- Учителю
- Жануарлардың көктемгі тіршілігі. Құралай желі. Көктем қарбаласы Малды көктемде күтіп бағу, көктем 1сынып
Жануарлардың көктемгі тіршілігі. Құралай желі. Көктем қарбаласы Малды көктемде күтіп бағу, көктем 1сынып
Сыныбы: 1 |
дүниетану | |||
Сабақтың тақырыбы
|
Жануарлардың көктемгі тіршілігі. Құралай желі. Көктем қарбаласы Малды көктемде күтіп бағу, көктем (ӨҚН). | |||
Мақсаты
|
жан-жануарлар мен құстардың көктемгі тіршілігі, көктемгі табиғат құбылыстарын танып білу және малды көктемде күтіп бағу, көктемде жан-жануарлардың тіршілігін жалғастыруы менбалалауы туралы білім беру, табиғат құбылыстарынан сақтану керектігін түсіндіру. | |||
Күтілетін нәтижелер
|
жан-жануарлар мен құстардың көктемгі тіршілігі туралы біледі,табиғат құбылыстарынан сақтануды, табиғи құбылыстарды алдын-алу кезіндегі шараларды біледі. Жануарлардың, құстардың көмегімен табиғатты болжауды үйренеді. | |||
Керекті жабдықтар |
Оқулық, дәптер, интербелсенді тақта, қалам, слайдтар, жұмбақтар | |||
Сабақ барысы: | ||||
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар | |
Кіріспе Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығына назар аудару. Қызығушылығын ояту. Топқа «Адамдар», «Жан-жануарлар», «Өсімдік» деп бөлу, топтық ережені назарда ұстау Психологиялық дайындық.
|
Сабаққа дайындалады. Топқа бөлінеді, өз көңіл-күйлерін слайдтағы смайликтермен білдіреді. Адам жан-жануар өсімдік Күннің өзі, білсеңіз |
|
Топ атаулары | |
Тұсаукесер «Табиғат - бізді қоршаған орта» -Адам табиғаттан не алады? Үй тапсырмасын сұрау. Жыл мезгілдеріне сай табиғат құбылыстарын сұрау Ассоциация «Жануарлар» -Көктемде қандай өзгерістер болады? Жаңа сабақты хабарлау. |
Оқушылар өз ойлары мен жауаптарын айтады. Жыл мезгілдері ауысады. Табиғат құбылыстарын дәптерге жазады. Әрбір оқушы өз білімдеріне сүйене отырып, ассоциация құрады. Оқулықты ашып, жаңа сабақтың тақырыбын жазады |
мадақтау Бағалау |
Сызба:жануарлар | |
Негізгі бөлім Оқулықпен жұмыс. Бөліктерге бөліп оқу. Берілген жаңа тақырыпты оқушылар өзбетімен оқып танысады. Сұрақтар қою. -Оқулықта не туралы айтылған? -Жыл мезгілдеріне тән көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Деңгейлік сұрақтар қою. Дарынды және талантты оқушыларға: Құралай желі дегенді қалай түсінесіңдер? Орта деңгейіндегі оқушыға: -Қалай ойлайсыңдар табиғатта өзгерістерге қарап нені анықтай аламыз? -Құстар мен жануарларға көктемде қандай көмек көрсетеді ? Уақытша кедергісі бар деңгейіндегі оқушыға: -Құстар туралы не айтылған? Суретке қысқаша мәтін құр. -Көктемгі табиғат құбылыстары адам өміріне қауіп тудыруы мүмкін бе? Неліктен? 1-слайд: Табиғаттағы қауіпті құбылыстар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық жағдайларға әкелуі мүмкін. 2-слайд: Мұз еріп, кенеттен шатырлардан түсуден сақ болу 3-слайд: Сел - тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын. -Табиғат құбылыстары кезінде адамдар не істеу керек екен? Сергіту сәті -Жәндіктер мен құстардың көмегімен ауа-райын қалай болжауға болады? «Ойлан, жұптас, талқыла» а) Аюдың балалауы. Аюдың көктемгі тіршілігі Аю немен қоректенеді? ә) Тышқан, түлкі, тиін, кірпі. «Ортадағы қаламсап» 1-топ:Аю қашан балалайды? - Аюдың баласы не деп аталады? -Ол апаннан қашан шығады? -Шыға сала не іздеп орманды кезеді? -Ол немен қоректенеді? 2-топ:Киік лағын қандай туады? -Лақтың туылғаннан кейінгі тіршілігі қандай? -Киіктің лағы не деп аталады? 3-топ: Мал қай мезгілде төлдейді? - Оларды қалай бағып күтеді? -Төлдерді қалай қоректендіреді? |
1. Тақырыпты түсіндіру. 2.Тізбектей оқыту. 3. Сұрақтарға жауап беру
Тірі және өлі табиғатта ұдайы өзгерістер болып жатады. Оқулықта оқығандары бойынша жауап береді. Қар ериді, су тасиды, құстар жылы жаққа оралады, т.б Жан-жануарлар төлдейді, далаға шығатынын айту Табиғатта өтетін өзгерістердің барлығын табиғат құбылыстары деп аталады. Құралай желі, көктем қарбаласы
Табиғатта өзгерістерге қарап ауа-райын анықтаймыз.
Сұрақтарға жауап береді, мәтін құрады.
Не? Қашан? Қалай? Сұрақтары бойынша жауап береді «Көктем қарбаласы» әңгімелеу арқылы түсіндіру. Оқушы бір-бірін тыңдайды, ойларын жинақтап, ортақ пікірін білдіреді.
Оқушылар дәптеріне түртіп отырады. Су тасуы, сел, қатты жел
Оқушылар өз ойлары мен жауаптарын айтады.
Толықтыру: Табиғат құбылыстары кезінде адамдар қауіптен сақтану керек, яғни қауіптің алдын-алу керек. Адамдар табиғаттағы апат құбылыстарын алдын алу үшін тұрғын үйлерді апатқа төтеп беретіндей етіп салу, елді мекендерді орналастыруда табиғат ерекшелігін ескерудің маңызы зор. 3 топ бір-біріне сұрақтар қояды. 1.Жаңбыр жауарда қарғалар, қарлығаштар қалай ұшады? жер бауырлап ұшады. 2. Жұмбақ шешу: Сүйретіп жансыз денені, Оты жоқ ошақты көсейді. (Сиырдың тілі) 3.«Құралай желі деп аталу себебі не? |
Жарайсыңдар!
Фигурамен бағалау Жұлдызша-толық жауап Төртбұрыш-толық емес Үшбұрыш-жауап нақты емес
|
Оқулық, дәптер | |
Қорытынды «Өзіңді тексер» сұрақтары 1.Қандай табиғат құбылыстарынан сақтану керек? А) Жай ғана құбылыстар Ә) Ауа-райының күрт суып кетуі 2.Қандай құбылыстар өз өлкемізде болған жоқ? Жұмбақтар шешу. Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ, Ұстаған қолдарында таяғы жоқ. Күніне талай жерге кетер кезіп, Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт) Үйге тапсырма. 95-98 бет Мадақтау. Бағалау. |
Білімдерін қорытындылау мақсатында сұрақтарға жауап береді, бірін-бірі бағалайды
Жұмбақтар шешеді Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді. (Ауа) Қолы жоқ, сурет салады, Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз) Қанаты жоқ, ұшады, Аяғы жоқ, жетеді. Қолсыз есік қағады. (Жел) Арыстан арқырады, Орман жарқырады. (Найзағай) Оқушылар топ бойынша бір-бірін бағалайды. |
Мадақтау, бағалау |
Жұмбақтар |