7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы : Түйе.Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Сабақтың тақырыбы : Түйе.Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ана тілі 1- сынып



Тақырыбы : Түйе. Дауысты және дауыссыз дыбыстар



Мақсаты : Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту,түйе туралы мағұлмат беру;



Оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын,жазу сауттылығын жетілдіру,ой-өрісін дамыту;



Төрт түлікке қамқорлық сезімін ояту,тәрбиелеу;



Көрнекілік : слайд,қима қағаздар,оқулық



Сабақ түрі : жаңа сабақ



Сабақ әдісі: түсіндіру,сұрақ -жауап



Сабақ барысы : І Ұйымдастыру кезеңі (слайд №1)



а.Оқушы зейінін сабаққа аудару



ә.Психологиялық дайындық



Оң қолымда бес саусақ,



Сол қолымда бес саусақ.



Беске бесті қосқанда,



Болып шықты он саусақ,-деп бүгінгі сабақта тек «5»деген баға алайық.



ІІ Үй тапсырмасын тексеру (слайд №2)



1.Төрт түлікті ата.



2.Мал атасын атаңдар.



3.Төрт түліктің төлдері.



4.Төлді қалай шақырады?



ІІІ Жаңа сабақ (слайд № 3)(Сабақ мақсатын айту)



1. Ой қозғау



-Бота деп қай малдың төлін айтады?



-Түйенің төлін айтады.



-Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.



Мал олардың киімі,тамағы,көлігі. Бір сөзбен айтқанда барлық тіршіләігі,күнтелісі малға байланысты болған.Сондықтан да қазақтар малды жақсы көрген,төлдетуді,күтіп -бағуды көбейтіп,өсіруді ойдағыдай игеріп,отбасын қажетіне қарай пайдаланған.



Түйе -төрт түліктің төресі.Түйені көлік ретінде пайдаланады.Түйе алыс жолдарға өте шыдамды.Көп уақыт су ішпей жүре береді.Оның сүті қою болады.Түйенің сүтінен шұбат жасап ішеді.Түйе қос өрешті жән сыңар өрешті болады.



2.Оқулықпен жұмыс



1. «Түйе» мәтінін оқу (слайд № 4)



2. Сөздікпен жұмыс (слайд № 5)



* Сыңар өркеш -бір ғана өркеші бар



* Шөлге төзімді -су ішпей ұзақ уақыт жүре алады.



3.Мәтінді талдау



1.Төрт түліктің төресі не? (түйе)



2.Түйенің пайдасы бар ма? (тамақ,сусын,көлік,киім)



3.Түйенің қандай түрлері бар?(сыңар өркешті,қос өркешті)



4.Түйенің қандай қасиеті бар?(шөлге төзімді)



5.Төрт түлікке қандай қамқорлық жасайсыңдар?(слайд №6)



ІҮ Сергіту сәті (слайд№7)



Маң-маң басқан маң басқан,



Шудаларын шаң басқан.



Екі өркешін шаң басқан,



Төрт аяғын тең басқан.



Ү Дәптермен жұмыс



1.Көркем жазу



Тт Түйе,бота,түлік



2. 220- жаттығу



1.Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.



2.Қарамен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыстарды тауып астын сызыңдар.



Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды.Жылқы кісінейді.



3.Графикалық диктант (слайд№8)



Түйенің сүті пайдалы. (3) Одан шұбат жасайды.(3)



4. 21 -жаттығу



1.Сөздерді оқыңдар.



2. «Қай мал қайтеді?» деген сұраққа жауап беретін сөйлемдер құраңдар.



*Түйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі.



*Қоздайды ,құлындайды,боталайды,бұзаулайды,лақтайды.



Дыбыстық талдау жаса.



Түйе боталайды.



ҮІ Қорытынды(слайд №9)



Түйе - көлік,тамақ,сусын,киім,шөлге төзімді,нар,боталайды



ҮІІ Бағалау (слайд №10)



ҮІІІ Үйге : 25 бет «Түйе»мәтінді оқу ,мазмұндау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал