- Учителю
- Математикадан Көлем. Сыйымдылық бірлігі ( 3- сынып) тақырыбында сабақ жоспары
Математикадан Көлем. Сыйымдылық бірлігі ( 3- сынып) тақырыбында сабақ жоспары
Пән: Математика
Мұғалім: Муртазина А.Т.
Сынып: 3 Б
Сабақтың барысы: Оқушыларды көлем мен сыйымдылықты өлшеу бірліктерімен таныстыру;
көлем туралы ұғымын кеңейту;
-
әртүрлі өлшемдер арқылы көлемді өлшеу дағдыларын жаттықтыру;
-
көлемнің өлшем бірліктерімен таныстыру;
-
заңдылықтарды табуды, қорытынды жасауды, дәледеуді, логикалық тұрғыдан бірізді талдауды қалыптастыру;
-
өзара көмекке келуге тәрбиелеу, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттер:
Топқа бөлу
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Психологиялық сәт: 1 СЛАЙД
Әрбір адам: Туысың, досың, жұрағат,
Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің: тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің: шындық, бірлік, адалдық
Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
( балалар хормен айтады)
Бүгінгі күннің атын жазу, көркем жазуды орындау
СЛАЙД 2-4
Білімді тиянақтау
Ауызша жұмыс (топтық бағалау)
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Топтарға тапсырма: слайд 10 А4 форматта орындайды.
«Білгірлер» -Тік төрбұрыштың ауданын табу формуласын жаз
«Тапқырлар»- шаршының ауданын табу формуласы
«Ойшылдар» - тік төрбұрыштың периметрін табу формуласын жаз.
(топтық бағалау)
СЛАЙД 5-9
Қызығушылықты ояту
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.
1.Мақсат қою кезеңі. оқушыларды көлем мен сыйымдылықты өлшеу бірліктерімен таныстыру.
Кіріспе сұрақтар:
-
Біз осыған дейін қандай шамалармен таныспыз? (ұзындық бірліктері, салмақ бірліктері, уақыт бірліктері т.б.)
-
Ұзындық өлшем бірлігімен не өлшейміз?
-
Салмақ өлшем бірлігімен не өлшеуге болады?
-
Аудан дегеніміз не? (жазықтықта қандай да бір орын алып жатыр)
Мағынаны тану
2.Оқулықпен жұмыс.
ЕСІҢДЕ САҚТА!
текше оның жақтары (шаршыдан тұрады)
Қабырғалары немесе қырлары 12
Төбесі -8
Тәжірибелік жұмыс № 1
1 -оқушы: Текшенің қырларының ұзындығын, енін,
биіктігін өлшейді.
2- оқушы: Текше тәрізді ыдыстың көлемін табады.
3- оқушы:. өлшеуіш ыдысқа 1 литр су құяды.
Қорытынды жасайды: V =10cм • 10 см •10 см= 1000
1 л - сыйымдылық бірлігі.
1 л = 10 см ∙ 10 см ∙ 10 см = 1000 см3
Текшенің көлемі - 1 см3
Текшенің үш өлшемі бар:
Ұзындығы - 1 см, ені - 1 см, биіктігі - 1см
Көлемі 1000 см3 (1л) судың массасы 1 килограмға тең.
Практикалық жұмыс. № 2 есеп
Текшенің қырларының ұзындығы 3см; 4см; 5см болса, оның көлемі неге тең
болады?
Қорытынды:Егер текше қырының ұзындығы а - ға тең болса,
онда оның көлемі а3 - қа тең болады.
(топтық бағалау)
11-14 СЛАЙДТАР
15-24 СЛАЙДТАР
25-27 СЛАЙДТАР
28 -СЛАЙД
Сергіту сәті
Интерактивті тақтадан көзге арналған жаттығудыжасау
Оқушылар сергіп алады 29-30 СЛАЙД
Ой толғаныс
ҮI. Өткен материалды бекіту: 31 СЛАЙД
Топтарға тапсырма:
«Білгірлер» -№6, 9,10 есептер бірінші бағаны
«Тапқырлар-№6, 9,10 есептер екінші бағаны
«Ойшылдар»-№6, 9,10 есептер үшінші бағаны
№ 9 . Топтық жұмыс. Теңдеуді шеш.(үш топтан 3оқушы)
Х ∙ 7 = 36 + 13 34 + х = 8 ∙ 6 х : 6 = 42
Х ∙ 7 = 49 34 + х = 48 х = 42 ∙ 6
Х = 49 : 7 х = 48 - 34 х = 252
Х = 7 х = 14 252 : 6 = 42
7 ∙ 7 = 49 34 + 14 = 48
№ 6. Әр топтан 1 оқушы шығып, амалдарды орындайды.
№10
Бөлінгішті тап және оны санның кубы түрінде жаз.
№ 8. «Ұшқыр тарелка» топ ішінде есепті шығарып, өзге топтарға тексерту Түсініп шығару(іздену)
Жүзім 8кг-нан - 12 жәшік
Сатылды - 32 кг
Неше - ? қалды ? есе >
Шешуі: 1) 8 ∙ 12 - 32= 96 - 32 =64
2) 64:32=2
Жауабы: 2 есе артық
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Күнделіктеріне жазады 32 -СЛАЙД
Бағалау
Рефлексия
ТОПТАРДЫ БАҒАЛАУ
Білім ағашы
1.Бәрін білгім келеді.
2. Білемін, бірақ одан да жақсы жетістіктерге жетемін.
3.Әзірше қиындық сезінемін.