7


  • Учителю
  • Дүниетану Тақырыбы Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Дүниетану Тақырыбы Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану 4 сынып





Сабақтың тақырыбы: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың орман-тоғай өсімдіктері мен

жануарлардың көп түрлілігі туралы қарапайым ғылыми

негізі бар түсініктерін қалыптастыру. Оларды қорғаудың

маңызын ұғындыру. Алған түсінік ұғымдарын сабақтастырып қисынды ой-пікір алуға баулу.



Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: «Жануарлар мен өсімдіктер және олардың алуан түрлілігі» суреттер жиынтығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.

ІІІ.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Кіріспе: орман - тоғай туралы не білеміз? Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді?

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.

Тоғай - шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.

Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі.

V.Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.

- Мәтінді тұтас оқу.

- Мәтінді тұтас оқып, түсінігін айту.

- Мұғалімнің тапсырмасы бойынша керек жерін теріп оқу



Картамен жұмыс. Оңт. Орал мен Алтай арасында шағын ормандар өседі.

























Дүниетану Тақырыбы Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарларыДүниетану Тақырыбы Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарларыДүниетану Тақырыбы Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары















Дүниетану Тақырыбы Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарларыДүниетану Тақырыбы Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарларыДүниетану Тақырыбы Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары



Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Дәптермен жұмыс

Орман - тоғай өсімдіктері Орман - тоғай жануарлары

Қайың, көктерек, шырша, терек, қарағай;

Қойбүлдірген, таңқурай, тошала, шеңгел, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, қоғажай, айдаршөп. Сілеусін, жапалақ, шымшық, құмырсқа, елік, қасқыр, түлкі, тоқылдақ, көкқарға, бартоғай бұғысы, тиін, мысықторғай т. б.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Орман мен тоғай өсімдіктері мен жануарлары адамдар үшін қаншалықты қажет деп ойлайсыңдар? Өз ойларын әңгімелету.



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

- Орман - тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.

- Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?

- Тоғайда әсіресе не көп өседі?

</<font size="4">VIІІ.Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу .



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал