7


Қарсы мәндес сын есім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Қарсы мәндес сын есім

Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Оқушыларға мағынасы қарама-қарсы сын есімдер туралы түсінік беру,

сын есімдерді сөйлеу кезінде қолдана білуге жаттықтыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін,

сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Сабақ барысында ана тілін құрметтеуге, сөздік қорын молайтуға,

сауатты жазуға, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, карточкалар

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқуі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Психологиялық дайынддық

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын.

Бүгінгі алған бағамыз,

Кілең бестік болсын.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

1.Өткенді сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Ереже: Заттың сынын, сапасын, сипатын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.

Құрамына қарай түрлері

Сын есім

негізгі туынды дара күрделі

Мысалдар келтіру:

Негізгі сын есім: таза, әдемі, үлкен.

Туынды сын есім: әдепті ,білімді, тәртіпті.

Дара сын есім :Жасыл, кіші, тәтті.

Күрделі сын есім:қызыл ала, қап-қара, әп-әдемі.

2.»Сын есім» сөзжұмбағын шешкізу.

Жаңа сабақ.

1.Сөзжұмбақтағы мақалды айтқызу, талдау.

Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер.

Диаграмма арқылы адамның жаман, жақсы қасиеттерін атап айтқызу.Жақсы, жаман сөздеріне сұрақ қойғызу. Қандай сын есімдер? Тағы қандай қарсы мәндес сын есімдерді білесіңдер?Мағыналары қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейміз.

2. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.

Тт.

Тәрбие басы - тіл.

3.Оқулықпен жұмыс.

7 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

  1. Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.

  2. Жақсы бала - қуаныш, жаман бала - өкініш.

  3. Қант тәтті болады, бұрыш ащы болады.

  4. Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.

Сын есімдерді тап. Олардың мағынасына назар аудар.

- Не жаздық? Мақалдар неге жатады? Тағы нелер халық ауыз әдебиетіне жатады? (ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар).

4. 8-жаттығу.Өлеңді оқытып, жазғызу. Қарсы мәндес сын есімдердің астын сызғызу.





5.Өзіндік жұмыс.

9 - жаттығу.

Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Берілген сөздерге мағынасы жуық сын есімдер тауып жаз. (жеке оқушыға беру) Карточка.

Мейірімді (қайырымды, мейірбан );

Инабатты(сыпайы, кішіпейіл, тәрбиелі, әдепті );

Жуас ( момын, қой ауызынан шөп алмайды, момақан, бұйығы).





6.Сергіту сәті.Ойын «Мақалды толықтыр»

Жақсы ....- елдің ырысы,

Жақсы ...- жанның тынысы.

...... ағаш майысқақ.

...... бірді жығар,

....... мыңды жығар.

Өнерлі .... сүйкімді.

Өнер алды .....тіл.

Жақсы мен әлемге бірдей.

7.10 - жаттығу. Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде және оларға қарсы мәндес сын есім тап.

Ірі - ұсақ

Жұқа - қалың

Құрғақ - ылғалды





Дәлелдеу үлгісі: Заттың түсін (көлемін т.б) білдіреді.

Бұл - сын есім, өйткені қандай? сұрағына жауап береді.

8. 11- жаттығу. Жұмбақ шешкізу.

Қара ала тоны бар,

Аңдардың ол краны.

Оны сен де танып ал,

Серейіп кеп тұрады. (Керік)

Керікке сипаттама беру. Керіктің аяғының ұзындығы-1м 80 см.Мойнының ұзындығы - 1м 80 см. Бойының ұзындығы -5м 50см. Салмағы -1 тонна болады екен.

9. 12- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазғызу.Қарсы мәндес сын есімдерді тауып, астын сызғызу.

10. 13- жаттығу. Ойын «Жұбыңды тап» Берілген сын есімдерді жұптастырып жазғызу.

Қымбат- арзан, аласа - биік,

Қараңғы - жарық, Жуан - жіңішке,

Алыс - жақын, Қараңғы - жарық.

Жұқа - қалың,

Сабақты қорытындылау.

Сонымен, біз бүгін не туралы айттық?

Қарсы мәндес сын есім деген не?

Бағалау.

Үйге тапсырма: 15-жаттығу. Ереже жаттау

Ребусты шешкізу «Жүйрік ат» Сипаттау мәтінін құрау.

































































«Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

















Қазақ тілі



Тақырыбы : Қарсы мәндес сын есім



































Класс жетекші: Ережепова Ж.Қ.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал