- Учителю
- Конспект воспитательного часа Сыйынар ем Ана деген тәңірге
Конспект воспитательного часа Сыйынар ем Ана деген тәңірге
Тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге»
Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.
Барысы:
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады. Оқитын Әбдіжамиев Арсен.
Ана Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
</<font face="Times New Roman, serif">Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
1 - жүргізуші: Бүкіл адамзатпен жануарлар көңілді көктемнің алғашқы күндеріне қуанышты болады.
2 - жүргізуші: Қар кете бәйшешек шығып, ағаштар бүршік атып, жер көгереді. Бүкіл дүние ұйқыдан оянады.
1 - жүргізуші: Жер - Ананың тоң кеудесі жібіп, Алатаудың қары еріген шақта наурыз айы да келіп жетті.
2 - жүргізуші: Табиғат ояна бастаған наурыз айының алғашқы күнінде жадырап, «Аналар» мерекесіде келіп жетті.
1 - жүргізуші: Кең даланы самал желмен желпіген жайма шуақ наурыз айында «Қыздар» мерекесі келеді.
2 - жүргізуші: Ендеше құрметті асыл әжелер, аналар, аяулы ұстаздар, қыздар бүгінгі «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
2-жүргізуші:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Алтаева Нургул Арыстанғалиқызына береміз.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
«Ана» әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз, - дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.
Қадыр Мырза Әли. Ана Оқитын: Ардана Тілегжан
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
Саят
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Айсұлтан
Анасыздар - Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өзінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
Әлішер
Ана менің сарқылмайтын бұлағым.
Ана менің таусылмайтын жыр - әнім.
Ана сенің мейірімді жүзіңді
Түсімде де жиі көріп тұрамын.
Нұртілек
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Бекнұр
Сіздер - Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер - ана, сіздер - жар, сіздер - қыздар,
Сіздер - жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Жансұлтан
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі - әжем.
2 - жүргізуші:
АНА! АНА! АНА! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау 3 әріптен құралған қасиетті сөздің ішінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.
1 - жүргізуші:
Сезім, махаббат, шапағатты сыйдырып тұрған ананы қадірлемейтін жан барма екен бұл өмірде?
2 - жүргізуші:
Жақсылықтың бәрі күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.
Ән: «Ата - әже» Орындайтындар: Мұханбет Ислам мен Марат Мақсат.
Ерасыл
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан.
Ислам
Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі - жаным деген, сая маған.
Мақсат
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Жанесен
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ анам!
Нұрлы:
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызыңмен!
Нұрсен:
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Бәріңіз де анасын
Біз үшін күн боп жанасын
Құтты болсын мейрамын
Құттықтаймын анашым!
Бекзат:
Анамды бәріңе де үлгі етемін,
Толтырам арулардың гүлге етегін.
Анамның жаны рахат табуы үшін,
Жүрегін жүрегіммен тербетемін.
Қасымда қандай бақыт ана бары,
Бәрі де сол арқылы саналады.
Аналар тұрған жерде бар жақсылық,
Дүниеге бірдей болып таралады.
1-жүргізуші:
Ана! Жалғыз ғана сөз, әйткенмен бұл жалғанда кез келген адам баласына осыдан артық сөз жоқ шығар.
2-жүргізуші: Қасиетті Құран - Кәрімде «Анаңды Меккеге арқалап апарсаң да бір күндік емген сүтіңді де ақтамайсың» делінген.
Ән: «Мама»
1-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
Би: әр ұлттың биі.
2-жүргізуші:
«Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
1-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар - әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды», - деген.
2-жүргізуші:
Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт - аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
1-жүргізуші:
Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерге арнап «Ұстазым» әнін тарту етеміз.
2-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер - демекші, ендігі кезекте «Флешмоб», қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
2-жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
(ең соңында оқушылар ай секілді дөңгеленіп тұрып, алдын ала мұғалімдерге арнап шығарылған 4 жол өлеңдері жазылған ашық хатты оқып, шоқ гүл немесе сыйлықтар ұсынады)
1-жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!