- Учителю
- Сынып жетекшінің жылдық есебі
Сынып жетекшінің жылдық есебі
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ
Т ә р б и е ж ұ м ы с ы н ы ң
жылдық қорытындысы
1 «Ә» сынып жетекшісі
Жапарова А.М.
2014 - 2015 оқу жылы
</
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ
1 «Ә» сыныбының 2014-2015 оқу жылындағы
жылдық тәрбие жұмысының қортындысы.
Тәрбие бағдарламасындағы мақсат шығармашылық
баспалдағы бойынша тақырыбы:
«Мен оқушымын, мен сыныптаспын»
Мақсаты: Баланы жаңа әлеуметтік ортаға қалыптастыру,
сынып ұжымы мүшелігін мойындату мақсатындағы
1«Ә» сынып оқушыларымен жүргізілген тәрбие іс-шаралары
мынандай 6-бағытта жүргізілді.
-
Патриоттық сананы қалыптастыру бағыты бойынша өткізілген іс - шаралар
«Қазақстан-2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» , «Отаным - бақыт ордасы», «Мен, Қазақстан азаматымын!, «Көше күтпеген жағдайларға толы» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Нәтижесінде:
Оқушылар бойында патриоттық сана сезімдері қалыптасып туған жерге деген қамқорлық, рәміздерге деген құрмет, қазақ халқының мақал-мәтелдерін жатқа айта алатын тұлға болып қалыптасты. Оқушылар «Туған жер», «Менің Қазақстаным», «Менің Отаным» атты шығарма, өлеңдер жазып, Астананың, рәміздердің суреттерін салды.
-
Рухани - адамгершілік даму бағыты бойынша
өткізілген іс-шаралар
«Ұстазым арманыма ақ жол бастап», «Қызым -қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым», «Сыйласаң сыйлы боласың» атты тәрбие сағаттары өткізілді. «Жаным толған жақсылық» атты тәрбие сағатына ашық сынып сағатын өткіздім.
Нәтижесінде:
Оқушылар адамгершілікке, рухани тазалықты сақтау, әр істе сабырлы, салмақты, ізденімпаз жауапты болуға үйренді. Оқушы бойында дүние танымы кеңейіп, рухани құндылықтары әсемдік арқылы, қоғамдық істерге белсене атсалысатын тұлға қалыптасты.
3-Этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу
бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар
«Менің тілім - менің мақтанышым», «Ынтымақ достық кепілі», «Менің ең жақын достарым» «Халқын сүйген - салтын сүйер», «Біз көп ұлтты тәуелсіз мемлекетпіз» атты іс-шаралар өткізілді
Нәтижесінде:
Оқушылар әр түрлі халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсініп, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып басқада халық өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиеленді. Осындай тәуелсіз мемлекетімізде әр түрлі ұлттардың бір шаңырақ астында тату-тәтті бейбіт өмір сүруінің мәнісін түсінді. Сонымен қатар әлем мәдениетін дәріптеу мақсатында биылға 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында мекетептегі іс шараға белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті.
4-Құқықтық тәрбие бағыты бойынша өткізілдген іс-шаралар
«Қарттарым- асыл қазырам», «Үйренерім көп меніңІ», «Ата Заңым - Айбарым!», «Адами қарым-қатынас- өмірдің мәні» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Нәтижесінде
Оқушылар өзінің құқықтары мен міндеттерін біліп, өз бойындағы жағымды қасиеттерді жетілдіруге баулыдым.
5-Салауатты өмір салты бағыты бойынша өткізілген
іс-шаралар
«Денсаулық құпиялары», «Мен спортшымын», «Алақаны ақ самал...» «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты тәрбие сағаттарын өткіздім.
Нәтижесінде:
Оқушылар адам денсаулығының қымбаттығын түсінді. Денсаулықлықты сақтаудың адам өміріне маңызын түсінді. Адам күн тәртібін сақтап, таза жүру керектігін білді. «Дені саудың-жаны сау» атты тәрбие сағатында мектебіміздің медбике апайын шақырып денсаулық туралы, тазалық туралы, тамақ ішудің маңызын , таңерең ерте тұрып дене шынықтыру керек тігі айтылды. Денсаулықты сақтаудың өмірлік дағдысымен тәртібіне дағдыланды.
Спорт күніне арналған мектеп ішілік іс шараға ат салыстық.
6- Ата-анамен жұмыс бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар
«Жанұялық демалыс проблемасы», «Біз бақытты жанұямыз атты тәрбие сағаттары және де тоқсан сайын ата-аналар жиналысы өткізілді.
Нәтижесінде:
Биылғы оқу жылы ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жақсы жұмыс жасадық. Қараша айында баланың әлеуметтік тұрмыс жағдаймен танысу барысында :
-
Сынып оқушысының әлеуметтік - тұрмысын тексеру актісі;
-
Оқушының жеке әлеуметтік паспорты;
-
Оқуылардың мектепішілік ережесі;
-
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі ережелер, т.б құжаттармен ата-аналар таныстырылды.
Әр тоқсан сайын ата-аналар жиналысы болды. Тоқсан аяғында болатын демалыс уақытында ата-аналар өмір қауіпсіздігі және жол ережелерімен таныстырылды.
Биылғы жыл бойынша өткізілген ата-аналар жиналысы:
-
№1 Ата-аналар жиналысы. 01.09.2014 ж
1. Оқушының мектеп ережесіне бейімделуі;
- ата-ана комитеті сайланды;
2. Жанұялық тәрбиеге (ата-аналарға арналған тренинг), қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің ролі.
3.Ата-ана өз баласының өмір қауіпсіздік және көшеде жүру тәртібі мән беруі туралы ескертілді. (Ескерту парақшасы мен қосымша дәптерлерге қол қойдырылы, ескерту айтылды)
-
№2 Ата-аналар жиналысы. 01.11.2014ж
1.-1 ші тоқсанның аяқталуына байланысты жиналыс өтті.
2. оқушы тәртібі мен оқу үлгірімі және-оқушылар жетістіктер жөнінде айттым.
3. «Бала қабілетінінің даму деңгейін анықтау» ата-ана үшін анкета толтырылды.
-
№3 Ата -аналар жиналысы. 31.02.2015ж
Бір жетілік демалысқа кетуімізге байланысты «Отбасы - тәрбиенің ұясы» тақырыбында жиналыс өтті. Ата - аналарға бала тәрбиесі жөнінде психологиялық тұрғыдан кеңес берілді. Мектеп психологы Хусайнова Т ата-аналармен жұмыс жасады.
Оқушылардың оқу үлгірімі жайлы айтылып, оқушы портфолиосымен таныстырылды.
-
№4 Ата -аналар жиналысы. 19.03.2015ж
Күн тәртібінде 3 тоқсанның аяқталуына байланысты сабақты қорытындылау айтылды. Табельге қол қойылды. Өмір қауіпсіздігі, жол ережесі және техника қауіпсіздігі жайлы айтылды.
-
№ 5 Ата - аналар жиналысы. 25.05.2015 ж
Күн тәртібінде оқу жылының аяқталуына байланысты сабақты қорытындылау айтылды. Оқушылардың жазғы демалысқа кетуіне байланысты өмір қауіпсіздігіне қол қойылды. Жазға лагерь жайында айтылды. Мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, ата-аналармен өзара сыйласып, ұйымдастыра білгені үшін марапатталды. Ата-аналар қорытынды бағалармен танысып, табельге қол қойды.
Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, Отбасы мүшелерінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру мақсатында ата - аналардан сауалнама алынды.
«Сіз қандай ата-анасыз?»
Оқушымен жұмыс:
Сынып белсенділерін сайлау, мектеп формасы, оқулығын күту, сабақтан қалмау, күнделікпен жұмыс, демалыс кезінде іс шараларға және күзгі, қысқы, жазғы демалыста қауіпсіздік ережесін сақтау жұмыстары жүргізілді. 2 тоқсанда оқушылардың үйлерін аралап оқушының әлеуметтік жағдайымен таныстым. Үй аралау барысында оқушының әлеуметтік тұрмысын тексеру актісі мен оқушының жеке әлеуметтік паспортын жасадым.
1 «Ә» сынып оқушылары биылғы мектепішілік мерекелерде белсенді қатысты. Мысалы: «Алтын күз» мерекесінде бірінші орынды жеңіп алып, «Гүл ханзадасы мен гүл ханшайым-2014» атағына ие болды. «Ғажайып гүл әлемі» көрмесінде 3 орынды иелендік.
(Гүл ханзадасы мен
гүл ханшайым -2014)
«Ойнайық, сөйлейік, үйренейік» тақырыбында өткен онкүндікте белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
«Әліппемен қоштасу»
Жаңа жыл құтты болсын!
8 наурыз Аналар мерекесі!
«Әдептілік - әдемілік» апталығы.
Қорыта келгенде, 1 «Ә» сынып оқушылары білімді, тәртіпті, өз міндеттерін түсінетін, ынталы, өнерлі, белсенді, болашағынан зор үміт күттіретін өнегелі өрендер.
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»
1 «Ә» сыныбының жыл бойына сынып, сыныптан тыс тәрбие жұмыстары және мектепішілік іс- шараларға қатысу жөнінде
мониторинг, 2014-2015 оқу жылы
Жол қозғалысы ережелеріне байланысты өткізілген сынып сағаттары: