- Учителю
- Қазақ тілі В дыбысы
Қазақ тілі В дыбысы
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Щучинск қаласы
№7 мектеп-лицейі
Сынып: 3 «Ә»
Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: В дыбысы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: В дыбысының айтылу ерекшелігін байқату, в дыбысы бар
сөздердің орыс тілінен енгендігін аңғарту, в әріпі бар сөздердің
мағынасын түсіндіріп, оларды дұрыс жазуға үйрету
2) Дамытушылығы: Сөздік қорын арттыру, в әрпі бар сөздерді дұрыс
айтуға және қатесіз жазуға машықтандыру
3) Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, ұйымшылдық пен
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу
Көрнекілігі: суреттер, үнтаспа
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Қызығушылығын ояту.
Үнтаспадан вокзал маңындағы дыбыстарды тыңдайды.
-Бұл қай жер деп ойлайсыңдар?
-Мұндай дыбыстарды қай жерден естуге болады?
-Дұрыс, вокзал. Вокзалдан қандай көлік түрлерін көруге болады?
-Кез-келген көліктер. (Автобус, трамвай, велосипедтің суреті көрсетіледі)
-Осы сөздердің бәрінде қандай дыбыс кездеседі?
-В дыбысы. Ендеше, біз бүгін В дыбысының ерекшелігімен танысамыз.
-В -қандай дыбыс? В- ұяң, дауыссыз дыбыс.
- Бұл аталған сөздердің бәріде қай тілден енгенін білеміз
бе?
- Орыс тілден енген екен.
- Сендер биылдан бастап орыс тілін өтіп жатырсыңдар , алдағы
уақытта көптеген жаңа сөздермен танысатын боласыңдар.
- Енді В әрпінің сөз ішіндегі орнын анықтайықшы.
- Мысалы: Локомотив - сөз соңында
волейбол, вокзал, вагон - сөздің басында,
автобус, паровоз - сөздің ортасында келіп тұр.
- Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?
- Ережені оқыту. Сөздің барлық буынында кездеседі.
ІІІ.Көркем жазу. - Ал енді балалар мен тақтада сендерге «В» әрпінің бас, кіші әрпін және сөздерді жазамын. Сендер соны дәптерлеріңе жазып шығыңдар.
ІҮ.Оқулықпен жұмыс
-Оқулығымызды ашып, 1-жаттығуға назар аударайық.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, в дыбысы кездесетін сөздердің астын сыз. В дыбысы сөздердің қай буындарында кездеседі? В дыбысы кездесетін сөздерді хормен қайталау.
Локомотив- рельсті жолдармен пойызды немесе жеке вагондарды қозғалтуға арналған машина.
Паровоз-локомотив сияқты, оған да вагондар тіркеледі.
Жаңа Гвинея-Тынық мұхитындағы арал. Көлемі жағынан дүние жүзінде Гренландиядан кейін екінші орын алады.
2-жаттығу. Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқы. Б мен в дыбыстарының айтылуындағы ерекшелікке көңіл бөл. Б мен в қандай дауыссыз дыбыстар?
Бірінші қатардағы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
Ү.Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу
1. Бір - бір қорап үйлер тіркесіп,
Қос сүйреумен әрі бері жүр көшіп.
(вагон)
2. «Хош келдіңіз» - ұраны,
Бір сөнбейді шырағы.
Жұрттың бәрін қарсы алып,
Шығарып салып тұрады.
(Вокзал)
3.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
4.Теуіп-теуіп қалдым,
Алысқа ұзап бардым.( Велосипед)
3-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрап жаз. Керекті сөздер: Ваня, базардан, иті Сивка, сатып алды, ескерту жасады, жол ережесі.
В әрпі кездесетін сөздердің астын сыз.
5-жаттығу. Мәтінді оқы. В дыбысы бар сөздердің айтылуы мен жазылуында қандай ерекшелік бар? Волейбол ойынын ойнап көрдің бе?
ҮІ.Сабақты қорытындылау.
-В дыбысы қандай дыбыс?
-В дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?
-В дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтір.
Үйге: 22 бет, 4-жаттығу. Ереже жаттау.
ҮІІ.Бағалау.