7


  • Учителю
  • Қалалық ашық сабақ Шындық шыңы-ақиқат Өзін-өзі тану пәні

Қалалық ашық сабақ Шындық шыңы-ақиқат Өзін-өзі тану пәні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырып: «Шындық шыңы - ақиқат»

Мақсаты:

Оқушыларға шыншылдық арқылы ақиқат құндылығына жету жолдары туралы түсініктерін кеңейту.

  1. Оқушылардың адами қарым-қатынастағы шынайылылық, қоршаған ортадағы шындық арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу;

  2. Оқушылардың шыңдықты жасырмай айта алу, өтірік пен шыңдықтың ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;

  3. Оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (слайд, музыка, оқулық, дәптер, мәлiметтер)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

  • Сынып оқушыларын түгендеу.

  • Оқушылар түрлі эмблемалар арқылы кездейсоқ топқа бөлінеді.

  • I-Күн, II-Жүрек, III- Шаңырақ, IV- Кітап

  • «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық), сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 25 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. Жаңа сабақ

Төрт топ шашылған өлең жолдарын құрастыру. Топ басшысы жазған өлеңдерін оқу.

Сұрақтар:

1 топ. Шындық дегенді қалай түсінесіңдер?

2 топ. Кез келген істің растығын қалай анықтауға болады?

3 топ. Істің байыбына жету үшін қандай әрекет жасау керек деп ойлайсыңдар?

4 топ. Мұратқа мұратқа жету дегеніміз не?





Жаңа ақпарат

</ Әр адам әділдікті өмірінің басты бағдары етеді. Күнделікті тұрмыстағы, өмірдің әрқилы қалтарыстарындағы көптеген жағдайлардың байыбына зер сала отырып, қандай да болмасын мәселенің анықтығын шындық арқылы шешуге болады. Шындықты бағалап, айта білу адамгершілікті білдіреді.

Адамның ойы мен сөзінде алшақтық болмауы үшін қажетті қасиеттің бірі - шыншылдық. Тартысқа түсіп отырған әр мәселенің тоқтамын, төрелігін, байламын шынайы жеткізе білген адамды шыншыл адам дейміз. Адамның ойы мен істеген ісіне адалдық пен әділдік төрелік етсе, шындық ақиқатқа айналады.

Оқып үйренейік

Б.Адамбаевтың оқулықтың 93 бетінде берілген «Сөздің атасы мен анасы» мәтіні бойынша сұрақтармен жұмыс жасаймыз. Бір оқушы мәтінді мазмұндап естеріне түсіріп шығады.

«Сөздің атасы мен анасы»

Қаз дауысты Қазбектің, атағы шығып тұрған кезде ауылына бір саудагер келіпті. Түстеніп, демалып болған соң Қазыбекке:

  • Би, бір сөз сұрайын деп едім,- дейді. Қазыбек «сұраңыз» деп ырзалық білдіріпті.

  • Біз бір керуен адам едік, өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық. «Сөздің атасы кім, анасы кім?» -деп. Қазыбек ойланып жауап беогенше: «Япырай, бұл сөзді саудагер ғана білмейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой; биыл таппасаңыз, ендігі жылы табарсыз», - деп үйден шығып кетіпті.

Қазыбек орнынан тұрып, іле-шала тысқа шықса, саудагер асығыс атына мінгелі жатыр екен.

  • Япырмай, артыңа қарамай асығыс аттанғаның не? Әлгі сөздің шешуін іздеп, ендігі жылы келіп екі саудаңнан қаларсың, артыңа қарамайтын болып кет. Сөздің атасы - бірлік, анасы -шындық! Жолың болсын, жүрген жеріңде айта жүр! - депті.

Сұрақтар:

1 топ. Саудагер Қазыбектен нені білгісі келді?

2 топ. Саудагердің қойған сұрағынан нені байқауға болады?

3 топ. Неліктен шыңдықты сөздің анасы дейміз?

4 топ. Неліктен сөздің атасы бірлік дейміз?





Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

«Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді»

Ғ.Мұстафин

Өз ойларыңды ортаға салып көріңдер. (балалар жауаптарын береді)

Сұрақтар :

  • Шындықтың шыңын қалай сезінеміз?

  • Өз өміріңізден қандай мысал келтірер едіңіз?

Дәйексөзді былай тұжырымдаймыз:

  • Шындық - дегеніміз отпен тең.Ол дауыл соққан сайын лаулап өрши түседі, ал шындық ашылған сайын нақтылана береді. Сондықтан да, әрқашан шыңдықты шыңғыртып айтудан тайынбайық. Сол кезде ғана, шыңдықтың ақиқатына жетесің. Шындық - адамға қажетті құндылықтардың бірі екенін ешқашан ұмытпаңдар.

Дәйексөзді дәптерге жазу

Шынболат Ділдебаев - Шындық термесі





Топтық жұмыс

1 Топ. Шыншыл баланың суретін сал

2 Топ. «Шындақ шыңы - ақиқат» тақырыбын сахналау

3 Топ. Адалдық сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

4 Топ. Шындық туралы өлең құрастыру





Тілек ағашына тілектер жазу





Үй тапсырмасы: 27 сабақ 95 -бет

1 топ Қ. Толықбаевтың «Ақиқат» мәтінін оқу.

2 топ «Шындық» туралы мақал-мәтелдерді дәптерге жазу.

3 топ «Менің түсінігімдегі - ақиқат» тақырыбында өз бастарынан өткен оқиғаға шығарма жау.

4 топ «Сөз атасы мен анасы» мәтінін сахналау





Сабақтың қорытынды сәті: Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көздерін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

  • Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет. Көздеріңізді ашуға болады.

Жағымды әуен қосу 2-3 мин





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал