- Учителю
- Ашық сабақ: ' Ағза мүшелері. ' Дүниетану сабағы (4 сынып)
Ашық сабақ: ' Ағза мүшелері. ' Дүниетану сабағы (4 сынып)
Күні:02.03.15ж
Сабақ: дүниетану
Тақырыбы: Ағза мүшелері
Мақсаты мен міндеттері: ағза мүшелері түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
1.Білімділік: өзбетінше ағза мүшелері туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: деңсаулыққа көңіл бөлуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: макет адам денесі, суреттер, карточкалар.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Қоршаған орта
_____________________ _______________ ________________
Табиғат - ____________________________________________________
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Орындарыңнан тұрыңдар, отыр, қолды көтер, еңкей, аяқты көтер.
Сендер не істедіңдер? Қимылдарды не арқылы жасадыңдар? Оған басты не көмек болды?
Адамның денесі мен оның қызметі біртұтас.
Адам денесі 4 бөліктен тұрады: бас, мойын, кеуде,қол,аяқ.
Дәптермене жұмыс: адам денесінін суретін сал, оның басты бөліктерін жаз.
Оқулық бойынша жұмыс: 9 бет оқу, талдау. Дәптерге ішкі дене мүшелерін жазу.
Ішкі мүшелер: ми, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек, қарын, ішек,қуық.
10 беттегі сурет бойынша ішкі мүшелермен танысу.
«Кім жылдам?» ойын ішкі мүшелерді атау, оқушылар суреттен көрсетеді.
Сергіту сәті Көжектерім тұршы, беттеріңді жушы,
Айнаға қарашы, шашынды тарашы.
Киімінді киші, мектепке қарай жүрші
Орнына отыршы, сабағынды оқышы,
-
Жаңа білімді бекіту:
Оқулық бойынша «Денің сау болсың...» мәтінді оқу, талдау.
-Қандай спорттық ойын түрлерін білесіңдер?
-Қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?
Суреттер бойынша жұмыс:
-Бұл спорттық ойын түрлері қандай ағзаның жақсы жетілуіне көмектеседі?
-Бұл спорттық ойын түрлері денені шынықтыруға қоса ала ма?
-Не себептен әр оқушы спортпен шұғылдану керек?
-Бұл мектепте қалай жүзеге асады?
-Өзің спортың қай түрін ұнатасың?
-Ата-аналарын мен спортпен шұғылданасыңдар ма?
.
4. Үйге тапсырма: 9-12 бет оқу, әңгімеле.