішінен сұрақ қоя отыра, сан есімді табуды, сан есіммен байланысып тұрған сөзді таба білуге шақыру.
2. Оқушылардың ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, сауатты, шапшаң жазуға дағдыландыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
Ойын: Мен қапшыққа қалам салдым. Мен қапшыққа қалам, қарындаш салдым, Мен қапшыққа қалам, қарындаш, дәптер салдым. Т.с.с
ІІ мағынаны ашу
-Сын есім қандай сөз табы?
-Сын есімнің сұрақтарын ата.
(қысқаша тоқталу, өткен сабақты қайталау)
Сан есім
Сан есім туралы бімімдерін анықтау.
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ
ққққққққққққққ(үзбей жаз)
Шығармашылық диктанты.
(Зат есімдердің алдына сан есімдерді қойып жаз)
Қалам, дәптер, қатар, оқушы, қабат, бөлме, баған, үй, пәтер
Оқулықпен жұмыс: (Суретте берілген сөйлемді оқы.)
-Сөйлемдерді ауызша толықтыр. Схема бойынша етістік жайлы білімдерін еске түсіру.
Заттың санын, қатарын, ретін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Сын есім неше? қанша?нешінші? деген сұрақтарға жауап береді
1-жаттығу Сөздерді оқы, сан есімдерді теріп жаз.
2-жаттығу /жазбаша/ Өлеңді көшіріп жаз. Сан есімдерді таауып, сұрақ қой.
3-жаттығу(жазбаша) Көп нүктенің орнына сан есімдерді қойып жаз.
Сергіту сәті
4-жаттығу(жазбаша) Мақалды көшіріп жаз. Сан есімдер қай сөзбен байланысқанын анықта. Мақалдың мағынасын түсіндір.
Қосымша тапсырма.
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
1.Заттың санын білдіретін сөздер. 2.Сұрақтары неше? нешеу?нешінші?
3.Мысалы: алты,алтау,алтыншы
ІІІ. Ой толғау
Оқушылардың толтырған перфокарталары негізінде қорытынды жасау, бағалау.
ІҮ. Үйге: 29-бет 5-жаттығу.
Ү. Бағалау
Қазақ тілі 27.09.2011
Сабақтың тақырыбы: Диктант
Сабақтың мақсаты: 1. 2-сыныпта өткен материалдарды қайталау барысында диктант алу.
2. Диктатты өздіктерінен дұрыс жазуға, сауатты жазуға шақыру
3. Ұқыптылыққа, байқампаздыққа, сауаттылыққа шақыфру.
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
Мұғалім сөздерді алдын ала тақтаға жазып қояды.
Берілген сөздерді төменде тұрған кестеге жаз.Бақылау, қоңыр, тәрелке, биік, көгілдір, кішкентай, бағдаршам, орасан, жаңалық, тәтті, үлестірді,, ащы, шоқ, қою, сүйкімді, қозы, момақан, басқыш, қоныс, жайлы, жиырма бес
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
ІІ мағынаны ашу
-Балалар, бұгін сабақта бөлімді қайталау барысында диктант жазамыз.
-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
-
Қыркүйектің жиырма жетісі
Диктант
Күз
Күз айының ашық күні шұғыласын аямай сеуіп тұр. Айналаның бәрі оның алтын шуағына шомылғандай. Сап-сары жапырақтар жер бетін жауып қалған. Құстардың көңілді дауысы естілмейді. Ұзын сырыққа отырып алып кішкентай жылқышы құс шықылықтайды. Оған таяу жерде - шалшық су бар. Оның аспан суреті түсіп тұрған сарғыш суының ортасында бөдене тұр.
ІІІ. Ой толғау
-Зат есім дегеніміз ....
-Сын есім дегеніміз....
-Етістік дегеніміз....
-Сан есім дегеніміз....
ІҮ. Үйге тапсырма
Бірінші қыркүйектен бастап оқыған тақырыптарды қайталап шығу.
Ү. Бағалау
Диктантты тексеріп болған соң бағаларын журналға қою
Қазақ тілі 28.09.2011
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті еске түсіреміз
Сабақтың мақсаты: 1. Оқу-жазу дағдыларын қалыптастыру, дыбыс және әріп жайлы білімдерін кеңейту
2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге, дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке
болатынын айра білуге шақыру.
3. Ұқыптылыққа, сауатты, каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдыландыру.
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру. )
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Қазақ әліпбиінде қанша әріп, неше дыбыс бар?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Тақтада тұрған баланың суретіне қара.Бірінші бала қандай дыбыс айтып тұр?(аузы жабық, еш нәрсе айтпайды)
-Екінші бала шы? (дауыссыз) Үшінші бала шы?(дауысты)
-Ендеше дыбысты айту үшін қандай мүшелер қажет екен?
ІІ мағынаны ашу
Дыбыстар
Дауысты
Дауыссыз
Жуан
Жіңішке
қатаң
ұяң
үнді
Схема бойынша сөйле. Не айтуға борлады?
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ
ллллллллллллллл(үзбей жаз)
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу Сөздерді оқы, қанша әріп, қанша дыбыс, неше буын барын анықта.
Жемістер мен көкөністерді бөліп жаз. Алғашқы 3 сөзге дыбыстық талдау жаса.
Жемістер: қауын, өрік, алмұрт, алма, қарбыз, шабдалы.
Көкөністер: асқабақ, қызанақ, қияр, сәбіз, пияз, қызылша.
Асқабақ /асқабақ/ 7ә,7д,3б.
А-жуан дауысты
С-қатаң дауыссыз
Қ- қатаң дауыссыз
А- жуан дауысты
Б-ұяң дауыссыз
А- жуан дауысты
Қ- қатаң дауыссыз
Қауын /қауын/ 5ә,5д,2б.
Қ- қатаң дауыссыз
А- жуан дауысты
У-үнді дауыссыз
Ы- жуан дауысты
Н- үнді дауыссыз
Қызанақ/қызанақ/7ә,7д,3б.
Қ- қатаң дауыссыз
Ы- жуан дауысты
З- ұяң дауыссыз
А- жуан дауысты
Н- үнді дауыссыз
А- жуан дауысты
Қ- қатаң дауыссыз
2-жаттығу Алдымен біріңғай жуан, кейін біріңғай жіңішке дауыстылары бар сөздерді теріп жаз.
-Жуан ауыстылырды ата: а, ы, о, ұ.
-Жіңішке дауыстыларды ата: ә, і, ө, ү, е
4-жаттғыу. / Суретке қарап, олардың атын жаз және дыбыстық талдау жаса../
-Суретте не көріп тұрсыңдар? /Құстар/
-Қандай құстар? /Дала құстары/
Қарлығаш, Көкқұтан, ала қарға, көгершін, үйрек. Қарлығаш, көкқұтан сөздеріне дыбыстық талдау жаса
5-жаттығу (ауызша) қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір, жазылуындағы айырмашылықты айт
ІІІ. Ой толғау
-Қазақ тіліндегі мыны сандар нені білдіреді? 42 және 36
Я Ю Е Щ
Й А Й У Й О Ш Ш (Еске түсіру, қайталау)
ІҮ. Үйге тапсырма
3-жаттығуды Өлеңді түсініп оқу және оқулықта берілген үш сөзге дыбыстық талдау жаса.
Ү. Бағалау
Қазақ тілі 28.09.2011
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті еске түсіреміз
Сабақтың мақсаты: 1. Оқу-жазу дағдыларын қалыптастыру, дыбыс және әріп жайлы білімдерін кеңейту
2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге, дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке
болатынын айра білуге шақыру.
3. Ұқыптылыққа, сауатты, каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдыландыру.
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру. )
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Қазақ әліпбиінде қанша әріп, неше дыбыс бар?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Тақтада тұрған баланың суретіне қара.Бірінші бала қандай дыбыс айтып тұр?(аузы жабық, еш нәрсе айтпайды)
-Екінші бала шы? (дауыссыз) Үшінші бала шы?(дауысты)
-Ендеше дыбысты айту үшін қандай мүшелер қажет екен?
ІІ мағынаны ашу
Дыбыстар
Дауысты
Дауыссыз
Жуан
Жіңішке
қатаң
ұяң
үнді
Схема бойынша сөйле. Не айтуға борлады?
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ
ллллллллллллллл(үзбей жаз)
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу Сөздерді оқы, қанша әріп, қанша дыбыс, неше буын барын анықта.
Жемістер мен көкөністерді бөліп жаз. Алғашқы 3 сөзге дыбыстық талдау жаса.
Жемістер: қауын, өрік, алмұрт, алма, қарбыз, шабдалы.
Көкөністер: асқабақ, қызанақ, қияр, сәбіз, пияз, қызылша.
Асқабақ /асқабақ/ 7ә,7д,3б.
А-жуан дауысты
С-қатаң дауыссыз
Қ- қатаң дауыссыз
А- жуан дауысты
Б-ұяң дауыссыз
А- жуан дауысты
Қ- қатаң дауыссыз
Қауын /қауын/ 5ә,5д,2б.
Қ- қатаң дауыссыз
А- жуан дауысты
У-үнді дауыссыз
Ы- жуан дауысты
Н- үнді дауыссыз
Қызанақ/қызанақ/7ә,7д,3б.
Қ- қатаң дауыссыз
Ы- жуан дауысты
З- ұяң дауыссыз
А- жуан дауысты
Н- үнді дауыссыз
А- жуан дауысты
Қ- қатаң дауыссыз
2-жаттығу Алдымен біріңғай жуан, кейін біріңғай жіңішке дауыстылары бар сөздерді теріп жаз.
-Жуан дауыстылырды ата: а, ы, о, ұ.
-Жіңішке дауыстыларды ата: ә, і, ө, ү, е
4-жаттғыу. / Суретке қарап, олардың атын жаз және дыбыстық талдау жаса../
-Суретте не көріп тұрсыңдар? /Құстар/
-Қандай құстар? /Дала құстары/
Қарлығаш, Көкқұтан, ала қарға, көгершін, үйрек. Қарлығаш, көкқұтан сөздеріне дыбыстық талдау жаса
5-жаттығу (ауызша) қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір, жазылуындағы айырмашылықты айт
ІІІ. Ой толғау
-Қазақ тіліндегім мыны сандар ненің білдіреді? 42 және 36
Я Ю Е Щ
Й А Й У Й О Ш Ш (Еске түсіру, қайталау)
ІҮ. Үйге тапсырма
3-жаттығуды Өлеңді түсініп оқу және оқулықта берілген үш сөзге дыбыстық талдау жаса.
Ү. Бағалау
Қазақ тілі 29.09.2011
Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы
Сабақтың мақсаты: 1. Э әрпі орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғана қолданатынын түсіндіру.
2. Сөздегі э дыбысының сөздегі орыны анықтау және э дыбысына қатысты сөздер ойлап
табу
3. Каллиграфиялық талапқа сай жазуға, ұқыптылыққа, сауаттылыққа шақыру.
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру. )
-
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
-
Өткен сабақта алған білімдерін тиянақтау, пысықтау.
ІІ мағынаны ашу
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ МММММММММ
мммммммммммм(үзбей жаз)
Терме диктант: (Тақтада берілген сөздердің ішінен э әрпі бар сөздерді теріп жаз)
Елік, экспедиция, ескерту, ереже, экспорт, электр, кесіртке, энциклопедия, элеватор
(Осы сөздердің мағынасын оқушылардан сұрау, міндетті түрде сөздік жұмысын жасау
Экспедиция - жұмыс барысында бірнеше адамның белгілі бір мақсатпен бір жаққа шыққан сапары.
Экспорт - өнеркәсіп өнімдері және басқа да тауарлардың шет елдерге шығарылуы.
Энциклопедия - ғылымның барлық немесе белгілі бір саласынан мәлімет берілетін ғылыми анықтамалық басылым.
Е
Ұқсастығы
Э
Көптеген сөздерде кездеседі
дыбысы айтқанда ерін керіліп, екі езу құлаққа қарай жылжиды, иек төмен түсіп ауа еркін шығады, дауысты.
Орыс немесе шет ел тілінен келген сөздерде кездеседі
Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу Сөздерді оқы, е және э дыбыстарының айтылуына назар аудар. Үш сөзді қатыстырып сөйлем құра.
2-жаттығу Көшіріп жазып, жазылуын есте сақта. «Эмблема» сөзіне двыбыстық талдау жаса.
Эмблема /емблема/ 7ә,7д,3б.
Э-жуан дауысты
М-үнді дауыссыз
Б- ұяң дауыссыз
Л- үнді дауыссыз
Е-жіңішке дауыссыз
М- үнді дауыссыз
А- жуан дауысты қатаң дауыссыз
3-жаттғыу. / Сөйлемдерді көшіріп жаз, э дыбысы бар сөздердің астын сыз, э дыбысы бар сөздерді қайта-қайта оқып, жазылуын есте сақта/
4-жаттығу ( Жазбаша) Мәтінді түсініп оқы, Мәтіннің соңгы бөлімін дәптерге көшіріп жаз.
ІІІ. Ой толғау
Ойын: Адасқан әріптерден сөз құра, көп құра.(Мұғалім алдын- ала тақтаға жазады)
б
а
қ
ж
ш
т
д
э
е
В
а
о
т
ы
у
р
і
л
к
қ
ІҮ. Үйге тапсырма
5-жаттығуды Сөйлемдегі адасқан әріптердің орнын тауып, көшіріп жаз.
Ү. Бағалау
Қазақ тілі 30.09.2011
Сабақтың тақырыбы: В дыбысы
Сабақтың мақсаты: 1. В дыбысы ұяң дауыссыз дыбыс екенін және ол орыс, өзге шет тілдерінен енген
сөздерде ғана қолданатынын түсіндіру.
2. Сөздегі в дыбысының сөздегі орыны анықтау және в дыбысына қатысты сөздер ойлап
табу
3. Каллиграфиялық талапқа сай жазуға, ұқыптылыққа, сауаттылыққа шақыру.
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру. )
-
Э дыбысы туралы алған білімдері пысықталады.
-
Үйге берілген жаттығу қалай орындалғаны тексеріледі.
ІІ мағынаны ашу
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ НННННННННН
нннннннннннннн(үзбей жаз)
«Қай әріпті жоғалттым» дидактикалық ойыны ойналады.: (Тақтада әріптері түсіп қалған плакаттағы сөздер ілінеді. Оқушылар сол сөздерді толықтырады.)
...азелин а...тобус Мұсабае...
...альс а...ияция Антоно...
...алюта винто...ка Сегізбае...
Көп нүктенің орнына қойылған әріпті айтып көріңдер. В - ұяң дауыссыз дыбыс.
-В -сөздің қай буындарынды кездесті? (Сөзің басында да, ортасында да, соңында да кездеседі)
Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, в дыбысы кездесетін сөздердің астын сыз.
авиамектеп
Гвинея
аквариум
локомотив
Сөздерінің жазылуына назар аудар.
2-жаттығу Екі қатардағы сөздердің жазылуына назар аулар. В мен б дыбыстарының айтылуындағы өзгешеліктерге назар аудар.
-Б мен в қандай дауыстылыр?
-Бірінші қатардағы сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрап жаз.
-Балалар 34беттегі ережені оқиық
В - ұяң дауыссыз дыбыс. В дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі: Сидоров, вагон, диван
4-жаттғыу. / жазбаша/ Жаттығуда берілген жұмбақты жатқа жаз.
Еңкейіп барып
Асап алады.
Шалқайып барып
Шаша салады /эксковатор/
5-жаттығу ( ауызша) Мәтінді түсініп оқы. Волейбол ойнап көрдің бе?
ІІІ. Ой толғау
Ойын: Адасқан буындардан сөз құра, көп құра.(Мұғалім алдын- ала тақтаға жазады)
ба
а
вок
жа
ша
гон
да
э
е
Ва
қын
о
тан
на
уыл
рық
зал
лық
кран
мен
ІҮ. Үйге тапсырма
3-жаттығуды Сурет бойынша әңгіме жаз
Ү. Бағалау
Қазақ тілі 04.10.2011
Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы
Сабақтың мақсаты: 1. Ф дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс екенін және ол орыс, өзге шет тілдерінен енген
сөздерде ғана қолданатынын түсіндіру.
2. Сөздегі ф дыбысының сөздегі орыны анықтау және ф дыбысына қатысты сөздер ойлап
табу
3. Каллиграфиялық талапқа сай жазуға, ұқыптылыққа, сауаттылыққа шақыру.
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру. )
-
В дыбысы туралы алған білімдері пысықталады.
-
Үйге берілген жаттығу қалай орындалғаны тексеріледі.
ІІ мағынаны ашу
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ ФФФФФФФФФ
ффффффффффф
Сөздік диктант (в, э дыбысы келетін сөздерді жазу)
Авиамектеп, Гвинея, аквариум, локомотив, вагон, вокзал,велосипед, электр, экспонат, эфир,экскаватор, электр.
(көршілерінің жазуларын тақтадан қарап отыра тексереді)
«Қай әріпті жоғалттым» дидактикалық ойыны ойналады.: (Тақтада әріптері түсіп қалған плакаттағы сөздер ілінеді. Оқушылар сол сөздерді толықтырады.)
...изика теле...он телегра...
...ирма бу...ет шка...
...ильм ко...е
Көп нүктенің орнына қойылған әріпті айтып көріңдер. Ф - қатаң дауыссыз дыбыс.
-Ф -сөздің қай буындарынды кездесті? (Сөзің басында да, ортасында да, соңында да кездеседі)
Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу Сөздерді көшіріп жазып, өзіңе ұнаған 2-3 сөйлем құра
Сөздерінің жазылуына назар аудар, есіңде сақта.
2-жаттығу (екі оқушы тақтада)Сөздерді үлгідегідей етіп топтап жаз. Бұлар қандай сөздер? Қандай зат есім?
Адам аттары: Фарида, әл-Фараби, Фатима, Фархат, Фазыл, Сейфолла
Жер аттары:Франция, Финляндия, Африка, Ферғана
-Фархат сөзіне дыбыстық талдау жаса.
-Балалар 37беттегі ережені оқиық
Ф - қатаң дауыссыз дыбыс. Ф дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі: фирма, могнитофон, шкаф.
3-жаттғыу. / жазбаша/ Түсініп оқы, мәтіннің алғашқы бөлігін көшіріп жаз.
5-жаттығу ( ауызша) Мәтінді түсініп оқы. Бауыржан Момышұлы туралы не білесіңдер?
ІІІ. Ой толғау
Ойын: Адасқан буындардан сөз құра, көп құра.(Мұғалім алдын- ала тақтаға жазады)
ко
а
фос
фут
ша
ма
да
фир
е
фер
бол
о
тан
на
уыл
рық
фор
фе
ма
мен
ІҮ. Үйге тапсырма
4-жаттығуды Сөйлемдерді көшіріп жазып. Ф дыбысы бар сөздердің астын сыз.
Ү. Бағалау
Қазақ тілі 05.10.2011
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама
Сабақтың мақсаты: 1. Өткен сыныптағы материалдарды қайталау барысында мазмұндама жазу
2. Мазмұндама жаза отыра, сөйлемдегі сөздерді дұрыс құруға, сөйлемдерден дұрыс,
мазмұнына сай мәтін құруға шақыру.
3. Ұқыптылыққа, байқампаздыққа, сауаттылыққа шақыру.
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру)
ІІ мағынаны ашу
-Балалар, бұгін сабақта бөлімді қайталау барысында мазмұндама жазамыз.
-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
-
Қазанның бесі
Мазмұндама
Аю және бөрене
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, оны жегісі келіпті. Аю ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты. Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жібереді. Әрі серпілген бөрне өз салмағымен қайта оралғанда, аюдың басына сарт ете қалды. Қара күшке сенген ожар аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итереді. Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналады. Бұған ызаланған аю бөренені үшінші рет итеріп жібергенде, қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айрып, ағаштан ұшырып түсіреді.
Тақтаға жазылатын сөздер.
Тамсанып, кедергі, серпілген, ожар аю, ызаланған
Жоспар
-
Бал арасына кезіккен аю.
-
Бөрененің кедергі болуы.
-
Ожар аюдың қылығы.
-
Ағаштан құлаған аю.
ІІІ. Ой толғау
ІҮ. Үйге тапсырма
Бірінші қыркүйектен бастап оқыған тақырыптарды қайталап шығу.
Ү. Бағалау
Мазмұндаманың бағасын журналға қою
Қазақ тілі 06.10.2011
Сабақтың тақырыбы: Ч,щ дыбыстары
Сабақтың мақсаты: 1. Ч, щ дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс екенін және ол орыс, өзге шет тілдерінен енген
сөздерде ғана қолданатынын түсіндіру.
2.Сөздегі ч, щ дыбысының сөздегі орыны анықтау және в дыбысына қатысты сөздер ойлап табу
3. Каллиграфиялық талапқа сай жазуға, ұқыптылыққа, сауаттылыққа шақыру.
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру. )
-
Э, в, ф дыбысы туралы алған білімдері пысықталады.
ш
к
а
Ф
У
Т
ф
а
Б
р
и
к
а
О
т
е
Л
е
ф
о
н
-
Тігінен.
Балалар ойнайтын спорттық ойын
-
Көлденеңнен
Тұрмыста қолданылатын жиһаз
Белгілі бір өнім шығаратын өндіріс орны
Хабарласуға арналған техникалық аппарат
ІІ мағынаны ашу
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ ЧчЧчЧчЧчЧчЧчЧ
ЩщЩщЩщЩщ
Сөздік диктант: Эфир, Эскимо, эмаль, экватор,волейбол, автомобиль, велосипед, вокзал, флейта, полиграфия, Ферғана.
Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, ч, щ дыбысы кездесетін сөздердің астын сыз.
Сөздерінің жазылуына назар аудар. Бірнеше рет дауыстап оқы. Ч, щ қандай дыбыстар?
2-жаттығу Көп нүктенің орнына ч, щ әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Өзіңе ұнаған 3 сөзді алып сөйлем құрап жаз.
Ч, щ - қатаң дауыссыз дыбыс.
4-жаттғыу. / жазбаша/ Жаттығуда берілген жұмбақты жатқа жаз.
Өзі ащы
Бірақ
Дәмдә етер асты. /тұз/
Ащы сөзіне қарама-өарсы мағыналы сөз ойлап тап. Осы екі сөзді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Шығармашылық тапсырма:
-Балалар біз де жұмбақ шығарып жаттығайық. /балалар өз ойларынан жұмбақ жасырады, қалған балалар оларды шешеді./
ІІІ. Ой толғау
Сыныпты 3 топқа бөлу. 1-топ - плащ, 2-топ - борщ, 3-топ - чек сөздеріне сөз жұмбақ құруды тапсыру.
ІҮ. Үйге тапсырма
3-жаттығуды Көшіріп жазу, ч,щ дыбыстары бар сөздердің астын сызу
Ү. Бағалау
Қазақ тілі 07.10.2011
Сабақтың тақырыбы: Ч,щ дыбыстары (2-сабақ)
Сабақтың мақсаты: 1. Ч, щ дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс екенін және ол орыс, өзге шет тілдерінен енген
сөздерде ғана қолданатынын түсіндіру.
2.Сөздегі ч, щ дыбысының сөздегі орыны анықтау және в дыбысына қатысты сөздер ойлап табу
3. Каллиграфиялық талапқа сай жазуға, ұқыптылыққа, сауаттылыққа шақыру.
Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту
(Көңіл-күйлерін бақылау сабаққа дайындығын тексеру. )
-
Э, в, ф дыбысы туралы алған білімдері пысықталады.
Ч
е
к
ч
Е
м
о
д
а
н
а
в
т
о
М
о
б
и
л
ь
э
П
о
с
п
о
л
И
г
р
а
ф
и
я
к
а
р
т
О
ч
к
а
ф
р
а
н
ц
и
я
-
Тігінен.
Спортта жеңіске жеткен адамды қалай атайды?
-
Көлденеңнен
Дүкеннен зат сатып алғанда, сатып алушының қолына ұстататын қағаз
Машинаны екінші атпен қалай атайды?
Әңгіме түрінде баяндалатын шығарма
Баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын
Банкаматтан ақша алатын құжат
Әтірдің отаны қай ел?
ІІ мағынаны ашу
Дәптермен жұмыс: /Көркем жазу/ ЧчЧчЧчЧчЧчЧчЧ
ЩщЩщЩщЩщ
Сөздік диктант: Энциклопедия, эстрада, валейбол, паровоз, фосфор, телеграф, борщ, щетка, Чукча, тұщы, карточка
Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу(жатқа жазу минуты) Әліппелік жұмбақты жатқа жаз. Ч әріпі кездесетін сөздің астын сыз.
2-жаттығу Мәтінді түсініп оқып, көшіріп жаз.
-Ч дыбысынын басталатын тағы қанда елдерді білесіңдер?
(Чили, Чехословакия, Чикага, Чукотка )
3-жаттғыу. / жазбаша/ Сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта
-
щетка
щи
ащы
тұщы
борщ
шаңырақ
шай
шәйнек
шұжық
шортан
І нұсқа - борщ сөзіне дыбыстық талдау жаса.
ІІ нұсқа - өзіңе ұнаған сөздерді пайдаланып, 3 сөйлем құра
Шығармашылық тапсырма:
Сөз ойдап тап. Сөз жаз, келесі сөз алғашқы сөздің соңғы дыбысынан басталатындай болсын.
Қала-Алматы-ықылас-сағат-тарақ,қасық-қамыр-радио-... т.с.с
ІІІ. Ой толғау
Сыныпты 3 топқа бөлу. 1-топ - плащ, 2-топ - борщ, 3-топ - плащ сөздеріне сөз жұмбақ құруды тапсыру.
ІҮ. Үйге тапсырма
3-жаттығуды Көшіріп жазу, ч,щ дыбыстары бар сөздердің астын сызу
Ү. Бағалау