- Учителю
- Әдебиеттік оқу 2 сынып. Тақырыбы: Наурыздағы тілек
Әдебиеттік оқу 2 сынып. Тақырыбы: Наурыздағы тілек
Наурыздағы тілек
Кабдулхахова Бибігүл Ерсайынқызы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектебі
Сабақ тақырыбы:
Әдебиеттік оқу 2 - сынып. Наурыздағы тілек
Жалпы мақсат:
«Наурыздағы тілек» өлеңімен таныстыру, Тілек,бата сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру.
Нәтижесі:
Тілек - өлеңді түсініп оқиды.
Тілек, бата сөздерінің мағынасын түсінеді.
Тілек білдіріп, құттықтау хат жазуға үйренеді.
Сабақта қолданылған модульдер, әдіс-тәсілдер:
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Талантты және дарынды балаларды оқыту, Блум таксономиясы.
Сілтеме:
Әдебиеттік оқу Атамұра 2013жыл.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Power Point презентациялар слайд, бағалау парағы, жіп, кеспе суреттер, бетшелер, желім, маркерлер,стикерлер.
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
« Менің жақсы қасиетім » тренингін өткізу.
Оқушы өзіне тән жақсы қасиетті айтады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Білу
1. «Ой қозғау» Сөзжұмбақ шешу
2. « Өрмекшінің өрмегі» әдісі
Наурыз көже мәтінінің мазмұны бойынша бір- біріне сұрақтар қойғызу, жауап алу.
Сөзжұмбақты шешкенде «Наурыз көже» сөзі шығады.
Оқушылар сұрақ қояды, сұраққа жауап береді,
Түсіну
1. Сұрақ - жауап:
-Бата деген сөзді естулерің бар ма?
-Батаны кімдер береді?
-Бата бергенді қай жерлерде естіп, көріп жүрсіңдер?
-Тілек білдіру, жақсы сөздер айту батаға жата ма?
-Сендердің араларыңда бата алғандарың бар ма?
2. Мағынаны таны
Бата, бата беру - ,
жақсы білдірудің ұлттық екенін, батаны басында, түрлі -тойларда беретінін, бата беретін адамдар , бата берудің маңыздылығы туралы айтып таныстыру.
3.Оқулықпен жұмыс
Тілек- өлеңді оқу.
4. «Ойлан, тап!»
3 топқа 3 шумақты бөліп беру, ортаға суреттер тастау.Әр топ өз шумағына сәйкес суреттерді тауып, бетшеге желімдеуі керек.
Өз ойларын ортаға салады. Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар білетіндерін толықтырады.
Қосымша ақпарат алады.
Жеке, тізбектей оқиды.
Топпен жұмыстанады, өз тобына берілген шумақты оқып мазмұнына сәйкес келетін суреттерді табады, желімдейді.
Сергіту сәті
Сергіту жаттығуы: Көңілді күн.
Бой сергітеді.
Қолдану.
«Ыстық орындық» әдісі
Бұрыннан білетін бата, тілек- терін кезектесіп айтады.
Талдау.
«Ой толғаныс» Бата тілектер кімдерге арналған?
1.Өмірлерің мәнді болсын,
Махаббаттарың мәңгі болсын,
Шаңырақтарың биік болсын,
Босағаларың берік болсын.
2.Сапарың оң болсын!
Басыңа бақ қонсын.
Сәтті жол болсын,
Жолың ақ болсын!
3. «Бата!» десең қарт атаң
Айналсын сендей ботасын!
Оқы, құлыным,ғалым бол
Атаң берді батасын!
Оқушылар сыни ойлау арқылы
бата- тілектердің кімдерге арналып жазылғанын табады.
Жинақтау.
«Жеке ойлау уақыты»
1 топ: ата-анаға
2 топ: ұстазға
3 топ: досына тілек білдіріп құттықтау хат жазу
Ата- аналарына, ұстазға, достарына арнап тілек білдіріп, құттықтау хаттарын жазады, оқиды.
Бағалау
-
Сұрақ қою, жауап беру.
-
Топпен жұмыс - сурет таңдау.
-
Бата- тілек айту.
-
«Ой толғаныс»
-
Құттықтау хат жазу.
Топ басшысы бағалайды.
Үйге тапсырма
Тілек - өлеңді жаттау.
Тілек- өлеңді жаттап келеді.
Кері байланыс
Тақырып бойынша түсінген, түсінбегенін стикерге жазып ілу.