7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Өө дыбысы мен әрпі.

Ашық сабақ Өө дыбысы мен әрпі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Оқушыларды Ө дыбысы мен әрпімен таныстыру.Ө дыбысының сөздегі орнын ажырату. Сөздерді оқуға жазуға үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойын арқылы дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, топпен топпен жұмыс жасауға, ой-өрісін, тілін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі Жарыс сабақ

Көрнекілігі: Суреттер, презентация

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

ІІ. Өткенді қайталау.

  1. Сұрақ-жауап

  2. Қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Мұғалімнің түсіндірмесі.

2. Текшемен жұмыс

3.Оқулықпен жұмыс

4.Сергіту сәті

5.Дәптермен жұмыс

6. «Орын тап» ойыны

7. Қорытындылау

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Ст: «Топтастыру»

2. «Кім тапқыр?» ойыны

Ү. Қорытындылау.

1.Ст: «Б.Ү.Ү»

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

  • Кәне балалар қазір қай сабақ?

Қазір сауат ашу сабағы

Қуан шаттан алақай!

Қуанатаын келді күн

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз дос болайық

Бәріміз тату болайық

  • Қатар-өатар тізіліп

Қолымызды түсіріп

Түп-түзу боп отырайық.

Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді

І топ ІІ топ ІІІ топ

«Алғырлар» «Тапқырлық» «Білімділер»

І топтың ұраны:

Білімдіге дүние жарық

Білімсіздің күні кәріп.

ІІ топтың ұраны:

Ақыл азбайды, білім тозбайды.

ІІІ топтың

Оқу инемен құдық қазғандай

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, білімді болу үшін жарысамызмына екі себетке сендер ұпайларыңды саламын. Ұпай гүл түрінді болады.

-Балалар, сендер мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Түлкіні

-Балалар, түлкі аңдардың бәрін алдап кеткен екен. Үйіне барайын барайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты.

- Балалар көмкетесеміз ба?

-Иә

Ол үшін аңдардың тапсырмаларын орындау қажет.

ІІ. Өткенді қайталау.

1 «Аң тапшасы арыстантың тапсырмасы»

Жұмбақ

Есепке де кіремін, әріп те боп жүремін. (З)

-Өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?

- Қандай дыбыс?

-Жаңылпаш:

Зауза ұшады зыңылдап

Зымыранша зырылдап.

2 «Жолбарыстың тапсырмасы»

«Буындардан сөз құрау» ойыны









ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Мұғалімнің түсіндірмесі.

3 «Пілдің тапсырмасы»

- Балалар, піл сендерге мына алтын сандықты әкеліпті, сандықтың ішінде не бар екен табу үшін, жұмбақ шешу керек

Өмірде өткен өрікті,

Өмірсерік көріп тұр

Сөйлемде бұл қай әріп

Бірнеше рет келіп тұр. (Ө)

- Қане бәріміз бірге айтайықшы .

- Ө дегенде не естіліп тұр?

- Дыбыс

Аузымызды дөңгелек етіп алға созамыз, тіліміз ашық , тілімізді төмен түсіріп артқа тартамыз.

-Осы дыбыс қалай айтылып тұр?

- Созылып

- Олай болса бұл қандай дыбыс?

- Дауысты.

- Балалар біз пілдің тапсырмасын орындадық енді сандық ашып көрейік онда не бар екен

Экранда сиқырлы әлипби көрсетіледі.

2. Текшемен жұмыс

«Қасқырдың тапсырмасы

Жұмбақ

Көктемде ерте гүлдеймін

Кешігуді білмеймін

Қай жеміс? (өрік)

Өрік сөзін дыбыстық талдау жасау





«Қорбанбай аюдың тапсырмасы»

Жұмбақ

Тұяқпен тас атқылап

Таудан түсті шапқылап (өзен)

Өзен сөзіне дыбыстық талдау жасау





3.Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы сөздерді түсіндіру.



- Көйлек- қыздың киімі

- Көз - көру мүщесі.

- Өнер - сурет салу, ән айту, би билеу өнері бар

- Өмір - адамның өмірі

- Көмір - жаңғыш зат. Онымен үйді жылытады.

- Көрік - әдемі.

- Көлік - көлік әр түрлі болады. Жеңіл көлік, жүк көлігі, адам тасымалдайтын көлік.

- Көмек- көмек беру

- көктем - жыл мезгілі

- Бөдене- ол құс

- Өшіргіш - оқу құралы

- Өрмекші- жәндік.

«Тиіннің тапсырмасы»

Оқулықтағы сөздерді оқу

Мұғалім оқу түсіндіру

Оқыту түрлері:

1) Тізбектеп оқу

2) Жалғастырып оқу

4.Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

5.Дәптермен жұмыс

Тақтаға Ө әрпін қалай жазылуын көрсету

Ауада жазып көрсету

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Әдемі етіп жазайық

6. «Қоянның тапсырмасы».

Мақалды жаттап алайық

Өнер білім бұлағы,

Білім-өнер шырағы.

7. Қорытындылау

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Ойын «Сөз ойла»

Ө дыбысы кездесетін сөздерді ойлату көл, өнер,өмір,көз,өгіз,көлеңке, өлең т.б





2. Ст: «Топтастыру»

«Алма жинау» ойыны.

Ашық сабақ Өө дыбысы мен әрпі.



Ашық сабақ Өө дыбысы мен әрпі.Ашық сабақ Өө дыбысы мен әрпі.













Ү. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау.

1.Ст: «Б.Ү.Ү»



2.Бағалау

Ұпай санына қарай бағалану.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал