7


Математика. 1 Сынып. 9 Саны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Пәннің аты: Математика

1 сынып

Уақыты: 27.11.2015 ж.

Кабинет: №7

Мұғалім: Мустафаева Б.А.

Сабақтың тақырыбы

9 санының құрамы

Мақсаты

9 санының құрамы туралы оқушылардың білімін анықтай отырып, сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға оқушыларды қалыптастыру.

Міндеттері

9 санының құрамын жіктеп айта білу, нақтылау; 9 саны және цифры жайлы оқушылардың білім деңгейін тереңдету, жаңа технология әдіс-тәсілдерін меңгерту, қызығушылығын арттыру;

Күтілетін нәтиже

1) 9 санының құрамын анықтайды. 2) Тез есептей білу, математикалық тілде сөйлеу дағдылары, сыни ойлау арқылы өзіндік ой- пікірлері қалыптасады.

3) Топта жұмыс жасауға дағдыланады

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Пайдаланған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету, АКТ

Әдіс-тәсілдер

Блум таксономиясы, топтық жұмыстар, сыни ойлау стратегиялары, «Ойлан - жұптас - талқыла», «Серпімелі сауал», диалогтік оқыту

Ресурстар

Математика (1 сынып ) оқулығы, әдістеме

Көрнекі құралдар

Оқулық, маркер, суреттер, қималар, желім, моноблок, доп,

А3 парақшалары

Кезеңдер, уақыты

Мақсаты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Білу (5 минут)


Өрнек, теңдік, теңсіздік, геометриялық фигуралар туралы білетіндерін еске түсіреді


1. Ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастыру.

2.Топтарға ұйымдастыру. «Мозайка» әдісі арқылы «Шаршы», «Өрнек», «Теңдік», «Теңсіздік», «Тіктөртбұрыш» атты топтарға ұйымдастырады.

3.Табыс критерийін таныстырып, тақтаға ілемін



Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз -деп оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Топтарға ұйымдасады. Мозайка әдісі арқылы құрастырылған сөздері бойынша берілген қималардан өз топтарына қатысты қималарды А3 парақшасына желімдейді, қорғайды (формативті бағалау)



Оқушылар табыс критерийімен танысады


Түсіну (7 минут)




9 санының құрамын анықтай отырып, сәйкес теңдіктерді жазады.



Қосу мен азайтудың өзара байланысын көрсетеді

№1 Теңдіктер құрастыру


1+8═9; 8+1═9; 9-1═8; 9-8═1



7+2═9; 2+7═9; 9-2═7; 9-7═2 т.б.



Әр топқа берілген тапсырмаларды орындайды, дәптерлеріне жазады. Смайликпен бағаланады

Қолдану

(5 минут)



Тез есептей білу, математикалық тілде сөйлеу дағдыларын көрсетеді



№2. Сандарды, қосындыларды, айырмаларды салыстыру.

9 * 7 3 + 5 * 9 8 - 3 * 9- 3
8 * 9 4 + 2 * 9 7 + 1 * 8 +1


Оқушылар тапсырмаларды дәптерге орындайды, тапсырма бағаланады

Талдау (10 минут)




Қосынды мен айырманы ажыратады.

Өткен тақырып пен жаңа тақырыпқа талдау жасайды.

Жасырын болжамды айқындайды


3
2

4

1
3

2

3
5

4

2№3 Сандар құрамын анықтау.







Сергіту сәті Жұмбақ есепті шешу.
1.Алма бағы жайнаған Алдым үзіп бесеуін, Тағы да алдым төртеуін.
Қызыл алма айналам. Алдым сонда нешеуін?
Ш: 5+4=9
2.Салтанат болса бесте, Бақытжан болса үште. Екеуін қоссаң шырағым, Сәулеттің жасы шығады.

Ш:5+3═8

№4 тапсырма. Бейнелі сурет бойынша өрнектер құрастыру


«Ойлан - жұптас - талқыла» әдісі арқылы әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап, талдау жасайды.

Ой сергітеді, шашағандары

басылады. Есептің шешуін табады.

№4 тапсырма. Бейнелі сурет бойынша өрнектер құрастырады және олардың мәнін табады


Жинақтау (5 минут)




9 саны және цифры жайлы оқушылардың білім деңгейі тереңдетіліп, құрамына қарай өз тұжырымдарын жасай алады.



Өткен тақырыптар пысықталады


1.«Серпімелі сауал» әдісі сұрақтарға жауап беру.
1. 9 саны қандай сандарың қосындысы?
2. 8 санының көршілері қай сандар?
3. 9 санында неше бірлік бар?
4. Кесіндінің ұзындығын қалай анықтаймыз ?
5.Қандай геометриялық фигураларды білеміз?
6.Қосудың компоненттерін ата.
7. Мына өрнекті оқы.
8. Азайтудың компоненттерін ата.
9. Мына теңсіздіктерді оқы.
10. 1-ден 9-ға дейін өсу және кему ретімен сана.

2. Электронды оқулық (тест)


Оқушылар сұрақтарға толық, тиянақты жауап береді.


Оқушылар моноблоктан топ- тобымен келіп, тест тапсырады

Бағалау

(5 минут)


Алған білімнің өзі үшін құндылығын бағалайды

Оқушыларға өздерін бағалауды ұсынамын


Оқушылар бүгінгі атқарған жұмыстарын ескере отырып алдымен өздерін, содан соң бір-бірін бағалайды


Кері байланыс

(3 минут)



Оқушыларға кері байланыс сұрақтарын қоямын:

-Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?



-Өз жұмысыңа көңілің тола ма?



-Сабақты қаншалықты түсіндің?



Оқушылар өз ойларын ай арқылы көрсетеді.

Толық ай - сабақты толық түсіндім;

Жарты ай - мен жартылай түсіндім;

Жаңа ай - мен сабақты түсінбедім.


Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«Түймекент орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы

Пәні: математика

Сыныбы: 1 сынып


Байқауды өткізу ережесімен, тәртібімен таныстым және келісемін



Мустафаева Биғайша Абубакировна



Мұғалім туралы ақпарат

ТАӘ: Мустафаева Биғайша Абубакировна

Туылған жылы: 1963 жылы

Жұмыс орны: Түймекент орта мектебі

Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 30 жыл

Біліктілік санаты: жоғары санатты

Біліктілік арттыру курсы: 2 (негізгі) деңгей бағдарламасы

Байланыс телефоны: 8-777-291-28-12

Электронды почтасы: bigaisha-1963@mail.ru





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал