7


  • Учителю
  • Открытый урок по познание мира на тему 'Өзендер. Көлдер және тоғандар'

Открытый урок по познание мира на тему 'Өзендер. Көлдер және тоғандар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«Бекітемін»

Мектеп директоры

Г.Мусина


Сыныбы: 3 «Ә» Дүниетану 25.12.2012ж


Тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар

Мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға табиғаттағы кездесетін өзен, көлдер,

олардың ерекшеліктері, олардың орналасу ерекшеліктері мен олардың халық шаруашылығындағы маңызы туралы түсінік беру;

2. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдылық қабілеттерін,

ойлау, сөйлеу дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту;

3. Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, алғырлыққа,

ізгілікке, табиғатты аялауға, оның қамқоршысы бола білуге баулу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар, карта

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
ә) сынып тазалығына мән беру;
б) оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, және де бүгінгі күнге бір-біріңе деген тілектеріңді айтып, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабаққа келген қонақтың сұрақтарына жауап беру

  1. Жауын - шашынның түрлері /жаңбыр, қар, бұршақ/

  2. Бұлтты құрайтын су тамшылары жерге не болып түседі? /жаңбыр/

  3. Бұлт, тұман, қара бұлт неден тұрады? /су/

  4. Судын неше күйі болады? /бу, сұйық, қатты/

  5. Арық бар жерде су бар,
    Су бар жерде ну бар. /мағынасын түсіндір/

  6. Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал. /желбағар/

  7. Жан - жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз? /ауа мөлдір және түссіз болып келеді/

  8. Артезиан құдығы дегеніміз қандай құдық? /Егер су оны өткізбейтін екі қабаттың ортасында жатса, онда бұрғыланғанда үлкен қысыммен атқылайды/

  9. Төгілген жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта-ақ

/қар/

  1. Жаңа жылға сыныптастарыңа не тілейсің?


ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: Тақтадағы тапсырмаларды орындау. /электронды оқулықтағы тапсырма/

- Жер асты суы қалай пайда болады?

- Бұлақ қандай жерден шығады?

- Артезиан құдығының кәдімгі құдықтан айырмашылығы неде?

- Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар?


ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Өзендер. Көлдер және тоғандар.


V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Өзен және көл. /электронды оқулық/

Бұлақтан ылдиға қарай аққан суды жылға дейді. Жылғалар бір-бірімен қосылып өзен құрайды. Өзеннің ағып шығатын жері бастауы деп аталады. Жолдан қосылатын өзендер негізгі өзеннің саласы деп аталады. Өзеннің көлге, теңізге барып қосылатын жерін сағасы деп атайды. Құрлық бетіндегі түрлі ойыстарды көлдер алып жатады.


Өзен ағысы қандай жағдайларға байланысты болатындығын анықтаңдар


Қашан да ырысқа толы

Көктемнің келетін жолы

(ағысы баяу өзен)

Келеді алыстан,

Ашулы арыстан.

(ағысы қатты өзен)


Көлдер және тоғандар

Көлдердің көлемі әр түрлі болады. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер тұщы немесе тұзды болуы мүмкін.

Суға тапшы құрғақшылық жерлерде жасанды көл салынады. Жасанды көл шағын өзендерді бөгеу арқылы да жасалады. ол мал суаруға, қолдан балық өсіруге, бау - бақшаға пайдаланылады.


Жұмбақты шешіп көрейік

Ауыл сыртында сайда,

Жатыр үлкен айна (көл)


Сергіту сәті.

Қане, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік.

Ыршып алға түсейік,

Ыршып артқа түсейік.

Көбелекше ұшамыз,

Отырамыз, тұрамыз.

Сергітуге мың алғыс!


VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Суреттерді қарап өзен мен көл арасындағы айырмашылықтарды айқындаңдар


2. Дәптермен жұмыс:

Мұхиттардың аттарын жазу: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды

«Кім тапқыр» ойыны /электронды оқулық/

  1. Ең үлкен мұхит қайсысы? /тынық мұхит/

  2. Ең жылы мұхит қайсысы? /үнді мұхит/

  3. Ен суық мұхит? /солтүстік мұзды мұхит/

  4. Оңтүстік және солтүстік Американы қандай мұхит шайып жатыр? /атланд мұхиты/


- Ал өзіміз қандай теңіздер, көлдер, өзендер жайлы біледі екен біз? /оқушылардың ізденісі/


VІІ Бекіту кезеңі:

Өзен мен тоғанда қандай шаруашылықты өркендетуге болатындығын ойластыр


Арна

Бастау

Сала

Саға


VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Өзен және көл - оқу, мазмұндау. Өз өңіріңде қандай өзен, көлдер бар /шығармашылық ізденіс/Бағалау

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Түрген қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі

2012 - 2013 оқу жылы
















Ашық сабақ

Тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар










Сынып жетекшісі: А.Демесинова

Сыныбы: 3 «Ә»








Түрген ауылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал