- Учителю
- Әліппемен қоштасу ертеңгілі 'Қош, сүйікті Әліппе!'
Әліппемен қоштасу ертеңгілі 'Қош, сүйікті Әліппе!'
Тақырыбы: «Қош, сүйікті Әліппе!» Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру, оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, нақыл сөздер, шарлар, әріптер мен цифрлар т.б., презентация
Музыка ойнап тұрады. Сахнаға хан (Ересіл) мен оның кішкене қызы(Ақару) шығады.
Ересіл: Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Ақару: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап - ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің
Айдос: Уа, тақсыр, армысыз,
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Ересіл: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ақару: барсақ, баралық, көрсек, көрелік!
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар!
2-жүргізуші:Бармысыздар балалар!
1-жүргізуші:Сөзіме құлақ салыңыз,
2-жүргізуші:Бір серпіліп қалыңыз
1-жүргізуші:Әліппеге арналмақ.
2-жүргізуші:Бүгінгі жыр әніміз 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн - «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». 2-жүргізуші:Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Қош, сүйікті Әліппем!» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Ақ сандықты ашайық Шашу, шашу шашайық!
1-жүргізуші: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз. 2-жүргізуші: Енді 1-сыныпқа келер кезімізді еске алайық.
Көрініс «Портфель»
Жүргізуші-мұғалім:
Биік те емес аласа,
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа
Сонда мұны кім алған
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік
Пенал: Мақсат
Пай, пай, пай
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрарын портфельде
Жайлап біліп алайын (ішіне кіріп кетеді!
Жүргізуші:
Енді әліппе келеді
Портфельді ол да көреді
Әліппе: Гүлнұр
Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер,
Бірге өмір сүрейін.
Жүргізуші:
Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды.
Пенал: Мақсат
Кір әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық
Жүргізуші:
Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарады ол да телміре
Дәптер: Ақару
Жазу жазар болса кім
Онда мсен де керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін
Жүргізуші:
Әліппе де жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты
Әліппе:
Кел дәптерім, келіңіз
Портфеліме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп біліңіз
Жүргізуші:
Түгелдесіп бір-бірін
Достар күтіп алаңдар
Келіп жатты жүгіріп
Түрлі-түрлі қамдар
Пайда болды «4»-тік те
Көп ұзамай «5»-тік те
Атып жатты жарысып,
Өз ойларын естіртпе
«5-тік, 4-тік»: Ересіл
Жақсы оқитын балалар
«4» пен «5»- ті алады
Ұқыпты өзі ынталы
Тәрбиелі болады
Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
«Қызы қалам, көк қалам»:Нұрасыл
Әрине, әрине
Керексіңдер бәрің де
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да ұямыз
Тәртібінен сабақтан
«4,5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар таныссын
Жүргізуші:
Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2-лік» те жетті
«2-лік»: Айша
Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынабаймын үшіне.
Жүргізуші:
Сұрланып босағадан
Пенал шықты
Ұрысып «2»-ні
Жерге тықты
Пенал: Мақсат
Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау кім деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз- ақ күн көретін.
Еңбек етпей ерінсе,
Ол оқушы бола ма
Достарымыз «4» пен «5»
Кететіңіз бізге жолама
Жүргізуші:
Кіргізбей «2»-ні
Сарт етіп есік жабылды
Оқушы екен иесі (оқушы қыз жүгіріп шығады)
Оқушы тұрып түсінді
Портфелімнің мән-жайын
Кішірейік бала қолында
Жүруге тұр дап-дайын
Би: «Буги-вуги» 2-жүргізуші: Балалар, біз осы уақыт аралығында не үйрендік? Хормен: Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айту.
1-жүргізуші: Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
2-жүргізуші: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Ән: «Әліппе» Гүлнұр
Әліппе: Сәлеметсіңдер ме,құрметті оқушылар! Құрмет көрсеткендеріңізге рақмет. - Иә, балалар! Сендер бүгін мені бұрынғыдай қолдарыңа алып оқымай отырсыңдар ғой, мені ұстауға да асықпай отырсыңдар, әлде ұмыттыңдар ма?
Айша: - Жо-жоқ!Ол не дегеніңіз.
Әліппе: Бұл қалай? Сендер көпсіңдер ғой, ата-аналарың да әдеттегідей көп жиналыпты
Мақсат: - Иә, Иә! Қымбатты әліппем! Бүгін ата-аналарымызбен бірге сізбен қоштасу мерекесін өткізбекпіз.
Әліппе: - Неге қоштасасыңдар? Әлде маған өкпеледіңдер ме? Менің сендермен қоштасқым келмейді. Сендермен бірге болу маған өте көңілді.
Нұрасыл: - құрметті әліппе біз сізбен әрқашан бірге жүрер едік. Әттең...
Әліппе: - Шынымен менен безгілерің келіп тұр ма? Керек болмасам, өзім-ақ кетіп қаламын.
Ересіл: -Кетпеңіз, кетпеңіз! Біздердің не үшін қоштаспақ екенімізді білсеңіз сіз де қуанасыз. Ақару: Әліппем, қараңыз, сізде жазылған әріптерді біз толығымен үйреніп сауатты адам болдық, шағын әңгіме, өлеңдерді оқи алатын болдық. (әліппе отырады) 1-жүргізуші: Ән: «Әліппе» Әліппе: -Балалар, енді басқа да ұлы адамдар туралы сендер «Ана тілі» оқулығынан оқитын боласыңдар. Олай болса, «Ана тілін» ортаға шақырайық. Ана тілі: Құралай Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігі Кітапханашы: Бекенова Р.Ә. (ана тілі)
Кір шалмасың беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің «5»-ке толсын! 2-жүргізуші: Уақыт-жарыса аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап, өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер.Бұрынғы сәттеріміз кімнің есінде қалған екен? Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан кейін «Тілдер» мерекесін өткіздік. Тілдер мерекесінде айтқан өлең шумағы кімнің есінде. Олай болса оқып берейік. Нұрасыл: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. Айша: Өсірген ой-білімді, Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
Мақсат: Ана тілім-қазақ тілім, туған тіл, Қасиетті тіліміздің мәнін біл. Ана тілді құрметтеңдер адамдар Заманға сай өзге тілдің бәрін біл. Ақару: Ана тілің-біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің-біліп қой,
Мақтанышың,елдігің. Ересіл: Ақыл-ойын дананың, Ана тілден аламын. Ана тілім ардақты Ақ сүтіндей анамның. 1-жүргізуші: Ән: «Рух пен тіл»
Ересіл:Үйреттің бізге Әліппе, 42 дербес әріпті. Сөз , сөйлем құрап әріптен, Жаздырдың бізге Әліппе. Нұрасыл: Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен Ақару:Әліппе даңғыл жол ашты, Жаңадан пәндер жалғасты. Әліппе сырын ұқтырған Барлығы хормен: -Рахмет, ұстаз алғашқы! 2-жүргізуші: Ән: «Ұстазым» Әліппе:-Балалар, сендер мені 4 бойы оқыдыңдар, осы 4 айда не үйреніп, не білдіңдер соны ортаға салыңдар! -Ойын «Әріптер әлемі». Үстелдің үстіндегі әріптерді ала отырып, әр әріпке сөз ойлап, оны тақтаға жазып, буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз. Жүргізуші: -Балалар қазір біз «Тамшы» ойынын ойнаймыз. Ол үшін тамшылардағы сұраққа жауап беру керекпіз. Дүниетану пәні бойынша сұрақтар: -Балалар, жаңбыр басылғаннан кейін кемпірқосақ шығады, одан кейін не шығады? -Дұрыс айтасыңдар. Күн шығады. Ендеше, күннің шуақтарындағы тапсырмаларды орындай отырып, тақтаға ілейік. Математика пәні бойынша сұрақтар: Кезек-кезекпен: -Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:
1-жүргізуші: -Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам - Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. 2-жүргізуші: Ән: «Ақ мамам» Кезек-кезекпен: Әліппені жақсы оқуымыз үшін біздің ата-әжелерімізде өз үлестерін қосты. Олай болса, ата-әжелерімізге арнап өлең оқиық. Нұрасыл: Жанымызды жайнатқан, Сіздер сіз ғой аталар. Зор денсаулық, мол бақыт, Тілейміз біз балалар. Ересіл: Аялаймын ата-әжемді Ардақтаймын апамды Асыл тұтып атамды, Алайын мен батаңды. Ақару: Ақ батаңмен көркейіп Ертең-ақ өсіп жетермін. Арманыма асыққан Адаспай-ақ жетермін. Айша: Әже деген көп шығар Әжемдей менің жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі Қандай ғажап күлкісі. Мақсат: Құтты болсын осы шаттық күніміз, Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз. Қуанышты жүзіңізбен әрдайым, Бұл өмірде күліп қана жүріңіз. 1-жүргізуші: Ән: «Жақсы көрем атамды» Айша: Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алып көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Мектебім, мектебім , мектебім 1-жүргізуші: Би: «Хафанана» 2-жүргізуші: Ата-аналармен ойын: 1. Әліппе оқулығын ең алғаш жазған кім? (Ы.Алтынсарин)
2. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? (2сағ)
3. 4 жұмыртқа 4 минут піседі. Бір жұмыртқа неше минут піседі? (4мин)
4. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай? (Дорбасымен алып кетеді)
5. Көру мүшесі? (Көз)
1-жүргізуші: 6. Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу тойы? (Бесік тойы)
7. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп)
8. Басты байлық не? (Денсаулық)
9. Кесінді қандай фигуралардан тұрады? (Түзу сызық, 2 нүктеден)
10. Қоян сөзінде неше дыбыс бар? (5 дыбыс)
2-жүргізуші: Ән: «Рахмет саған, Әліппе» Мақсат: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты, міне балаңыз. Ана тілі: Рақмет, балалар! Әліппе сендерге көп нәрсе үйреткен екен. Мен риза болып тұрмын.
Хормен : Бәрімізді сүйіп өткен , Балаларға үйреткен. Әліппе мен ұстазға, Бас иеміз құрметпен! Әліппе: Рахмет, балалар! Сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Ана тілімен таныстырдым. Енді рұқсат болса мен кетейін.
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе! 1-жүргізуші: Ән:«Әрқашан күн сөнбесін» Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Смагулова Р.Қ. береміз. Құрметті қонақтар! «Қош, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды, келгендеріңізге көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!