- Учителю
- Ашық сабақ дүниетану пәні Өсімдіктердің көбеюі 1 сынып
Ашық сабақ дүниетану пәні Өсімдіктердің көбеюі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі
Сабақтың мақсаты:
-
Өсімдіктердің көбеюінің тек қана тұқымнан емес, басқа да көбею түрлерімен таныстыру. Өсімдіктердің жер асты бөліктері арқылы көбеюі түрлерімен таныстыру және өсімдік жайлы жалпы білім-біліктерін қайталау, пысықтау.
-
Оқушыларды тақырыпты өздігінен оқып түйін сөзді таба білуге машықтандыру.
-
Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетін білуге және олардың қандай пайдасы бар екендігін аша келе, табиғатты сүюге, өсімдікті күтуге, орынсыз зиян келтірмеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Әдісі: Түсіндіру, баяндау
Барысы:
1) Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)
Табиғат - біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Сәлеметсіздер ме?
2)Топқа бөлу
4 түрлі түспен топқа бөлу.
3) Үй тапсырмасын сұрау
«Көкөніс базары» ойыны.
1. Көкөніс қайда өседі? (Бақшада)
2. Бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)
3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)
4. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу)
5. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)
6. Көкөністердің құрамында адамға пайдалы не бар?
7. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата.
4) Жаңа сабақ.
-
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Өсімдіктердің көбеюі».
-
-Кіріспе әңгіме.
Біздің елімізде өсімдіктердің түрлері өте көп. Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі әр түрлі. Кейбір өсімдіктер бірнеше ай, енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді. Көбею - барлық тірі табиғатқа тән қасиет. Көбею дегеніміз - әр өсімдіктің өзі сияқты ұрпақ қалдыруы. Сол өсімдіктің санын көбейту. Өсімдік тұқымнан, пиязшықтан, түйнектен, тамыр сабақтан, жапырақтан көбейеді.
-
Өсімдіктер көбіне тұқымдары арқылы таралады. Мысалы, бақбақ өсімдігінің тұқымдары үлпілдек болады. Шамалы жел соқса, желмен ілесіп ұша жөнеледі.
-
Түйнектен - мысалы, картопты анықтап қарасаңдар, оның бетінде көзшелер бар. Сол көзшеден жерге отырғызған соң тамыр жайып өседі.
-
Жапырақтан - бөлме өсімдігінің кез келгенінің жапырағын алып суға салып қойсаң қалай өскенін көруге болады.
-
Тәжірибелік жұмыс: Бөлме гүлін қалай көбейтуге болатынын көрсету
-
Түйнегі бар картопты көрсету
5) Өсімдіктердің көбеюі туралы видео көрсету
6) Сергіту сәті:
-
Электрондық оқулықтан жұмбақтар шешу
-
Әуенге сәйкес қимылдар жасау
7) Оқулықпен жұмыс.
-
Мәтінді дауыстап кезекпен оқыту
-
Сұрақ-жауап, талдау
8) Ой шақыру
Тамыр сабақ арқылы көбейетін өсімдіктерге арамшөптер жатады. Мысалы сендер жазда бақшада арамшөптерді жұласыңдар, бірақ 3-4 күннен кейін барсаңдар сол жерге тағы да шөптер өсіп тұрғанын көресіңдер (неге ?)
Өйткені олардың жер астында тамырлары қалып қояды екен.
9) Топтық жұмыс
1-топ: Постер қорғау
«Өсімдіктердің көбею жолдары»
2-топ: Ойлан, тап!
Сурет бойынша өсімдіктердің мүшелерінің аттарын жазу
-
3-топ: Семантикалық карта
Кестені толтыру
-
4-топ: Сәйкестендіру тесті
Атауларды сәйкес тірі табиғат иесімен қосып сызу
-
10) Сабақты бекіту, қорытындылау.
- Сонымен балалар, табиғаттағы өсімдіктерді қорғау, көбейту - әр адамның міндеті. Өсімдік ауаны тазартады, саясында дем аласың.
Не білдік? Өсімдік қалай көбейеді?
11) Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау
12) Оқушыларды бағалау
</<br>
Ақшұқыр мектеп-лицейі
Дүниетану
«Өсімдіктердің көбеюі»
1-сынып
Мұғалім: М.Калданова
2016 жыл
-
-