- Учителю
- Поурочные планы по казахскому языку на тему 'Сөйлеу мәдениеті 1 -4 жаттығулар' (4 класс)
Поурочные планы по казахскому языку на тему 'Сөйлеу мәдениеті 1 -4 жаттығулар' (4 класс)
Пәні : Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті 1 -4 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. . Мәтінді дұрыс оқып, әдемі жаза білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: алған білімді жетілдіру
Сабақтың түрі: практикалық
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ситуациялық сұрақ, топтастыру.
Көрнекілігі: Дидактикалық ойындар көрнекілігі:
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
III. Үй тапсырмасын сұрау тапсырманы 5 - 6 оқушыға оқытамын.
IV. Танымдық - операционалдық кезең Өткенді қайталап, еске түсіру
Жаңа сабақ Ой толғанысы - Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдиенеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Ситуациялық жағдаяттар
Дәптермен жұмыс.1 - жаттығу. Жаттығуды оқып беремін. Түсінгендерін сұрақ қояу арқылы тексеремін.Сәйкестендіру
2 - жаттығу. Оқушыларға өлеңді оқытамын. Өлең не туралы ?. Оқулықтағы тапсырмалар орындалады
3 - жаттығу. Әңгімені түсініп оқыту Түсінгендерін сұрақ арқылы тексеремін.Сергіту жаттығуы
V. Қортынды - рефлексия кезеңі. Сабақты бекіту. Топтық жұмыс. Ойын ойнату.
Ойынның аты: «Тез ойла, сөз ойла».
Шарты: 3 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 3 сөз беріледі.
1 - топ - сыйластық. 2 топ - кішіпейілділік. 3 топ - инабаттылық
Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз атанады.
Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы....
Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш...
Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық...
Бағалау.
Үй тапсырмасы.
4 - жаттығуды жазып келу