- Учителю
- Оқымысты бала. М. Дулатов /әдебиеттік оқу, 2 сынып/
Оқымысты бала. М. Дулатов /әдебиеттік оқу, 2 сынып/
№5 Тақырыбы: Оқымысты бала.М.Дулатов
Мақсаты: М.Дулатовтың «Оқымысты бала»әңгімесімен таныстыру,
негізгі ойды ұғындыру,түсініп дұрыс
оқуға машықтандыру.Тіл байлықтарын,сөздік қорын дамыту.
Оқушының сабаққа деген
қызығушылығын арттыру,мазмұнын игере,
біліктілігін арттыра түсуге көмек беру
Көрнекілігі:суреттер,кітаптар көрмесі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үй тапсырмасын тексеру
«Кітап»өлеңін мәнерлеп оқу
Сұрақ-жауап
-Кітап оқу туралы ақын өз ойын қалай жеткізді?
-Ақынның «кітап оқу адамға әкеледі жақсылық»дегені -қандай жақсылық?
-Өлеңде кітаптың тағы қандай пайдасы туралы жазылған?
М.Дулатов(1885-1935)
Қостанай ақын «Оян,қазақ»кітабын
Өңірінде туған жазушы жазған
2.Мағынаны тану.
М.Дулатов.«Оқымысты бала» мәтінін түсініп оқу
-Оқиға жылдың қай мезгілінде болған?
-Мәтіндегі баланың сөзінен не байқадың?
3.Мәтінді тізбектей оқу
Сұрақ-жауап:
-
Бала,шынымен,тырнауышты ұмытуы,танымауы мүмкін бе?
-
Дәлелде:
1)Жұмыс істегісі келмегендіктен,өтірік ұмытты.
2)Қалада көп жүріп,өз тілін ұмытты.
3)Тырнауыш оның ұмытқанын есіне түсірді.
4.Сабақты қорытындылау
Дәптеріңе «Тырнауыштың балаға ақылы»деп бір-екі сөйлемнен балаға ескерту жаз.
5.Үйге тапсырма
9-10 бет,мәтінді оқып ,мазмұнын айту
6.Бағалау
№6 Тақырыбы: Он саусақ.Ш.Смаханұлы
Мақсаты: М.Дулатовтың Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу
Арқылы жатқа айту,есте сақтау әдіс-тәсілдерін үйрету.
Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге
мүмкіндік беру. Оқушының сабаққа деген
қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі:суреттер,кітаптар көрмесі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үй тапсырмасын тексеру
М.Дулатов.«Оқымысты бала» мәтінін түсініп оқу
-Оқиға жылдың қай мезгілінде болған?
-Мәтіндегі баланың сөзінен не байқадың?
Сұрақ-жауап:
-
Бала,шынымен,тырнауышты ұмытуы,танымауы мүмкін бе?
-
Дәлелде:
1)Жұмыс істегісі келмегендіктен,өтірік ұмытты.
2)Қалада көп жүріп,өз тілін ұмытты.
3)Тырнауыш оның ұмытқанын есіне түсірді.
2.Қызығушылықты ояту.
1-ші сыныпта жаттаған сергіту жаттығуларды еске түсіру
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды...
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ,жол салсақ.
3.Мағынаны тану
Өлеңді шумақтармен мәнерлеп оқу.
-Өлеңде қандай еңбек түрлері аталған?
-Адамның саусақтарынсыз істелетін жұмыс түрлері болуы мүмкін бе?
-Сен өз саусақтарың арқылы қандай еңбек түрлерін жасайсың?
4.Сабақты қорытындылау
-Он саусақтың қандай пайдасы туралы білдің?
5.Үйге тапсырма
10 -11бет,Өлеңді оқу,ұнаған шұмақтарын жаттау
6.Бағалау
№7 Тақырыбы: Өнердің құны.(ертегі)
Мақсаты: Әңгімені оқу,мазмұнын түсіну.Мәтін мазмұнын
түсінгенін дәлелдеу мақсатындағы жұмыстар
арқылы ауызша әңгімелеу дағдысын дамыту.
Қазақтың қолөнерін бағалауға,өнерге қызығушылық-
тары мен ынталарының ашылуына жағдай жасау.
Көрнекілігі:суреттер,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үй тапсырмасын тексеру
«Он саусақ»өлеңді шумақтармен мәнерлеп оқу.
-Өлеңде қандай еңбек түрлері аталған?
-Адамның саусақтарынсыз істелетін жұмыс түрлері болуы мүмкін бе?
-Сен өз саусақтарың арқылы қандай еңбек түрлерін жасайсың?
2.Қызығушылықты ояту.
«Өнер» сөзіне топтастыру құру
Өнер
Ән салу билеу тігу тоқу аспаптарда ойнау
3.Мағынаны тану.
Мәтінді түсініп оқу
Мәтінді бөліктерге бөлу
1.Патша ұлының ғашық болуы.
2.Қойшы қызының жауабы
3.Патша ұлының тұтқынға түсуі
4.Ризашылық
Сұрақ-жауап
-Қойшының қызы өнерді неліктен сонша бағалады?
-Патшаның ұлына өнердің пайдасы қалай тиді?
-өмірде патшаның да қателесетінін қалай байқадың?
4.Сөздік жұмыс
Қарақшылар бекеті-тонаушылардың жасырынатын орны.
Зындан-жерден қазып жасалған қамақ.
5.Ойтолғау
Кестемен жұмыс
р/с
Оқиға желісі
Оқиғаның дамуы
1
Патша ұлының
ғашық болуы
Патша ұлы кедей
қойшының қызына ғашық болып,әкесінен үйленуге рұқсат сұрайды.Әкесі уәзірін құда түсіруге жібереді.
6.Сабақты қорытындылау
7.Үйге тапсырма11-13бет оқу,мазмұнын айту. 8.Бағалау
№8 Тақырыбы: Құлық.Нұрғали Ораз.
Мақсаты: Мәтін мазмұнын тарау тақырыбымен
байланыстыра отырып түсіну.Кейіпкер басынан өткен
оқиғаны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік жасап,
мәтін идеясын ашу.Өз-өзіне сын көзімен
қарауға дағдыландыру
Көрнекілігі:суреттер,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үй тапсырмасын тексеру
Мәтінді түсініп оқу
Мәтінді бөліктерге бөлу
1.Патша ұлының ғашық болуы.
2.Қойшы қызының жауабы
3.Патша ұлының тұтқынға түсуі
4.Ризашылық
Сұрақ-жауап
-Қойшының қызы өнерді неліктен сонша бағалады?
-Патшаның ұлына өнердің пайдасы қалай тиді?
-өмірде патшаның да қателесетінін қалай байқадың?
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
3.Мағынаны тану.
Тақырыппен,автормен таныстыру.
Мәтінді«Бүгін Ерлан бақылау жұмысынын ....» деп басталатын
сөйлемге дейін оқып,мазмұнын түсіну.
Сұрақ-жауап:
-Ерлан неліктен есеп шығара алмайды?Өз жағдайында осындай
Мәселе бола ма?Салыстыр.Ерланды қорғауға дайындал.
-Ал ағасы оған не айтады?Оның сөзінен не байқадың?
-Мәтіннің осы бөлімін қалай атар едің?
1.(Бөлімнің аты:Еңбексіз шыққан есеп)
Мәтінді аяғына дейін оқу.
Осы бөлімдегі өкінішті,ұятты жағдайларды анықтау.
Кестені толтыру.
Өкініш
Ұят
Кімнен ,неден ұят?
Жасырғаны
Өтірігі
2.(Бөлімнің аты:Есептен де қиын қулық)
4.Ойтолғау.Жоспар бойынша жұмыс
А)Еңбексіз шыққан есеп.
Ә)Есептен де қиын қулық.Өтірік өрге баспайды.
Б)Өкініш
5.Сабақты қорытындылау
«Екілікті» тығып қою арқылы мәселені шешуге бола ма?
6.Үйге тапсырма14-15бет оқу,мазмұнын айту. 7.Бағалау
№9 Тақырыбы: Құстар қайтты.Тұманбай Молдағалиев.
Мақсаты :Өлең мазмұнын жан-жақты талдау арқылы
Оқушыға білетіндері мен білмейтіндерінің
болатыны жайында ой қозғау.Жыл мезгілдерінің
ерекшіліктеріне тоқтала келіп,жыл құстары мен отырықшы
құстар туралы мәлімет беру арқылы білмдерін
толықтыру.Құстарды аялау сезімдерін дамыту.
Көрнекілігі:құстардың суреттері,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үй тапсырмасын тексеру
Мәтінді мәнерлеп,түсініп оқу
Сұрақ-жауап:
-Ерлан неліктен есеп шығара алмайды?Өз жағдайында осындай
Мәселе бола ма?Салыстыр.Ерланды қорғауға дайындал.
-Ал ағасы оған не айтады?Оның сөзінен не байқадың?
Жоспар бойынша мәтіннін мазмұнын айт
А)Еңбексіз шыққан есеп.
Ә)Есептен де қиын қулық.Өтірік өрге баспайды.
Б)Өкініш
2.Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау
3.Қызығушылыты ояту
Адасқан әріптерді орнына қою арқылы құс атауларын тап
Қ
А
Б
К
І
Д
К
Л
Р
Ү
Р
Т
Е
І
Ы
Ғ
Қ
А
Е
Г
Л
Ш
А
И
З
Л
К
І
Қ
О
Қ
К
Е
Е
К
Қарлығаш,бүркіт,дегелек,кекілік,қоқиқаз
-Тағы қандай құстардың атауын білесіңдер?
4.Мағынаны тану
Өлеңді түсініп,мәнерлеп,тізбектеп оқу.
-Құстардың жылы жаққа ұшып кетулерінің басты себебі неде?
-Олар жолда қандай қиыншылықтарға тап болуы мүмкін?
5.Сабақты қорытындылау
Өлеңдегі ақынның уайым мен алаңдау,қуаныш,сағыныш,мейірім
Сезімдерін қай шумақтардан байқауға болады?
-Өлеңнен ізде,оқып бер.
6.Үйге тапсырма 16 бет оқу,Сұрақтарға жауап беру
7.Бағалау
№10 Тақырыбы: Қысқа бәрі дайын ба?М.Зверев.
Мақсаты : Айнала қоршаған орта табиғатын өмірмен байланыстыра
түсінуге мүмкіндік жасау.Автормен таныстыру,бұрын
байқамаған,білмеген табиғат тылсымдары туралы
ойлануға мүмкіндік беру.Табиғатты аялау,
бағалау, оның әсемдігін сезінуге негіз жасау.
Көрнекілігі:құстардың суреттері,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үй тапсырмасын тексеру
Өлеңді түсініп,мәнерлеп,тізбектеп оқу.
-Құстардың жылы жаққа ұшып кетулерінің басты себебі неде?
-Олар жолда қандай қиыншылықтарға тап болуы мүмкін?
Өлеңдегі ақынның уайым мен алаңдау,қуаныш,сағыныш,мейірім
Сезімдерін қай шумақтардан байқауға болады?
-Өлеңнен ізде,оқып бер.
2.Қызығушылықты ояту
-Балалар ,қазір жылдың қай маусымы?
(күз,қыс,көктем,жаз)
Топпен жұмыс
1-топ.«Күз»Табиғатта байқалған өзгерістерді сипаттау.
2-топ.«Қыс»Адамның қысқа дайындығы.
3-топ «Көктем»Қыс маусымына хат жазады,яғни көктем ретінде Қысқа не айтар еді?
4-топ.«Жаз»құстардың өмірінен не байқадыңдар?
3.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
4.Мағынаны тану
Тақырыппен,автормен таныстыру.
А)Мәтінді «Сен неғып әлі бұта тасалап ...»деп басталатын сөйлемге дейін оқып,мазмұнын түсіну.
-Жазушы қарғалар өмірі туралы не біледі екен?
-Қарғалар жыл құсы бола ала ма?
-Қарғалар қысқа дайындала ма екен?
Ә)«Уһ,жеттік-ау,әйтеуір...»деп басталатын сөйлемге дейін оқу.
-Шымшық қандай құс екен?
-Шымшықтың өмірі туралы қандай шындық білдік?
Б)Мәтінді аяғына дейін оқу.
-Терістік бұлбұлы дегенді қалай түсінесіңдер?
-Құстар неліктен әрі-бері ұшып,қиын жолдарды бастарынан өткізеді?
5.Сабақты қорытындылау
Құстардың туған жерге деген сезімдері туралы не айтылған?
6.Үйге тапсырма 17-18бет оқу, «Біздің ауыл құстары»атты зерттеу жұмысы
7.Бағалау
№11 Тақырыбы: Намыс.Бағдат Мәжітов.
Мақсаты : Мәтін мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру.
Мәтін мазмұнын түсінгендерін сұрақтар мен
тапсырмаларды орындау нәтижелері арқылы байқау
Оқушылардың өз ойларын қорытындылай білуіне
жағдай жасау.Тіл белсенділігін арттыру,есте сақтау
қабілеттері мен оқу және жазу мәдениеттерін дамыту.
Көрнекілігі:сюжетті суреттері,Тіл заңынан үзінді.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үй тапсырмасын тексеру
Тақырыппен,автормен таныстыру.
Мәтінді оқып,мазмұнын түсіну.
-Жазушы қарғалар өмірі туралы не біледі екен?
-Қарғалар жыл құсы бола ала ма?
-Қарғалар қысқа дайындала ма екен?
-Шымшық қандай құс екен?
-Шымшықтың өмірі туралы қандай шындық білдік?
-Терістік бұлбұлы дегенді қалай түсінесіңдер?
-Құстар неліктен әрі-бері ұшып,қиын жолдарды бастарынан өткізеді?
2.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
-Қай тілде сөйлегенді ұнатасың?
-Қандай тілдерді үйренгің келеді?
Сен өзіңді намысшылмын деп санайсың ба?
3.Мағынаны тану
Мәтінді толық оқу.
-Қалай ойлайсың,басқа тілді оқу арқылы тез үйренуге бола ма,
әлде сөйлесу арқылы тез үйренуге бола ма?
4.Сөздік жұмыс
Дәріс-сабақ
Дән риза-өте риза
Шүйіркелесу-әңгімелесу
-Абзал мен Мұрат неше тіл біледі деп ойлайсың?
-Абзалдың ағасының маңдайы неліктен тершіді?
-Сен Америкалықтарға қандай жауап берер едің?
-Олар айтқан«кейбір қазақтарға»ұқсас адамдарды кездестірдің бе?
5.Сабақты қорытындылау
Мәтіннің «Намыс»деп аталуының себебі неде екен?
6.Үйге тапсырма 19-20бет оқу.
7.Бағалау
№12 Тақырыбы: Айға аттанам,апа!Шона Смаханұлы.
Мақсаты Өлең авторымен таныстыру, өлеңді оқи отырып,
идеясын тақырыбымен байланыстыра ашуға мүмкіндік
беру.Өлең кейіпкерінің қиял-арманын оқи отырып,
шығармашылық қабілетін шыңдау.
Достықты қадірлеу,адам баласын жақсы көру,
жақсылыққа қызмет етудің не екенін
ажыратуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:кесте
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үй тапсырмасын тексеру
Мәтінді толық оқу.
-Қалай ойлайсың,басқа тілді оқу арқылы тез үйренуге бола ма,
әлде сөйлесу арқылы тез үйренуге бола ма?
-Абзал мен Мұрат неше тіл біледі деп ойлайсың?
-Абзалдың ағасының маңдайы неліктен тершіді?
-Сен Америкалықтарға қандай жауап берер едің?
-Олар айтқан«кейбір қазақтарға»ұқсас адамдарды кездестірдің бе?
2.Қызығушылықты ояту
-Сен қиялмен алыс ғаламшарға (планетаға) ұшар болсаң,қандай мақсатпен барар едің?
-Өзіңмен бірге кімді ,нені ала кетер едің?
-Онда барғанда кімді сағынасың?
3.Сабақтың мақсаты мен тақырыпты хабарлау
Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқу.
-Өлең кімнің атынан айтылып тұр?
-Бала Айға кетерде апасын қалай жұбатты?
-Ол Айға барып қандай жақсылық жасамақшы?
5.Сабақты қорытындылау
Кестемен жұмыс
Мақсат
«...Әкетемін»
«Сағынамын»
-Өз ойыңды дәлелде:
Айға баратын адамға ең алдымен:
А)білім ғана керек
Ә)Жолына азық,ұялы телефон керек;
Б)Денсаулық және білім,бірнеше тіл білу керек
6.Үйге тапсырма 19-20бет оқу.
7.Бағалау
№13.Тақырыбы: Көшедегі сабақ.Қаржау Омарұлы
Мақсаты :Мәтін мазмұнын түсіну,шығарма жазу туралы
алғашқы түсінік беру. Оқушыларды талдауға,
талқылауға және қорытынды жасауға баулу.
Тақырыптың мазмұнын өздері ашуға мүмкіндік беру.
Өзгелерді тыңдай білуге ,тиянақтылыққа,ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Жолда жүру ережесіне»байланысты сюжетті суреттер,
Көлік түрлерінің суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үй тапсырмасын тексеру
Өлеңді толық ,мәнерлеп оқу.
-Өлең кімнің атынан айтылып тұр?
-Бала Айға кетерде апасын қалай жұбатты?
-Ол Айға барып қандай жақсылық жасамақшы?
2.Қызығушылықты ояту
Жұмбақтарға жауап бер:
А)Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.(Бағдаршам)
Ә)Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам.(МАИ қызметкері)
3.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
Шығарма,мазмұндама жазу туралы түсінік беру:
Мазмұндама-мәтін мазмұнын жазып беру.
Шығарма-берілген тақырып бойынша өз ойыңды жүйелі,дұрыс жеткізу.
4.Мағынаны тану
Мәтінді оқу.
Сұрақ-жауап
-Исатай мен оның ағасы көшеде қандай адамдарды көрді?
-Исатайға жолдан өту ережесін айтып түсіндірген пайдалы ма,
Әлде көшеден көрсетіп түсіндірген пайдалы болды ма?
-Шыдамсыздық деген не?
-Өзің жолда жүру ережесін қалай үйрендің?
5.Сабақты қорытындылау
Мына мақал мен мәтіннің қандай байланысы бар деп ойлайсың?
Салақ бала сасқалақ,
Ұқыпты бала басқарақ.
6.Үйге тапсырма 22-23 бет оқу.
7.Бағалау
№14.Тақырыбы: Кім күшті (ертегі)
Мақсаты : Ертегінің басты идеясы арқылы,көркем сөздері
туралы мағлұмат беріп,сөйлеу тілінде атқаратын
қызметін байқау.Тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу,
халықтың мақалдарын үлгі-өнеге ету арқылы бойларына
жақсы әдеттерді сіңіруге бейімдеу.
Көрнекілігі:ертегідегі басты кейіпкерлердің суреті,нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үй тапсырмасын тексеру
Шығарма,мазмұндама жазу туралы не білеміз?
Мазмұндама-мәтін мазмұнын жазып беру.
Шығарма-берілген тақырып бойынша өз ойыңды жүйелі,дұрыс жеткізу.
Мәтінді оқу.
Сұрақ-жауап
-Исатай мен оның ағасы көшеде қандай адамдарды көрді?
-Исатайға жолдан өту ережесін айтып түсіндірген пайдалы ма,
Әлде көшеден көрсетіп түсіндірген пайдалы болды ма?
-Шыдамсыздық деген не?
-Өзің жолда жүру ережесін қалай үйрендің?
2.Қызығушылықты ояту
-Бүгінгі сабағымызды жан-жануарлар әлеміне саяхаттан бастайық.
-Жабайы жануарларды ата?
3.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау
4.Мағынаны тану
Ертегіні оқу.
«Күшті»сөзінің синонимын тап.
Күшті-мықты,білекті,қауқарлы,белді,қажырлы,әлеуетті,құдіретті.
-Ал адамдардың арасындағы күштілікті сен қалай анықтар едің?
-Ол мүмкін бе?
-Кейіпкерлердің біреуін таңдап,олардың әрекеттерін мінез-құлқымен салыстыр?
5.Сабақты қорытындылау
-Ормандағы күштілердің күштісі кім еді?
-Арыстаннан кішірек,әлсіз көрінетін адам қалай күшті болып шықты?
Ол арыстанмен айқасса ,жеңе алар ма еді?
-Адамның күштілігі тағы қандай кереметтер арқылы дәлелдеуге болады?
Адам мен арыстанды салыстыр.
Адам Арыстан
Ақылды Мақтаншақ
Күшті Жыртқыш аң
Мейірімді
Білімді
6.Үйге тапсырма 24-25 бет оқу. 7.Бағалау
№15.Тақырыбы: Мұғалім.Нұрхан Жанаев.
Мақсаты:Өлең шумақтарындағы ақын ойына қарай тақырып
тауып,түсінгендерін ашуға мүмкіндік беру.
оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Өлеңнің мазмұнын аша отырып ,мәнерлеп оқуға
жаттықтыру.Ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін
дамыту,еңбек ете білуге баулу.
Көрнекілігі:ертегідегі басты кейіпкерлердің суреті,нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үй тапсырмасын тексеру
Ертегіні оқу.
«Күшті»сөзінің синонимын тап.
Күшті-мықты,білекті,қауқарлы,белді,қажырлы,әлеуетті,құдіретті.
-Ал адамдардың арасындағы күштілікті сен қалай анықтар едің?
-Ол мүмкін бе?
-Кейіпкерлердің біреуін таңдап,олардың әрекеттерін мінез-құлқымен салыстыр?
2.Қызығушылықты арттыру
-Бүгінгі сабақты кімдерге арнаймыз?
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен
де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі.
( Ы.Алтынсарин)
Шәкірт болып көрмеген -ұстаз
Болып жарытпас.
(Боэций)
Адамның адамгершілігі жақсы
ұстаздан болады.
( Абай)
Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
(Т.Фуллер)
3.Мағынаны тану
Өлеңді мәнерлеп оқу
-Өлең кімге қаратылып айтылған?
Өлең мазмұнын қандай мақал-мәтелмен қорытындылар едің?
1.Ұстаз мейірімі мен ана мейірімі-егіз.
2.Ұстазы пейілді болса ,
Шәкірті зейінді келеді.
4.Сабақты қорытындылау
«Сүйікті ұстаз», «Мейірімді мұғалім» тақырыбына мұғалімнің қасиеттерін жаз
5.Үйге тапсырма:26-бет жаттау
6.Бағалау
№17 Тақырыбы: Тарауды қайталауға арналған
сұрақтар мен тапсырмалар
Мақсаты:Берілген материалдар идеясынан өнер-білімді
уағыздау,оның адам өміріндегі,болашағындағы рөлін
байқау.Ұлттық тіліміздің ,ұстаз мектеп деген ұғымдарын
қасиеттілігін дәріптеу.Тарауды қайталауғ арналған сұрақтар
мен тапсырмаларды орындау мқсатында
оқушыларды адамгершілік,патриоттық,
эстетикалық тәрбиеге баулу.
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
3.Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.Тарау тақырыбына өлең жазған ақын кім?(Фариза Оңғарсынова)
2.Сөзжұмбақ шешу
1.Өзіңе таныс білім орны. 1.М Е К Т Е П
2.Сынып реті . 2.Е К І Н Ш І
3.Күзде қысқаратын не? 3.К Ү Н
4.Күзде ұзаратын не? 4.Т Ү Н
5.Күзде орып алынатын не? 5.Е Г І Н
6.Сыныптағы орның. 6.П А Р Т А
3.Қай шығармадан?
А)Қарақшылар
Ә)Шыңғыс
Б)Қойшының қызы
В)Арыстан
Г)Алыстан апасына сәлем-сауқат
жіберген бала
4.«Мектепке жол » тақырыбында өзіңнің мектепке келу жолыңды түсіндіріп жаз.
5.Бұл қай мәтіннен алынған үзінді?
«Қойшының қызы патша ұлының қандай жұмыс істейтінін сұрайды.
Сонда уәзір таңданып:-Ол- патшаның ұлы.Осындай сұрақ бола ма?Әрине,жұмыс істемейді,-дейді.»
-Қыз уәзірге қандай жауап береді?
6.«Әдебиеттік оқу»хрестоматиясының бірінші тарауынан өзің таңдаған мәтінді оқып,мазмұнын әңгімеле.
7.Білім туралы мақалдар айт.
8.Кітап,оқулық және оқу құралы туралы жұмбақтар құрастырып жаз.
4.Сабақты қорытындылау
-Өзіндік жұмыс(Әдебиеттік оқу хрестоматиясынан мәтін оқу)
5.Үйге тапсырма
-Бөлімдегі өзіңе ұнаған өлеңді жаттау.4-26 бет.
6.Бағалау
№18 Тақырыбы:Бұқар жыраудан
Мақсаты:Өлең идеясы арқылы халқымыздың дана сөздері
туралы түсінік қалыптастыру.Тарау тақырыбымен байланыстыру.
Өлеңнің негізгі идеясын өз беттерінше ұғынуға көмек беру.
Өлеңді талдау,салыстыру арқылы оқушы қиялының дамуына жол салу.
Ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасауда өз пікірін білдіруге ,
дәлелдеуге үйрету.
Көрнекілігі:«Бұқар жыраудың шешендік сөздері»кітабы
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Өткен тақырыпты қайталау
-Бөлімдегі өздеріңе ұнаған бір өлең,мәтін оқу.
Қызыгушылықты ояту.
-Адам бойындағы жақсы қасиеттерді ата
Адам бойындағы жақсы қасиеттер
Мейірімділік , еңбексүйгіштік кішіпейілдік , адалдық,
Инабаттылық әдептілік шыншылдық
II .Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау
III.Мағынаны тану
-Ал Бұқар жыраудың не деп жауап бергенін білгілерің келе ме?
Бұқар жырау туралы мәлімет.
Бұқар жырау-Абылай хан заманында өмір сүрген ақын.
Қалқаманұлы Бұқар жырау(1668-1781)-қазақтың ұлы жырауы 18ғ.жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушы әрі ұйымдас-
тырушы,атақты Абылай ханның ақылшысы.Шыққан тегі-арғын тайпасының қаржас руы.Заманындағы сыншылар оны «Көмекей әулие»деген.Сөйлегенде
көмекейі бүлкілдеп,ауызынан тек өлең сөз төгіледі екен.
Оның даналық сөздерін халқымыз сүіп оқиды.
IV.Өлеңді мәнерлеп оқу.
-Жырау жақсы қасиеттерді қалай түсіндірген?
-Алғашқы төрт жолға лайықты қандай мақал-мәтел айтар едің?
Үлкенге құрмет, Жақсы жолыңа жолдас,
Кішіге ізет. Жаман малыңа жолдас.
V.Сабақты қорытындылау.
-Өлеңде тек жақсы қасиеттер сөз болды ма?
VI.Үйге тапсырма:29-бет жаттау. VIII .Бағалау.
№19 Тақырыбы:Төле бидің батасы
Мақсаты:Бата сөзін оқып,өмірмен байланыстыру.
Төле бидің батасымен таныстырып,мағынасын ашу,
ізгі қасиеттерді бала бойына сіңіру.
Сөздік қорларын молайтып,тілдерін дамыту,іздену,
сұрастыру арқылы халық арасындағы бата
үлгілерімен танысу.Имандылыққа,адамгершілікке ,
әдепті,арлы болып өсуге баулу.
Көрнекілігі: Төле бидің суреті,бата үлгілері.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Өткен тақырыпты қайталау
Бұқар жыраудан өлеңін жатқа айту.
-Жырау жақсы қасиеттерді қалай түсіндірген?
-Алғашқы төрт жолға лайықты қандай мақал-мәтел айтар едің?
Үлкенге құрмет, Жақсы жолыңа жолдас,
Кішіге ізет. Жаман малыңа жолдас.
II .Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау
1)Шаттық шеңберін құру.
2)Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту.
-Жақсы тілектерді адамдар не үшін ойлап тапты?
-Ерекше бағаланатын жақсы тілектерді не деп атаймыз?
-Батаны кімдер береді?
Бата беру-адал ниет,жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.Ақ бата-
Ұлтымыздың теңдесі жоқ асыл сөз.
Батаның негізгі түрлері:
1.Ақ бата
2.Теріс(қарғыс)бата
3.Серттесу батасы(баталасу)
III.Мағынаны тану
Төле бидің батасы мәнерлеп оқу,бата әртүрлі жағдайларда берілетініне мән беру.
IV.Өлеңді мәнерлеп оқу.
Хрестоматия оқулығынан бата оқу.
-осы баталарды оқып,өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
V.Сабақты қорытындылау.
Бата туралы не білдік?
VI.Үйге тапсырма:29-30 бет жаттау.
VIII .Бағалау.