- Учителю
- 'Арыстан мен тышқан' сабақ жоспары
'Арыстан мен тышқан' сабақ жоспары
Пәні:әдебиеттік оқу
Сыныбы:4 «а»
Мерзімі:18.11.2015
Сабақтың тақырыбы:Арыстан мен тышқан
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды арсытан мен тышқан мысалымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға С.Торайғыров туралы мағлұмат беру.Мысал өлең туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік :оқушыларды қамқорлыққа,жанашырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі:дебат-пікірсайыс сабағы.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ой қозғау, ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: арыстан мен тышқанның суреттері,аудио
Пайдаланған әдебиет:Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А)амандасу.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қалдарың қалай?
Ә)түгендеу.
-Сабақта кім жоқ?
І. Кезең.
Жақтаушы топтың қарар тақырыбы: «Арсытанның іс-әрекеті дұрыс»
Кілт сөздер, аргументтер.
1.Тынымсыз тышқан
2.Жанашырлық
Дәлелдемелер.
-
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»
-
«Үлкенге құрмет,кішіге ізет»
Айғақтар.
1.Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып,
Бір уақыт жүгіріпті басқа барып.
2.Күлдіріп көңіл ашұан ақың үшін.
«Азат қылдым»,-деді де қоя берді.
ІІ кезең
Даттаушы топтың қарар тақырыбы: «Арсытанның іс-әрекеті дұрыс емес»
Кілт сөздер, аргументтер.
1.Шыдамсыздық.
2.Ашу, ыза
3.Қиналған арыстан
Дәлелдемелер.
1.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
2.Ашу- дұшпан,ақыл - дос.
3.Басқа түссе, баспақшыл
Айғақтар.
1.Арыстан күліп айтты: «Сорлы тышқан!»
Не жақсылық қайтады сен байғұстан,
Дүниеде саған қалған күнім құрысын!
Күшің кем жұдырықтай шымшық құстан.
2.Бір күні арыстан торға түсті,
Үзем деп, ақырып, тулап, салды күшті.
Оралып, шырматылды, шықпастай боп,
Басына құдай берді мұндай істі.
Жақтаушы топтың пайымдаулары:
Үлкенге құрмет кішіге ізет (халық мақалы)
Даттаушы топтың пайымдаулары:
1.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Спикердің шешімі:Сұлтанмахмұт Торайғыровтфң «Арыстан мен тышқан» атты мысалындағы арыстанның іс-әрекеті дұрыс емес.
V.Бекіту.
VI.Қорытындылау.
А)үй тапсырмасы.
Ә)бағалау.
Б)рефлекция.