7


  • Учителю
  • Жануарлар. Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер. Құстар сабақ жоспары. 1-сынып

Жануарлар. Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер. Құстар сабақ жоспары. 1-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар.Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер. Құстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жануарлар әлемі туралы түсінік беру.

Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғаттың жанашыры болып, оны қорғауға өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, жұмбақтар.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Табиғат, тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен күнсің көтерілген күліп тұрған.

Сен жарықсың,

Сен жерсің,

Сен ауасың,

Сен анамсың

Бәрі менің өмірім сен сыйлаған.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, өлең не туралы ? (Табиғат)

- Табиғат туралы қай кітаптан оқып білеміз? (Дүниетану)

- Олай болса, балалар қазір біз дүниетану сабағын бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

- Қандай тақырып өттік?

- Кім өз түсінігін айтып береді?



ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

- Миға шабуыл. «Табиғат» (Ой шақыру)

- Табиғат нешеге бөлінеді? (2 - ге)

- Өлі табиғатқа нелер жатады? (тау, тас, су, т. б.)

- Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдіктер)

- Ендеше, тірі табиғаттың бір тобы жануарлар әлемі жөнінде әңгімелесейік. Балалар, сіздер қандай жануарларды білесіңдер?

Қоян, түлкі, қасқыр, аю.

Балалар, бұл суреттегі жануарларды аңдар дейміз.

- Аңдарды адамдар бағып күте ме?

- Жоқ, өздігінен тіршілік етеді.

- Олай болса, жабайы аңдар деуге де болады екен.

- Тағы қандай аңдарды білесіңдер?

- Жолбарыс, арыстан, бұғы, киік, арқар.

- Туған өлкемізде қандай аңдар кездеседі?

- Қасқыр, қоян, түлкі.

- Олардың пайдасы бар ма?

- Табиғат көркі, терісі - киім, еті - қорек, мүйізі - дәрі, санитарлар.

- Аңдар өсімдіктермен қоректенеді дедік, бірақ бірін - бірі жеп, етпен қоректенетін де аңдар бар. Оларды «Жыртқыш аңдар»- дейді.

Мысалы қасқырды алайық, ол етпен қоректенеді, бірақ жыртқыш екен деп жойып жіберуге болмайды.



ІҮ. Жаңа тақырып:

- Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыз жануарлар тіршілігі туралы. Жануарлар - тірі табиғаттың маңызды бір бөлігі. Жануарлар әлемі өте бай, оларды өзара бірнеше топқа бөлуге болады.

Жануарлар - жабайы жануарлар және үй жануарлары болып бөлінеді. Жабайы аңдар табиғатта өздігімен тіршілік етуге бейімделген. Үй жануарларын (малды) адам қолда бағып өсіреді.

Жабайы аңдар мен малдар төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды «сүтқоректі жануарлар» деп атайды. (Таспадан үй жануарларын көрсету)

Аңдарды қорғау мақсатында біздің елімізде көптеген қорықтар ашылды. Осы қорықтарда қорғауға алынған аңдар тіршілік етеді. Олар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.



3. «Жануарлар әлеміне» қысқаша шолу жасау:

Жануарлар әлемі

Табиғат жағдайы жер шарының барлық бөлігінде бірдей емес. Осыған байланысты жан - жануарлар тіршілік етуге бейімделіп отырады. Олар жер бетінде, суда, ауада, топырақ арасында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде тіршілік ете береді. Олар бір - бірінен ұқсастығына, түрлеріне, ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.



V. Оқулықпен жұмыс.

1. Мәтінді оқып беру.

2. Балаларға тізбектеп оқыту.

Шығармашылық жұмыс.

1) Сиыр, қоян, жылқы, қой, тауық, доңыз деген қазақша жыл санау бар.

2) Тоқты, торпақ, арыстан, ешкімүйез деген шоқжұлдыздар бар.

3) Қыс қатты болатын болса, тиын ұясын төменге, қыс жылы болса жоғары жасайды.

4) Саудада алтын, күмісті қойтұяқ, тайтұяқ деп қолданған.

5) Түлкінің баласын жаутаң, қасқырдың баласын - бөлтірік, аққудың баласын көгілдір дейді екен. " Бұл не? " деген кітапта.



ҮІ. Сергіту сәті.

VII. Құстар.

Құстар - жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.

Оқулықпен жұмыс.

1. Мәтінді оқып беру.

2. Балаларға тізбектеп оқыту.

VІІІ. Сабақты бекіту.

- Биылғы жыл қай жыл?

- Мешін жылы. Жыл атаулары жануарлар атауларымен аталады.



«Кім жылдам?» ойыны.

1. Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды кісіні. (Түлкі)

2. Жазда сұрғылт,

Қыста аппақ (Қоян)

3. Қайда болсын баратын,

Мінсең ұшқыр қанатың. (Жылқы)

2. Өзі үлкен жануар,

Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)

3. Көзін жұмады,

Көзін ашады.

Сыбысын білдірмей

Ақырын басады. (Мысық)

4.Адамға серік,

Күзетке берік. (Ит)



Шығармашылық жұмыс.

1) Құстар ертемен жем іздеуге шықса, күн жауынды, шашынды болады.

2) Қарлығаштар аспанда биіктеп ұшса, күн ашық болады.

3) Қаз - үйрек суға шомылып, қиқулап кетсе, ауа - райы бұзылады.

4) Қазақта көкек яғни сәуір, мамыр деген ай аттары бар, бұл құстың аты.

Санамақ.

1) Бүркіт, елік, үкі

Қарға, құлан, түлкі.

Барыс, бұғы, борсық,

Бұлбұл, тоты, шымшық

Ал санайық әрі,

Қанша болды, бәрі.

2) Алты қонжық орманға

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады.

Жауабын тез айтыңдар,

Қанша қонжық кетті алды?

Жаңылтпаш.

1) Тоқ тоқылдақ,

Теректі тоқылдатпайды.

2) Ұзақ ұзаққа ұшты,

Ұзақ тұзаққа түсті.

3) Арқада алты арқар бар,

Қырқада қырық арқар бар.



Сабақты қорытындылау:

Дұрыс, Бұрыс сұрақ жауап

1. Кірпінің аяқтары қысқа болады.(ия)

2. Аңдар жабай өседі(ия)

3. Жабайы жануарлар орманда, тауда тіршілік етеді.(ия)

4. Жабайы жануарлар адамға қызмет етеді.(жоқ)

5. Аңдар өз қорегін өздері тауып жейді.(ия)

6. Аңдар төлдерін өздері асырайды.(ия)

7. Борсық тышқан,бақа,жәндіктермен, өсімдіктермен қоректенеді.(ия)

8. Аю тамақты таңдап жейді.(жоқ)

9.Саршұнақ бидай, арпамен қоректенеді.(ия)

10.Күзде аңдардың ескі жүні түседі.(ия)

ІХ. Бағалау. Мадақтау.

Х. Үйге тапсырма беру.

Тақырыпты оқып келу, әңгімелеу.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал