- Учителю
- 4 сыныптың дүниетану пәнінен Дала өсімдіктері мен жануарлары тақырыбына сабақ жоспары
4 сыныптың дүниетану пәнінен Дала өсімдіктері мен жануарлары тақырыбына сабақ жоспары
Дүниетану. 4 сынып
| |
Сабақтың тақырыбы: |
Дала өсімдіктері мен жануарлары. |
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: |
Далалық белдеу,оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру. |
2. Дамытушылық: |
Пәнге қызығушылықтарын арттыру,ой-өрістерін,есте сақтау,өз ойын еркін жеткізу мүмкіндіктерін дамыту.
|
3. Тәрбиелік: |
Қоршаған ортаға,өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қамқорлықпен қарауға,ұжымшылдыққа,топпен,жұппен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
|
Сабақтың түрі: |
Жаңа білім беру,топпен жұмыс |
Сабақтың әдісі: |
топтық, жұптық, көрнекілік, сұрақ-жауап,ой толғау |
Пәнаралық байланыс: |
әдебиеттік оқу, |
Сабақтың көрнекілігі: |
үлестірме қағаздар, тақырыптық суреттер, тестілік тапсырмалар,мәтіндер,тірек-сызба |
Сабақтың барысы: | |
І.Ұйымдастыру кезеңі. а) Психологиялық дайындық. |
Күннің көзі ашылып, Көкте шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой. Ал,кәнеки,бәріміз, Сәлем берейік үлкенге!
|
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
|
-Өзіміздің елімізде өсетін өсімдіктер жайлы қандай мәліметтер жинап келдіңдер? Оқушылар жинап келген мәліметтерін айтады. -Балалар,осы аталған өсімдіктер,жануарлар,құстар жайлы бүгінгі сабақта айтылады. |
Жаңа сабақ. 1)Фильмді тамашалау
2)Өлең шумақтары
3)Слайд арқылы проблемалық сұрақтар
4)Оқулықпен жұмыс /жұппен жұмыс/
5)Дәптермен жұмыс
6)Топпен жұмыс
|
-Ендеше,балалар өсімдіктері мен жануарлары жайлы дайындалған фильмді тамашалайық. -Фильмде көрген өсімдік,жануарларымыз қайда өмір сүреді? -Далада. -Осы фильмді көре отырып,бүгінгі тақырыбымызға болжам жасап көріңдерші. -Олай болса,балалар,бүгінгі тақырыбымыз «Дала өсімдіктері мен жануарлары» деп аталады. -Осы өсімдіктер мен жануарлар жайлы қандай өлең шумақтарын білесіңдер? -Балалар,мына слайдта не бейнеленген? -Дала. -Ендеше,балалар шөптекті өсімдіктердің жаз бойы жайқалып өскенін-көгал аумағы үлкен болса-шалғынды дала дейміз. -Келесі суретте не байқадыңдар? -Егістік -дәнді дақылдар өсірілетін жер. -Қандай дәнді дақылдардың түрін білесіңдер? (тары,арпа,бидай жүгері,сұлы) -Ыстық әрі құрғақ жаз басталысымен дала қуаң тартады.Яғни,өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі қурайды да, топырақ астында қорегі мол тамырлары қалады. -Ендеше,балалар,даланың үш түрі болады.Олар: шалғынды, қуаң, егістік болып келеді. -Даланы неліктен ормансыз алқап дейміз,өздерің қалай ойлайсыңдар? -Себебі,ол жерлерде көп ағаштар өспейді.Көбінесе бұталар өседі. -Неге көп ағаштар өспейді деп ойлайсыңдар? -Себебі,ол жерлерде өзендер мен көлдер сирек кездеседі. -Дала мекендеушілеріне нелер жатады деп ойлайсыңдар? -Өздерің атаған мекендеушілердің суреттерімен танысайық. -Қандай дала өсімдіктерін білесіңдер? -Суреттен дала өсімдіктерін көрейік. -Балалар, қазір жұппен отырып жұмыс жасайсыңдар. Сендерге екі бөлімнен құралған мәтін таратып беремін. Әр оқушы өз бөлімін оқып болғаннан кейін,бір-біріне түсінгендеріңді айтып бересіңдер. -Балалар,дәптерлерімізді ашайық.Өз бөлімдеріңдегі берілген өсімдіктердің,жануарлардың аттарын теріп жазыңдар./кесте арқылы./балалар оқиды -Бірінші бөлімді оқығандар бір топқа және екінші бөлімді оқығандар екінші топқа жинала қойыңдар. -Бірінші топ «Жауқазын». -Екінші топ «Қыран». -«Жауқазын» тобы өздерінің оқыған бөлігі бойынша «Қыран» тобына сұрақтар дайындайсыңдар? -«Қыран» тобы өздерінің оқыған бөлігі бойынша «Жауқазын» тобына сұрақтар дайындайсыңдар? -Әр топтан бір-бір оқушы өздері оқыған бөлімдері жайлы айтып береді. |
Көрініс |
-Балалар,сендер бүгін даланың түрлерімен таныстыңдар. Бізге егістік даласынан екі қонақ келіп отыр.Бидай және қаңбақ.Қазір біз Асқар Тоқмағанбетовтың «Бидай мен қаңбақ» атты мысал өлеңінен көрініс тамашалаймыз. -Ал,балалар,бидай мен қаңбақтың қайсысы дұрыс айтты? |
Сергіту сәті. |
«Құстар қайтып келеді». (әнмен,қимылмен орындау)
|
Экологиялық жағдай |
-Дала өсімдіктері мен жануарларына қандай қауіп-қатерлер төніп тұр?/өрттен,дауылдан,бостан босқа аулаудан,/ -Осыған байланысты «Экологиялық жағдай» туралы дайындалған слайдымызды көріп,сұрақтарға жауап берейік. |
| |
Үлестірмелі қағазбен жұмыс.
|
1.Сөзжұмбақ. 2. «Жануар» деген сөзден-сөз шығару. 3.Тәуелділік тізбегі.
|
Рефлексия.
|
-Бүгінгі,сабақта нені білдік,нені білгіміз келеді? /нені білгілерің келеді-қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар жайлы білгіміз келеді/ -Білгілерің келсе мектеп және ауыл кітапханасынан «Қызыл кітап» деген кітапты алыңдар. «Жауқазын» тобы өсімдіктерді, «Қыран» тобы жануарлар жайлы мәліметтер жазып келіңдер. |
Үй тапсырмасы: |
1-деңгей: мәтінді түсініп оқы. 2-деңгей: жануарлардың төл аттарын жазып келіңдер. 3-деңгей: «Қызыл кітаптан» жануарлар мен өсімдіктер жайлы мәліметтер жазып келіңдер. |
Бағалау: |
Тест |