- Учителю
- Көктем аруы - 2016
Көктем аруы - 2016
Тақырыбы: "Көктем аруы" қыздар арасында байқау.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын
қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне
байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың
суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің
фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.
Жүргізуші: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары және
байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына
амандық пен қуаныш тілеймін!
Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау
үшін «Ақ ару» атты конкурсымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісі
меңгерушісі Жумагалиева Қ. Т. сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық
деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1. Бір бүлдіршін келеді,
Күлімдеген көздері
Жанға жылу береді
Көркем, әсем, әдемі
Шақырамын ортаға
Азаматқызы Аиданы
2. Мың бұралып биімен
Көп алғысқа бөленген.
Көрсетіп жүр өнерін
Үйірмеден үйренген.
Шақырамын ортаға
Ринатқызы Раминаны.
3. Анасының күн, айы,
Тілегі бар шынайы.
Келіп тұр бүгін байқауға,
Қошеметпен қарсы алайық
Ренатқызы Заринаны
4. Ақылды қыз білімді,
Меңгерер бар ілімді
Ата - анасы мәз болар
Алады деп тілімді.
Шақырамын ортаға
Журисқызы Лаураны
5. Бүгін сұлу бүлдіршін
Шын қуанып, шын күлсін
Жеңімпазы байқаудың
Ғаламжанқызы Іңкәр болар кім білсін
6 Қос бұрымы арқасында өрілген
Көрінсінші бір биіктің төрінен,
Гүлі болып әр кез туған елінің
Жүріп өтсін Ранида өз ізімен
7. Алдамасын үміттер,
Жойылсын деп күдіктер
Қарсы алайық, ағайын
Тағыда бір үміткер Дастанқызы Гүлімді
8 Балғын жүзді албырап,
Қанатын жаңа қаққан.
Қарсы алайық Асемді
Сайысқа дайын тұрған.
9. Өнеріміз сайыста
Жетелейді алысқа
Бүгінгі күннің жеңісі
Медина болар сайыста
10.Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Сакенқызы Дильназ да қатарынан қалмаған
11) Атыңнан айналайын Назылы деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
12) 2 - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Талғатқызы Мадина өнерлі қызымыз.
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1 - шарт. «Сәлем - сөздің атасы» - деп аталады, әр ару өзін - өзі
таныстырады. (5 мин)
2 - шарт. Мәнерлеп оқу сайысы 3-шарт .Қолөнер сайысы «Ою ойғанның
ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою және бояу)
4-шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық
өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе
қолөнерлер).
5 - шарт. Сән үлгісі.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай
қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға
баршаңызда қош келдіңіздер деймін!
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін
таныстыруды бастасын. Ендеше
І тур таныстыру.
2-тур мәнерлеп оқу
3-тур «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
4 тур: Өз өнерін көрсету
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
5 тур: Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз сән үлгісі