- Учителю
- ӘДебиеттік оқу 4-сынып 'Аққу, шортан һәм шаян'
ӘДебиеттік оқу 4-сынып 'Аққу, шортан һәм шаян'
Әдебиетік оқу 4 сынып
Өтілген күні: 1-сабақ
Тақырыбы: Аққу, шортан, һәм шаян
Сілтеме: жоспар.
Мақсаты:
Мысал өлеңді мәнерлеп оқиды, шығармашылық жұмыс жасау арқылы өлеңнің мағынасын ашады.
Күтілетін нәтиже: мысал өлеңді мәнерлеп оқып, шығармашылық жұмыс жасау арқылы өлеңдегі негізгі ойды меңгерді.
Сабақтың әдісі: көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, кері байланыс.
Сабақтың көрнекілігі: жетон, жіп, маркер, флипчарт, ши.
Дереккөз: ғаламтор, оқулық, оқыту әдістемесі,
Сабақ барысы:
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Қызығушылығын ояту
5 мин
Тренинг «Шаңырақ»
Оқушылардың сұқ саусағына жіп байлай отырып, өздерінің тату екенін дәлелдейді.
Оқушылар тренингке қатысады.
Мағынаны тану
20 мин
Ән: «Халқым» ноутбуктен тыңдату.
Өлеңді мәнерлеп мұғалім оқиды.
Үстел үстіндегі тапсырма жазылып қойылған түрлі-түсті жетондарды оқушылар алады.
Қызыл жетон -сурет салу Көк жетон-мақал-мәтел жазу Сары жетон-эссе жазу
Жоба қорғау.
Оқушылар әнді тыңдай отырып, сабақ тақырыбының негізгі ойын өздері айта отырып, анықтайды.
Оқушылар тыңдайды, талқылайды.
жетондағы тапсырмаларды орындайды.
Әр оқушы өз жобаларын қорғайды.
Ой толғаныс
10 мин
«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді»
Оқушылар дәлелдейді.
Бағалау
2 мин
Сабақ барысында формативті бағалауды қолдану. Өзін-өзі бағалау. «Басбармақ»
Өз білімдерін басбармақ арқылы көрсетеді.
Рефлексия (кері байланыс)
2 мин
« Екі жұлдыз, бір тілек»
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтады.
Үйге тапсырма
1 мин
А.Байтұрсынов және И.Крылов жайлы мәлімет жинау. 1-топ: аққу; 2-топ: шортан; 3-топ: шаян тақырыптарында альбом жасау.