7


  • Учителю
  • Урок по литературному чтению на тему: 'Қамқорлық (Б. Соқпақбаев) ' (3 класс)

Урок по литературному чтению на тему: 'Қамқорлық (Б. Соқпақбаев) ' (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: «Қамқорлық» Б.Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты: Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру,мәтіннің негізгі идеясын ашу,оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:

1.Оқушының ойлау қабілеті мен есте сақтауын өз беттерінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
2.Ізденімпаздыққа,тапқырлыққа, табиғатты қорғап аялауға баулу.

3.Ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс жасауға, пікір алмасуға тәрбиелеу
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауаптар , топтық жұмыс, «Кубизм» стратегиясы,т.б.
Сабақтың құрал-жабдығы: интерактивті тақта, оқулық

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық (әуен қосылады)

-Балалар, көзімізді жұмайық, өзімізді керемет табиғат аясында жүрміз деп сезінейік.Айнала қандай әсем, әдемі, жап-жасыл.Жан-жануарлар, өсімдіктер әлемін көз алдымызға елестетейік.Қандай сұлу табиғат! (әуен тоқтатылады)

-Көзімізді ашайық.Осы табиғаттан қандай әсер алсаңдар, сондай әсермен сабағымызға кірісейік.

-Балалар, біз бүгін 3 топ болып жұмыс жасаймыз.

-Менің қолымда қандай фигура бар?

-Бұл фигураның неше жағы бар?

-Ендеше текшенің 6 жағы болатын болса, біз де бүгін 6 бөлім бойынша жұмыс жасаймыз:

1-жақ. Талда! 2-жақ. Сахнала

3-жақ. Дәлелде! 4-жақ. Ойлан!

5-жақ.Салыстыр!

6-жақ.Қорытындыла!

1-жақ.Талда.

Үй тапсырмасын талдау.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-«Көжек» ертегісін қандай жанрға жатқызамыз? (халық ауыз әдебиеті)

-Неліктен халық ауыз әдебиеті жанрына жатқызамыз?

2-жақ.Сахнала ( 4топ ертегіні сахналайды)

1-топ. Шаруаның көжекті тауып алуы.

2-топ.Көжекті үйіне алып келуі.

3-топ. Көжектің балалардан қорқуы.

4-топ.Шаруа мен көжектің соңғы сөзі.

3-жақ. Дәлелде ( 4 топ сұрақтарға жауап береді және жауаптарын дәлелдейді)

  1. Ертегі ұнады ма? Ұнаса, несімен ұнады?

  2. Көжекке кездессең, сен не істер едің? Өз әрекетіңді дәлелде.

  3. Көжектің сөзі дұрыс па, әлде бұрыс па? Неліктен солай есептейсің?

  4. Туған жер туралы мақал-мәтел айт.

4-жақ. Ойлан. Жаңа тақырып.

-1924 жылы 13 қазанда Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген.Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында қызмет атқарған. «Дала жұлдызы», «Балалық шаққа саяхат», «Алыстағы ауылда», «Менің атым Қожа» және т.б. шығарамаларды жазған. «Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды»

-Әрине,бұл жазушы-Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым Қожа» повесі орыс,украин,француз,литва, латыш,өзбек тілдеріне аударылған.

-Біз сендермен Б.Соқпақбаевтың қандай әңгімесімен танысып едік? («Сен ұйықтап жатқанда»)

-Бүгін біз Б.Соқпақбаевтің «Қамқорлық» деген әңгімесімен танысамыз.

-Балалар, сендер қамқорлық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ассосация (балалар өздері жазады)

Қамқорлық

Сергіту сәті

Әңгіменің мазмұнын түсіндіре отырып, тізбектей оқыту.

Сөздік жұмыс.

бейқам-алаңсыз

шарбақ-ағаштан жасалған қоршау

жан далбаса-жан ұшыра немес есі кетіп

әккі-дәніккен

зақпы-балалардың ойнауына арналған ату құралы

дуал-қоршау

безбүйрек -тас жүрек

-Әңгіме сендерге ұнады ма?

-Неліктен әңгіме «Қамқорлық» деп аталады?

-Мәтіндегі ұнамды , ұнамсыз кейіпкерлер кімдер?

5-жақ.Салыстыр.Ж.Аймауытов пен Б.Соқпақбаевтың шығармаларын салыстыру

Ж.Аймауытовтың әңгімесі қалай аталады?


Б.Соқпақбаевтың әңгімесі қалай аталады?

«Торғай» әңгімесіндегі торғай неден қорықты?


«Қамқорлық» әңгімесіндегі торғай неден қорықты?

Ж.Аймауытовтың әңгімесіндегі торғайға ара түскен кім?

Б.Соқпақбаевтың әңгімесіндегі торғайға ара түскен кім?


6-жақ.Қорытындыла.

  1. Жантас пен Қожаға мінездеме беру.

  2. Мәтінді әрі қарай жалғастыр

  3. Торғай туралы өлең шығару

  4. Жантас пен Қожаға хат жазу

Үйге тапсырма: «Қамқорлық» әңгімесін т.сініп оқу,мазмұндау, мәтін бойынша сұрақтар дайындау, қомқорлыққа байланысты мақалдар жинақтау. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал