7


  • Учителю
  • «Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелері».

«Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелері».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Күні:06/04/15Сыныбы: 2 «В» № 3 Пәні: математикаМұғалім: А.А Маратова Тақырыбы: «Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелері».Мақсаты:1)Оқушыларға көбейту және бөлу туралы түсінік беріп, есептер шығарту;2) Оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілетін,өз ойын нақты,дәл
предварительный просмотр материала

Күні:06/04/15

Сыныбы: 2 «В»

№ 3

Пәні: математика

Мұғалім: А.А Маратова Тақырыбы: «Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелері».

Мақсаты:1)Оқушыларға көбейту және бөлу туралы түсінік беріп, есептер шығарту;

2) Оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілетін,өз ойын нақты,дәл жеткізе білуге үйрету;

3) Сауаттылыққа, тиянақтылыққа, шапшандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау,

Көрнекілігі: интер.тақта

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру

кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Көңіл-күйлерің қалай?

Психологиялық дайындық


Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

- Отырыңдар.

Үй жұмысын тексеру


Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?Өте жақсы!!!Яғни, үйге өткен тақырыптарды қайталап келуге және 207-беттегі №7 есепті берген болатынмын.Ал оқушылар үй жұмысын барлығымыз қайталап келдік пе?Жарайсыңдар!Олай болса, тексерейік.

Өткен сабақты қайталау

Оқушылар жаңа сабағымызды бастамас бұрын, өткен сабақта өткен сабақтарымызды еске түсірейік.Оқушылар есептің неше түрі бар?Салыстыру таңбаларын атаңдар?Белгісіз азайтқыштарды қалай табамыз?Белгісіз азайғыштарды қалай табамыз?Кез - келген санның ондық, бірлік құрамын қалай білеміз?1 дм неше см тең?Сөзді есептерде қандай ережелер сақталады?Екі таңбалы сандар дегеніміз не?Олар неше цифрдан тұрады?Екі таңбалы сандарды бірліктермен санағанда қалай санаймыз?Ондықтармен қалай санаймыз?

Жаңа сабаққа дайындық

(логикалық есептер)

Оқушылар жаңа сабағымызды бастамас бұрын миымызды шынықтырып алайық, ендеше мен сендерге есептер жасырамын, ал сендер тез әрі шапшан есептеп шығаруларын керек.Бұлар жай есептер емес логикалық есептер.

1. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай алуға болады?(Бірінші 6 литрлік ыдыспен су алып, оны 4 литрлік ыдысқа құяды.Сонда 6 литрлік ыдыста 2 литр су қалады).

2. Екінші сынып оқушылар екі - екіден жұптасып тұрды.Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды.Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды.Сыныпта қанша оқушы бар?(20 оқушы)

3. Велосипед дөгелегінде 8 шабақ бар.Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады? (8 аралық)

4. Отбасында 2 бала бар.Мәрлен Ардақтың ағасы,Ал Ардақ Мәрленге аға емес,Сонда Сұңғат кім? (Қарындасы)

Жаңа сабақ

Оқушылар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелері».Оқушылар көбейту бұл яғни 1 санды бірнеше көбейту , мысалы 2 санын біз үш есе көбейту керек болса біз жазамыз, 2*6=12, ал 12 қалай шықты яғни екіні алты рет қосу керек.2+2+2+2+2+2=12, ал бөлуде керісінше азайту керек, мысалы жаңағы он екіні алтыға бөлсек, жазамыз 12:6=2, 2 қалай шықты яғни 12-ден 2-ні алты рет азайту керек, тексерейік 12-2-2-2-2-2-2=0, сонымен қанша рет азайтсақ, сол жауабы болады.

4*3=12, 3*4=12, 12/4=3, 12/3=4 Демек, көбейту мен бөлу - өзара кері амалдар.

Қосу амалындағы сияқты көбейту амалдарының да компоненттері бар, мысалы 3*2=6, 3*2-көбейтінді, 6- көбейтіндінің мәні, 3- көбейткіш, 2- көбейткіш.Ал керісінше бөлуде 6/2=3,6/2-бөлінді, 3- бөліндінің мәні , 6- бөлінгіш, 2- бөлгіш.

Дәптермен жұмыс

Енді дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, сынып жұмысын және дәл ортасына бүгінгі тақырыпты жазып қойындар

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар енді оқулығымыздың 208-209 бетін ашайық, бүгінгі сабағымызға байланысты берілген есептерді шығарайық:

Есептер шығару (дәптерге, ауызша, тақтаға)




№2. А)5 пен 2-нің көбейтіндісін жаз.Көбейткіштерді ата.Көбейтіндінің мәнін тап.

Ә)10 мен 5-тің бөліндісін жаз.Бөлінгіш пен бөлгішті ата.Бөліндінің мәнін тап.

Жарайсыңдар!



№3.3*2=6 теңдігіндегі сандар қалай аталады?Көбейтіндінің мәні 6-ны бірінші көбейткіш 3-ке бөл.Нәтижені тап.Көбейтіндінің мәні 6-ны екінші көбейткіш 2-ге бөл.Нәтижені тап.Қорытынды жаса.

Қорытынды:егер көбейтіндінің мәнін көбйеткіштердің біріне бөлсе , онда екінші көбейткіш шығады.

Өте жақсы!

№4.Үлгі бойынша мысалдар құрастыр және оларды шығар.

6*3=12 7*3=21 8*3=24 9*3=27

18/3=6 21/3=7 24/3=8 27/3=9

18/6=3 21/7=3 24/8=3 27/9=3

Жарайсыңдар!

Сергіту жаттығу

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп -теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Есептер шығару (дәптерге, ауызша, тақтаға)




№6.Есепті шығар.

Сөзді есеп

Бер:

Әкесі-53 ж

Баласы-41 ж

Атасы-с.

Атасы -?ж

Ш:53+(53-41)=65

Ж:65

Жарайсыңдар!

№7.Топтарға бөл.Мәндерін тап. Өрнектерді оқы.

Қосынды Айырма Көбейтінді Бөлінді

19+21=40 49-39=10 9*2=18 9/3=3

64+27=91 46-21=25 7*2=14 6/3=2

13+87=100 58-49=9 8*3=24 6/2=3

97+28=125 34-26=8 4*2=8 8/4=2

27+34=61 96-48=48 2*2=4 4/2=2

Өте жақсы!



№8.Логикалық есеп

Сергіту жаттығуы:

Жаздық, жаздық өзіміз

Талып қалды қолымыз

1,2,3

Демаламыз жинап күш

Кілең бестік аламыз

Үйге қуанып барамыз.

Үйге тапсырма:

Оқушылар енді күнделігіміздің бетін ашып үйге тапсырма жазып алайық.Үйге:208-бет, №5

Бағалау:

Біз бүгін барлығымыз жақсы жұмыс істедік, ендеше бағалайын:«өте жақсы», «жақсы», «қанағат».

Бекіту:

Сонымен оқушылар бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?Сабақ ұнады ма?

Өте жақсы!!!

Қорытындылау:

-Оқушылар көбейту, бөлу дегенді қалай түсінеміз?

Өте жақсы!

-Осымен бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды,келесі сабаққа дайындалып, үзіліске шығып келіңдер.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал