- Учителю
- Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары: М.Төрежанов «Сақшылар»
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары: М.Төрежанов «Сақшылар»
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: М.Төрежанов «Сақшылар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға құстар жайлы қызықты мәліметтер беріп, «Сақшылар» әңгімесінің мазмұнын түсіндіріп, тақырыпты ашу.
Дамытушылық: іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасай отырып,оқуға,жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: патриоттық, отаншылдық тәрбие беру, эстетикалық, экологиялық көзқарасының қалыптасуына әсер ету, құстарға қамқор болуға, құс ұясын бұзбауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Психологиялық дайындық.
Ал, қанекей, балалар
Бері қарай қарайық
Қажет, құрал, кітапты
Алдымызға алайық
Алаңдамай басқаға
Сабаққа назар салайық.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
-Өлең жолдарында қандай таулардың аттары кездескен?
-Өзің қандай тауларды білесің?
-Ақын Қазақстан тауларын қалай суреттеген?
Оқушылардан «Қазақстан таулары» өлеңін жатқа сұрау.
ІІІ.Жаңа сабақ:
-Балалар бүгін біз Мәдіхат Төрежановтың «Сақшылар» атты әңгімесімен танысамыз.
-Сақшы дегеніміз кім?
Оқулықпен жұмыс
-Өзім бірінші оқып, түсіндіріп беремін
-Тізбектеп оқыту
-Мтәнді оқығанда өздерің үшін жаңалық болған не?
-Таңдандырған не?
-Құстардың сақшыларының әрекетіне баға бер. Олардың жақсы қасиеттеріне, әрекеттеріне теңеу сөздер тауып жаз.
Бейнебаян көрсету.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
1,2,3 қарлығаш боп ұшамыз.
Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Жүгірді, секірді.
Орнына келіп отыршы.
Дәптермен жұмыс:
-Күнді, тақырыпты жаздыру
Сөздік.
-Құс сақшысына арнап «бес жолды өлең» жазыңдар.
ІV.Қорытынды:
-Сақы дегеніміз кім?
-Біз бүгін не туралы өттік?
-Қандай құстарды білесің?
-Әлемдегі ең әдемі құстар туралы не білдік?
Оқушылардың ойын тыңдау.
V.Үйге тапсырма: 71 бет «Сақшылар» әңгімесін түсініп оқу.
«Құстар» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
VІ.Бағалау: сабақ айтқан және сабаққа белсене қатысқан оқушыларды тиісінше бағалау.
Мұғалім :