7


Урок по чтению на тему ' '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Дала.С.СейфуллинСабақтың мақсаты:1.С. Сейфуллиннің «Дала» өлеңімен таныстыра отырып, оқушыны түсініп, мәнерлеп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету.2. Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру.Сатылай кешенді талдауға үйрету.3. Табиғат әсемдігін ба
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Дала.С.Сейфуллин

Сабақтың мақсаты:

1.С. Сейфуллиннің «Дала» өлеңімен таныстыра отырып, оқушыны түсініп, мәнерлеп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету.

2. Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру.Сатылай кешенді талдауға үйрету.

3. Табиғат әсемдігін бағалай білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарынпсихологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Үй жұмысын сұрау: Мұқан Иманжановтың«Таңның атуы» өлеңінде таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен? Таң атарда жұлдыздар қайтеді? Шолпан жұлдызы қай уақытта туады? Таң атып келе жатқанда тағы нені байқауға болады?

Үй тапсырмасын пысықтау: Арайлап атып келе жатқан таң саған қандай әсер береді? Таңғы ауа қандай? Бақылап көр.

Мақсат қою кезеңі. Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Суретпен жұмыс. Суретте не бейнеленген? Атып келе жатқан таң жайлы әңгімеле.

Жаңа сабақ: 1.Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Іштен, жалғастырып оқу. Өлеңде не туралы айтылған? Өлеңнің бірінші шумағында ақын жазғы даланы кімдерге теңейді? Неліктен? (анаға, балаға) Жазғы дала неліктен «кестелі жібек көрпедей». (көкпеңбек жасыл шөппен жайқалған көктемгі гүлдер басқан). Ақын нені көк ала кілемге теңейді? (көк шөп). Ақынның көк шалғынға, гүлдерге «жан бітіріп» суреттеген жолдары қай шумақта және қалай берілген? (соңғы шумақта)

Сергіту сәті.

Жаңа сабақты пысықтау: «Дала» суреті бойынша өз ойын әңгімелеу.Сен тұрған жергілікті жерде қандай далалы жер бар? Ақынның өлеңімен салыстырып айтып көр. Сатылай талдап көрейік.




Дала

1.Авторы-С.Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында туған. Шын аты-Сәдуақас, ата-анасы еркелетіпСәкен атап кеткен. Сәкен сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы болған. Орысша тіл үйреніп, екі жыл зауыт мектебінде оқиды. 1908-13 жылдары Ақмолада приходская школада, одан соң мұғалімдер семинариясында оқиды. 1916 жылы оқиға Сәкенге әсерін береді. С.Сейфуллин 1938 жылы 26 ақпанда өмірден өтті.

2.Тақырып-бұл өлең туындысының іргетасы. Бұл-шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз-белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Тақырыбы-көк шалғынға, гүлдерге жан біітіріп суреттеу.

3.Жанр түрі-поэзия (өлең). Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшем мен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпан ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4.Идеясы-автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат-мүддесін, арманын білдіреді. Ақын даланы көк ала кілемге теңей отырып, табиғаттың әсем құбылыстарын суреттейді.

5.Шумақ-аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 4 шумақты.

6. Тармақ-өлеңнің әр жолы, 16 тармақты.

7.Бунақ-белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі, 2-3 бунақты.

8.Буын саны -сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты, 7.8 буынды.

9.Ұйқас-өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз, әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер үндестігі, кезекті ұйқас.

10.Әдеби-теориялық ұғымдар:

Теңеулер-көрпедей, жас баладай, балаша.

Эпиттер-кең дала, кестелі жібек, көк ала кілем, жасыл шөп, жас иіс, көк шалған.

11. Түсіндірме сөздік

Тамылжып-елжірету, балқыту.

12.Тәрбиелік мәні

Табиғат сұлулығы арқылы туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.

Бекіту кезеңі: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік?Жазғы дала несімен әдемі екен?

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.2.Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал