7


  • Учителю
  • Бастауыш сыныпқа арналған сынып сағаты 2 класс

Бастауыш сыныпқа арналған сынып сағаты 2 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жолдасова Кәмшат Нұрмаханбетқызы


Тақырыбы: Табиғатым - тағдырым

Сыныбы: 2
Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесіміділік , табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: -табиғат, қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

-оқушылардың тілін, ойын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға тырысу;

-оқушыларды қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға баулу;
Көрнекілікті: интерактивтік тақта, табиғат туралы суреттер, нақыл сөздер,
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық жасау

Шөліркемей гүл тұрсын!

Жерім жайнап құлпырсын!

Нұрын сыйлап біздерге

Көкте мәңгі гүл тұрсын!

Нұр сыйлаған күн ыстық

Ыстық бізге кең өлке

Ыстық бізге тыныштық!

«Ой шақыру» Жұмбақ шешкізу:

Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)

Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.

Кескен болам,кесілмейді,

Кесілсе де, бөлінбейді. (Су)

Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбес өзі түгіл қарасы да.

Білінбей жер үстінде жүрсе дағы,

Пайдалы адамзаттың баласына. (Ауа)

Балалар, біз бүгін сендермен осындай үш топқа бөлініп отырмыз. Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады? Табиғат.
Мұғалім: Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие - бұлақ», «әулие - ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т. б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

Табиғат деген сөзді естігенде көз алдымызға не елестейді?

  1. «Табиғат» топтастыру

  2. Табиғат тіршілігі үшін не қажет? Әр топқа сөз беру:

1 - топ: Жер. Табиғаттың басты байлығы - жер. «Күте білсең, жер - жомарт» деген халық мақалы тектен - текке айтылмаған. Жер бетіндегі тіршілік атауы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесінен беретін.
Жақсылықта топырақтан шығады.
2-топ: Ауа. Тіршілік атаулының өмірлік өзегі, арманы - таза ауа.
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

3 - топ: Су. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су. Су - адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су - адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
1 - оқушы: Иә, туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар, аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.
2 - оқушы: Табиғат - адам баласынын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы орта.
3 - оқушы: Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем. Табиғат - әлем денсаулығының сақшысы, жаңға дауа шипагер.

4 - оқушы: Табиғат - ол өсімдік. Өсімдік - бүл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл - жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде - сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда - дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі - гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті - жасыл - желек орман.
5 - оқушы: Табиғат - ол жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, ән мен сәннің иесі - бұлбұл, орман - тоғай емшілері - тоқылдақ болса, дала ажары - ақ бөкен.
6 - оқушы: Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің, айында.
Тегінде жаның жомарт - ақ,
Ізгілік жатыр бойында
7 - оқушы: Табиғат қызығам сенің суретіне,
Бас ием сенің құдіретіне.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып.
Тұтқасы тіршіліктің бетінде.
«Ой - қозғау». Мұғалім сөзі: Сонымен біз табиғат туралы білгенімізді, білетінімізді ортаға салдық. Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған келелі де, күрделі де мәселелердің бірі - табиғат ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдаланып, кейінгі ұрпаққа қалдыру. Халқымыз ата заманнан бері жерін, суын қадірлеп, қасиет тұтқан. Кейінгі ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбиелік мұрағат боларлық мына жолдарды есте сақтайық.
Сұраусыз суын бұзғызбай - суын қорғаған.
Жөнсіз жерін жыртқызбай - жерін қорғаған.
Көк майса шөбін таптатпай - шөбін қорғаған.
Ұшқан құс, жүгірген аң, жыбырлаған жәндігінің берекесін
кетірмей - жануарларын қорғаған.
«Ой толғау» Ал, біз болашақ ұрпақ табиғатты қалай қорғап, сақтап қаламыз?
-«Бір ағаш кессең, он ағаш ек» - «Жасыл ел» бағдарламасына ат салысамыз.
-«Судың да сұрауы бар»- суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз.
- Орман, тоғайды, бақтарды күл - қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.
- Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
Табиғатқа байланысты қандай ырымдар мен тыйым сөздерді білесіңдер?
Ұя бұзба
Суға түкірме
Жас шыбықты кеспе
Құмырсқаның илеуін бұзба
Аққуды атпа
8 - оқушы: Табиғат - адам баласының дүниеге келтірген аяулы - ана, бүкіл тіршілік атауының алтын үясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өніп - өсер мекені.
Табиғатты сүйіңдер
Сүю үшін біліңдер.
Қамқорлық жасау жолында
Жанды салып күйіңдер.
Апаттан оны сақтандар
Ебін тауып баптаңдар.

Көрініс.
Әкесі мен баласы орманға келеді.
Әкесі: Ағашта қалмапты ғой өзі?
Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.
Әкесі: Әй балам, әне жас қайың тұр екен, соны кесейік дейді.
Баласы: Әке ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емеспе, табиғаттың сәні емеспе?
Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
Оқушы:
Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып келеді.
Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.
Құс: Тимендерші бұл ақ қайыңға ұямды бұзбандаршы, қырықпандаршы.
Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырыпай - ақ қояйықшы
Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны: Ай сенде нәзік жүрек. Мәссаған!
Оқушы:Құсты таспен атып ұрады. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді.
Содан құс: Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала
Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын не көрінді?
Не қалады артындағы ұрпағына?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын бас ұрып қара жерге сұлағанын
Сарғайып жапырағы өлімсіреп, байғұстың кім тыңдады жылағанын.
Шығармашылық жұмыс:
- Егер сен ақын болсаң, оңда...
- Егер сен суретші болсаң, онда...

- Егер сен жазушы болсаң, онда...
- Егер табиғатқа тіл бітсе... деген тақырыптарға өз ойларыңызды ортаға салайық.

Табиғат туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

9 - оқушы: Біз Қазақстан барысының
Еш нәрседен саспайтын арысымыз.
Өркениетті елімізді гүлдендіреміз
Алға қойған негізгі парызымыз.
Бәрі хормен:
Табиғаттың панасымыз -
Түйіп айтар сөзіміз.
Табиғаттың панасы -
Біздің мына өзіміз.
Қорытынды:
Ертеден қалған өсиет сөздерде

«Көзіңді қалдыр - бұлақ көзін аша жүр,

ізіңді қалдыр - жақсы істен мұра шаша жүр,

өзіңді қалдыр - бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің - шырағың, ал жасыл орман - құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал