- Учителю
- ҚАзақ тілі пәнінен 'Болымды және болымсыз етістік' сабақ жоспары
ҚАзақ тілі пәнінен 'Болымды және болымсыз етістік' сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінетінін, қалай жасалатынын түсіндіру.Сөз мағынасын түсіндіріп, етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету.
-
Салыстыру, талдау арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-
Тыйым сөздер арқылы адамдық қасиетті бойына сіңіре отырып,жақсы іс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау
«Білім-теңіз, оқу-кеме, барар жерге тез жетеміз»,- демекші морфология елінің етістік қайығына мініп, етістік еліне саяхатқа барамыз.
-
Суретпен жұмыс
Мына суретте не көрдіңдер, не естідіңдер? Суретке қарап қимыл іс - әрекетті білдіретін сөзді атаңдар. Атаған сөздерің қай сөз табына жатады?
-
Етістік дегеніміз не?
-
Етістік қалай бөлінеді?
-
Құрамына қарай қалай бөлінеді?
-
Тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
-
Топпен жұмыс
І топ: дара етістікті жазып, лексика - грамматикалық мағынасына талда.
Барма, бөл. (тұлғасына қарай туынды, негізгі, құрылысына қарай дара, күрделі) ережесін пайымдау.
ІІ топ: күрделі етістік жазып, лексика - грамматикалық мағынасына талда.
Келе жатыр екен, асықпай кел. (тұлғасына қарай туынды, негізгі, құрылысына қарай дара, күрделі) ережесін пайымдау.
ІІІ топ: негізгі етістік жазып, лексика - грамматикалық мағынасына талда.
Жаз, көр (тұлғасына қарай туынды, негізгі, құрылысына қарай дара, күрделі) ережесін пайымдау.
-
Тақтамен жұмыс. (Мұғалім өзі оқып тұрады, оқушы тақтадағы кестеге жазып, талдайды.)
Туынды етістіктің жасалуы.
-
Зат есімдерден етістік тудыру
Ойла, тұзда, істе, гүлде, емде, сабында, була, тісте
-
Сын есімдерден етістік тудыру
Ақта, ұсақта, көркемде, жақсыла, жаңала, іріле
-
Сан есімдерден етістік тудыру
Екеуледі, бірлесті
-
Етістіктен етістік тудыру
Ойна, сөйле, күл, жаз, жібер, айт
Ойна - ойнама, сөйле - сөйлеме, күл - күлме, жаз - жазба, жібер - жіберме,
айт - айтпа
ІІІ. Жаңа сабақ
28-жаттығумен жұмыс.
-
Осы етістіктердің ішінен іс - әрекеттің жүзеге асун білдіретін әрекеттерді ата.
-
Іс - әрекеттің жүзеге аспауын білідретін етістіктерді ата.
-
Қандай жұрнақтармен жасалып тұр?
-
Қандай тұжырымдар жасайсыңдар?
Етістік мағынасына қарай болымды және болымсыз болып бөлінеді.
Болымды етістік
Асық, жүгір, кешік, теп, ұмыт, бар, кел, ойла, жама, қама, күрме, серме.
Болымсыз етістік
Асықпа, жүгірме, кешікпе, теппе, ұмытпа, барма, келме, ойлама.
Негізгі түбірге ма, ме, ба, бе, па, пе жұрнақтары жалғанған немесе жоқ, емес сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын, істің болмайтындығын, болмағандығын білдіретін етістіктің түрін болымсыз етістік деп атаймыз.
Істің болып жатқандығын, болатынын білдіретін етістіктің түрін болымды етістік деп атаймыз.
-
Салыстыру
Болымды етістік: Айқайла, Қама, Сөйле, Биле, Жама, Ойна, Шула,Жазала
Болымсыз етістік: Айқайлама, Қамама, Сөйлеме, Билеме, Жамама, Ойнама,
Шулама, Жазалама
-
Оқулықпен жұмыс
29-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазу, грамматикалық талдау жасау. Болымсыз етістіктерді табу.
31- жаттығу
Мақал - мәтелдермен жұмыс. Жаттап, жатқа жазу, грамматикалық талдау жасау.
32- жаттығу.
Тыйым сөздермен жұмыс.
-
Ой сергіту
Оңға қарай оқыса да, солға қарай оқыса да етістік болатын сөздерді тап.
Шаш, қақ, қыс, қыз, бар, кел, отыр, жүр, біл, көр,
Айтылуы бірдей, мағынасы әр түрлі етістік те, зат есім де болатын мысалдар келтірейік.
33- жаттығу
Жұптық жұмыс
Мен асықпадым Мен жонбадым Мен тимедім
Сен асықпадың Сен жонбадың Сен тимедің
Сіз асықпадыңыз Сіз жонбадыңыз Сіз тимедіңіз
Ол асықпады Ол жонюады Ол тимеді
IV.Бекіту .
1қатар 2қатарға болымды етістік айтады, олар болымсызға айналдырады.
2қатар 3қатарға болымсыз етістік атады, олар болымдыға айналдырады.
V. Қорытынды
Алдымызда биылғы жылы қандай айтулы мерекелер күтіп тұр?
1.Президент сайлауы
2.Қазақ хандығына 550 жыл
3.Аналар мерекесі
4.Наурыз мерекесі
5.Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
6.Ұландар күні
Осы айтулы мерекелерге арналған алтын сөз құрайық.
Алтын сөз құрау
Тәуелсіздік әперген
Елбасыңды ...
Елдігіңді сақтаған
Хандарыңды ...
Халқын жаудан қорғаған
Батырларды ...
Жарық күнді сыйлаған
Ата - анаңды ...
Ата - баба дәстүрі
Наурызыңда ...
Ұсақ .., ірі ...
Өз ортаңның гүлі бол
Керекті сөздер: Сайлап ал,еске ал, дәріпте,қадірле, той-тойла, болма , бол.
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма
30,34- жаттығу.
Мұғалімі: Шөкеева Гүлжанат Жақсылыққызы