7


Ашық сабақ тақырыбы: Құстар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Хлебодаровка орта мектебі



Дүниетану пәнінен ашық сабақтың тақырыбы:



Өткізген: Бегимова.К.Б

2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Құстар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын,мазмұнын түсіндіру.

Жабайы және үй құстары,олардың тіршілігі,күтімі,олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру.

Табиғатты сүюге,құстарға қамқорлық жасап қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау,шығармашылық жұмыс,сергіту сәті,кім білгір ойыны,топпен жұмыс.

Көрнекілігі: оқулық,суреттер.

Жүру барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып,сабаққа қажетті құралдарын тексеру.Сабаққа зейінін,ынтасын аудару.Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау.

II.Психологиялық дайындық: 3-4 жол өлең арқылы

Ой, балалар балалар!

Жылы-жылы жел соқты.

Жылғалардан су ақты,

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті.

Жер қарайды,жаз кепті.

Мұғалім: Балалар қазір қандай мезгіл?

Оқушы: Көктем мезгілі.Дұрыс.

Мұғалім: Қане кім айтады? Көктем мезгіліне қандай айлар жатады?

Оқушы: Наурыз,сәуір,мамыр

Мұғалім: Жақсы олай болатын болса балалар қазір қандай сабақ?

Оқушы: Дүниетану сабағы.

III.Үй тапсырмасын тексеру: 5-6 оқушыдан. Сүтқоректілер туралы.

IV.Қызығушылығын ояту.

I,II,III,IV топ басшылары ашық хат алып,ішіндегі суреттерді тобындағы оқушыларға таратып береді.

Жаз мезгіліне сәйкес қызыл түс ашық хат.

Күз мезгіліне байланысты сары түс.

Қыс мезгіліне ақ түс.

Көктем мезгіліне жасыл түсті ашық хат таңдайды.

1-ші плакатта -үй, қора сурет.

2-ші плакатта-табиғат суреті.Екеуін тақтаға іліп қоямын.

б)-Балалар,бұл суреттерді бір сөзбен қалай айтамыз?

-Құстар.

-Дұрыс айтасыңдар құстарды сендер неге екіге бөлдіңдер. Мыналар қандай құстар?

-Жабайы құстар.

-Ал мыналар ше? -Үй құстары.

2.Сұрақтар қою.

Табиғаттың неше түрі бар?

Тірі табиғатқа нелер жатады?

Құстар қай топқа жатады деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс.Онда балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құстар.Сонымен қатар жабайы дала құстарымен және үй құстарымен танысамыз.

V.Жаңа сабақ түсіндіру.

1.Оқулықпен жұмыс.Әр топтан бір оқушыдан шығып мәтінді тізбектей оқиды.

3.Сергіту сәті: А.Құнанбаевтың табиғат тақырыбына жазған өлеңі "Желсіз түнде жарық ай" хормен айту.(қимыл арқылы)

4.Дәптермен жұмыс: Үй құстарын теріп жазу.

VI.Шығармашылық жұмыс.Әр топ басшысы қағаз таңдап алады.

VII.Қортындылау. Сонымен балалар бүгінгі сабақта біз не үйрендік? Не білдік?

"Кім білгір" ойыны. Сандардың ішінен нөмір таңдап,сұрақтарға жауап береді.

VIII.Бағалау. Үйге тапсырма беру. 114-115 бетті оқу.Жұмбақтар жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал