- Учителю
- Жанұядағы отбасы ерекшелігі 4 сынып
Жанұядағы отбасы ерекшелігі 4 сынып
Орал гуманитарлық-
техникалық колледжі
Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері
</
Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері
Жоспар
1. Психологиялық - педагогикалық кеңес
2. Ата - ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға
3. Жанұядағы тәрбиенің маңыздылығы
Тақырыбы: «Алғашқы ұстаз - ата-ана»
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу
Көрнекілігі:
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - Балапан ұшыру емес», «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле өлгенше соны таныр қиядан», кестелер, т.б.
Сауалнама
Балаңыз балабақшаға барды ма? (неше жастан)
Баланы кім тәрбиелейді?
Жанұяда күн режимі сақталама? (тұруы, жатуы, тамақтануы, демалуы)
Балаңыздың қиналатын жері бар ма? (киіну кезінде, тамақтануда, жуыну кезінде, ұйықтау кезінде).
Балаңыздың сүйіп тыңдайтын ертегісі, әңгімесі, телехабары, тамағы бар ма? (атап көрсетіңіз)
Балаңыз үй жұмысына көмектесе ме және күнделікті қандай міндеттемелері бар?
Жанұяда кімді тыңдайды? (бәрін, әкесін, шешесін, ешкімді)
Жанұяда баланы тәрбиелеуде қандай тәсілдерді қолданасыз? (мадақтау, шара қолдану, сөгу, түсндіру, талдау).
Жанұяда балаға үлкендерден бірдей талап қойыла ма? (рұқсат беру, тыйым салуға)
Балаңызға айтқан уәдені үнемі орындауға тырысасыз ба?
Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты - тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер - жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.
Ата - ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата - аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
Жиналыс барысы: (Ата-аналар үш топқа бөлініп отырады
Кіріспе сөз
Мұғалім: - Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Алғашқы ұстаз - ата - ана» атты жиналысына хош келіпсіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.
І. Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»
ІІ. Баяндама төңірегінде пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтылады.
А) Бала тәрбиесінде кемшілік бар екенін мойындайсыз ба?
Ә) Балаңызға үлгі болатындай бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?
Б) Келешекте балаңыз қандай адам болғанын қалайсыз? т.б.
ІІІ. «Ассоциация» жазу
Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? (үш топқа бірдей)
Әр топтың бір мүшесі қорғайды.
IV. Педагогикалық ойын
1)Кесте толтыру.
(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлау)
V. Педгогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.).
VІ. Сөйлемді аяқтау. «Ой - өрісіңді тексер»
І топ
1) Егер баланы үнемі сынап отырса ............
(оқуға құлқы болмайды)
1) Балаға үнемі күлсе ................................
(бұйығы болып өседі)
2) Баланы қолдап отырса ...........................
(білімге деген ынтасы артады
ІІ топ
1) Баланы қолдап отырса .....................
(өз ісіне сенімді болады)
2) Бала төзімділікте өссе .................................
(адал болып жетіледі)
1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................
(ол адамға сеніммен қарайды)
ІІІ топ
1) Бала кекшілдікте өссе .............................
(ол қатыгез болып өседі)
2) Бала адалдықта өссе ...........................................
(әділ болып жетіледі)
3) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ........................
(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді)
(Әр топтың бір мүшесі оқып береді)
VII. «Сіз қандай ата-анасыз?» Психолог
(өз-өздерін тест арқылы тексеру)
1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.
А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз
Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз
Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.
2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.
А) Сіз ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз
Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.
3. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.
А) Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсін
Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгеншеғ енді онымен ойнаудан бас тартасыз
Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз
4. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.
А) Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресіз
Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз
Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз
5. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.
А) Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.
Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын түсіндіресіз
Б) Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз
6. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.
А) Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз
Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз
7. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады.
А) Бәрін сол қалпында қалдырасыз
Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз
Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек екенін түсіндіресіз.
8. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді
А) Есесін қайтаруға үйретесіз
Ә) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз
9. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайды
А) Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)
Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға
Б) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым саласыз
Жинаған баллды ата -аналар өздері санайды
0 - 18 Сіз балаңызды өзіңіз сүріп жатқан өмірге дайындап, соған ыңғайлап тәрбиелеп жатырсыз. Сіз оның басқа заманның адамы екенін ескермейсіз. Балаңыздың заманында ең бастысы - адамдардың өз-өзіне сенімділігі, шығармашалығы, өкінішке орай сіз ол қасиеттерді көрмейсіз де, дамытпайсыз да. Сіз өмірдің өзгеріп, алға жылжып бара жатқанын көрмейсіз. Сізде ескі көзқарас қалыптасқан.
19 - 35 Сіз балаңыздың келешекте қалай өмір сүретіні туралы әлі де аз ойланасыз. Бірақ та сіз заман талабына сай болу үшін жарасып бағасыз. Тәрбиеде ескі әдіс-тәсілдерді қолданбауға тырысасыз. Кездескен қиындықтарды балаңызға өз бетімен шешуге үйретіп жүрсіз. Оған жеткілікті түрде бостандық бергенсіз, өзіңіз бағындыруға тырыспайсыз. Бірақ әлі де өзіндік өмірге дайындық аз. Сіз балаңыздың өз бетімен ойлауын дамытуды қолға алыңыз, сонда балаңызда әр нәрсеге, жағдайға деген өз көзқарасы қалыптасады.
36 - 50 Сіз балаңыздың мейірімділік пен әділеттілігі басымдырақ,ақыл, ойды, ашық мінезді, жеке пікірді бағалап, өзімшілдікті сөгетін әлемде өмір сүретініне сенесіз.
Толғаныс
«Жанұя типтері»
Әмірлі (авторитарлық)
Демократиялық (егемендік)
Бетімен жіберушілік
Рақымшыл жанұя
Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?... Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің көмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.
Рефлексия парағы
1) Отбасы мүшелері
2) Психологттың
3) Мұғалімнің тағы кім?
2
Жоқ
VIII. Білім сапасын көтерудегі ата - ана рөлі
«Біреулер құдайдан бала тілейді». Ол баланы не қылады?
- Өлсем орнымды бассын, - дейді.
- Артымнан құран оқысын, - дейді
- Қартайғанда асырасын, - дейді.
Осыдан басқа бар ма?
- Сіз қалай ойлайсыз?
- Білімді, жан-жақты тәрбиелі болсын т.б.
- Қандай білім алғанын қалайсыз?
- Сапалы білім
- Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?
Олардың әрқайсысына қандай талаптар қойылады? Талдау
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі - стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский
Қорытынды
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Бастауыш мектеп» журналы № 4 2005 жыл
«Бастауыш сыныпта оқыту» № 2 2008 жыл
«Тәрбие құралы» журнал № 5 2006, 2008, 2007
«Сынып жетекшісі» журнал № 3, № 6 2007 жыл
«Сынып жетекшісі» кітабы С.Ш. Әденбаев