7


  • Учителю
  • Математикадан көбейту және бөлу тақырыбында сабақ

Математикадан көбейту және бөлу тақырыбында сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шеңгелді ауылы.

Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу

Пәні: математика

Сыныбы: 3 сынып

Пән мұғалімі: Қайранова Назерке Қайранқызы

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу. 134 * 2, 268:2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларды үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыру.

Дамытушылық:

Есептеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

Зейінділікке, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі суреттер, тартпа қағаздар, сызбалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

  • Балалар бір- біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

  • Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда. Осы жылуды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

  1. Үй тапсырмасы

А) Тірек білімдерін белсендіру. ( әр суреттің артында тапсырмалар жасырылған сол тапсырмаларды оқушылар жеке жеке орындайды )

1. 18-ді 72 - ге арттыр

2. 19 бен 48 сандарының қосындысы

3. азайғышы 62, азайтқышы 27, айрманың мәнін тап.

4. бөлінгіші 36, бөлгіші 12, бөліндінің мәнін тап.

5. Тік төртбұрыштың қабырғалары 7 см және 8 см. Периметрін тап.

III. Жаңа сабақ

Б) Оқулықпен жұмыс.

1 тапсырма оқулықтағы түсіндірмелерге сәйкес орындалады. Тапсырманы оқушылар түсіндіре отырып тақтада орындайды.

№2

1-інші кітапта - 138 бет ( 138 * 2 ) : 3 = 92

2-інші кітапта - ? 2 есе артық

3-нші кітапта - ? 2-інші кітаптан 3 есе кем Жауабы: 92бет

Сергіту сәті: « Оң қолымда бес саусақ »

№ 4

Бос әйнекшелерге тиісті санды қой.

№5

Суреттегі АВСДЕК көпбұрышының периметрін және ауданын тап.

№6

Санды тап.

( 92 - 14 ) : 6 = 13

( 27 + 24 ) :3 = 17

( 16 * 6 ) : 4 = 24

( 96 : 2 ) : 3 = 48

  1. Бекіту

Қосымша тапсырма. Сематикалық карта толтыру.

« Түгендеу » ойыны. Әр оқушыда сандар жазылған карточкалар бар. Мұғалім өрнекті оқиды, қолындағы жауабы бар оқушы ғана жауапты көтереді.

Рефлексия

Балалар карточкалармен жұмыс жасайды.

Жасыл түс - осындай жұмыстар көп болсын, үйренеміз

Сары - ұнады, бірақ бәрі қызықты емес

Қызыл - ұнамады, қызықсыз.

  1. Бағалау.

  2. Үйге: № 3, 7



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал