7


Сынып сағаты 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: « Ана тілім- ардағым»
Сабақтың мақсаты:
Өскелең ұрпақтың ата-бабасынан келе жатқан қасиетті туған тілінің қадір-қасиетін мен сөз қадірін түсініп, өз ана тілін құрметтеп, дәріптеуге, мақтан етуге тәрбиелеу;
Сөздік қорын молайтып, ойлау қабілеттері мен өз ойын ашық жеткізу дағдыларын арттыру.

Көрнекіліктері: Тақырып, нақыл сөздер

Кіріспе сөз:
Тілім менің - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін!
Үй тапсырмасы: Белгілі бір ақынның тіл туралы өлеңін оқып, оқыған өлеңді ой елегінен өткіз.
- ақын өлеңде қандай ұран тастайды?
- өлеңде ақын қандай ой салады?
- өз ойыңды ашық айтайық.
Мұғалім: Сөз өнері - киелі өнер. Сөз құдіретінен асқан құдірет жоқ. Адамды жылататын да сөз. Жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де - осы сөз. Тек оны тыңдап, мән-мағынасын түсіне білу керек.
Олай болса, ұлы адамдардың даналық ойларына тоқталайық.

«Даналар сыр шертеді»
"Тәрбие басы - тіл" - Махмут Қашқари.
Сөзі жоғалған елдің, өзі де жоғалады.
- А. Байтұрсынов.
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан да қол үзеді. - - М. Әуезов
Тіл тазалығы дегеніміз - ана тілдің сөзін өзге тілдің сөзімен шұбарламау.
Тілдің тілден кеңдігі болғанымен кемдігі болмайды.
- Оқушылар даналық сөздерді оқи отырып, сол сөздердің мағынасын ашады.

«Мінсіз қате түзетуші»:
Привет, Досым!
Қалың қалай? Папаң, мамаң аман ба?Ауылда қандай жаңалықтар болуда? Вечерлер болып тұра ма?
Ал, маған келмек болсақ, мен де бәрі нормально. Иногда настроением болмайды. Потому что сендерді қатты сағындым. Иногда жаңа достарыммен дискотекаға барамын. Общежитияның есігін 11-де жабады. Соған дейін постараемся үлгеруге. Түнде келіп сабаққа дайындаламыз. Күндіз дайындалатын коридордағы шу сабаққа мешать етеді.
Кеше окорочка, марковь салып плов пісірдім. Ішіне капуста да салып жібердім. Бірақ конкретно болып піскен.
Ал, басқа не айтайын? Хат жазып тұр. Пока! Бәріне сәлем айт!
Сәлеммен, Досың!
- оқушылар хатты оқи отырып, шұбарланып жазған хаттың орысшаларын тауып, қазақшаға аударып түзетеді.

Мақал-мәтел жалғасын тап!
Тіл мен көз тас жарады,... / тас жармаса бас жарады/.
Өнер алды-... /қызылтіл/.
Бас кеспекболса да,... /тіл кеспек жоқ/.
Ақыл көркі - тіл,... /тілдің көркі-сөз/.

Өлең жазып көрейік!
Ана тілі - біздің туған анамыз,...

Өлеңнің бір жолы беріледі, оқушылар өз ойларынан жалғастырып өлең құрастырады.
- Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,
- Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
- Туған тілім - далам тілі - өз тілім,
- Туған тілім - адам тілі - өз тілім!


Қорытынды:
1. Дүниедегі ең ащы не?
2. Дүниедегі ең тәтті не?

Мұғалім:

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Ананың сүтімен берілген қазақ тілін әрқашанда мақтан тұтып, биік ұстап қастерлеу кейінгі ұрпақ мына біздің еншімізде. Бүгінгі сабағымызда айтылғандай тіл тазалығын сақтап, Қадыр ағамыз ұрандағандай өзге тілдің бәрін білсек те, өз тіліміз ұмытпай, туған тіліміздің дауына үлес қосайық. Қазіргі таңда біздің тіліміз осындай қамқорлыққа зәру деп бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймын.


«№33 орта мектебі»КММ















Тақырыбы: « Ана тілім- ардағым»






4 «А» сынып

Өткізген: Бердхан Уасира





Өскемен 2015 ж



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал