7


  • Учителю
  • ӨЗін-өзі тану 'Оқуға құштарлық'

ӨЗін-өзі тану 'Оқуға құштарлық'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы

Тақырып: Үлкенге - құрмет, кішіге ізет.

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Жауапкершілік, табандылық, өзін және өзгелерді құрметтеу.

Мұғалiм: Ауезаитова Ж.Т. Сынып: 2 «Ә» Оқушылар саны: 16


Сабақ мақсаты:

Өзара сыйластықта сүйіспеншілік ұғымының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Үлкен мен кіші арасындағы сыйластықты түсіндіру.

2. Сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

3. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

( құралдар, әуен, слайдтар)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Психологиялық дайындық.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

  • Енді 5 «Т» ұстанымын есімізге түсіріп алайық.

/ тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық /

Тыныштық сәтi.«Су асты патшалығына ойша саяхат»

- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

- Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз. Ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз. Мұнда кемпірқосақ тәрізді әрлі-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады.)

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажайып саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

-Балалар, бүгін сабақта оқудың, білімнің адам өміріндегі қажеттілігі, маңыздылығы туралы әңгімелесеміз.

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Үш дос» мәтінін талдау. Бір-екі оқушыға әңгімелету.

Сұраққа жауап

  1. Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

  2. Бір-бірімен сыйластықта болуы үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  3. Өз басыңда осындай оқиғалар болды ма№


  1. Дәйексөз.

« »

Халық мақалы

Дәйексөзді оқимыз, мағынасын ашып талдаймыз.Бірнеше рет қайталап, есте сақтаймыз.

-Білім бізге қалай келеді?

-«Білімсіз күнің жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?


  1. Әңгiмелеу.

Адамның үш түрі Аңыз

-Мына мүсіндердің әрқайсысының өзінің құндылығы және мағынасы бар,- деп бір патшаға көрші мелекеттен алтыннан жасалған бірдей үш мүсін жібереді.Патша мүсіндерді өзінің қоластындағы адамдарына беріп, олардың айырмашылығын табуын талап етеді.

Уәзірлері ол мүсіндерді таразыға салып өлшейді, ұзындығын өлшейді, аптынның сапасын тексереді. Бірақ еш айырмашылығын таппайды.Басқа көрген сырт адамдар да ешнәрсе байқамайды. Тек бір ақылды уәзір ғана берілмейді.Ол кішкене мүсіндердің оң құлақтарында тесіктер барын аңғарып, тесіктерге жіңішке алтын сымды кіргізеді де мынаны байқайды. Бірінші мүсіннің құлағына кірген сым екінші құлағынан шығады, ал екіншісінің-аузынан шығады, үшіншісінің ішінде қалады.Сосын біраз ойланған уәзір патшаға келіп: ( болжау)

-Уа, патшам, жұмбақтың шешімі табылған сияқты.Бірінші мүсін- бір құлағына айтылған сөз екінші құлағынан шығатын адамға, екінші мүсін ( болжау)- естігенін, білгенін аяғына дейін тыңдамай, ой елегінен өткізбей, басқаға жеткізетін адамға ұқсайды. Ал үшіншісі (болжау)- оқығанын, естігенін,білетінін есінде сақтап, өз бойынан өткізіп, өмірде қажетіне пайдаланатын адам, -деп айтады.

Сұраққа жауап:

  1. Осы үш мүсіннің қайсысы құндырақ? / Бойына білім жинайтын және оны дұрыс пайдаланатын адам /

  2. Білім бізге не үшін қажет? /Білімді болсаң, барлық жағдайда сөзбен, ақылмен жеңесің.Басқа адамдарға ақыл айтасың. Білімді адам күшті адам./

  3. «Күш-білімде» дегенді қалай түсінесің?

  4. Сенің оқудағы мақсатың не?

  5. Алған білімің нақты және сапалы болуы үшін не істеуің керек? 1.)Білу

2.)Есте сақтау

3.)Қолдану /пайдалану/ дұрыс әрекет


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын «Сүйіспеншілік гүлі»

Жапыраққа, гүлге ата-ана бойындағы жақсы қасиеттерді жазып, гүл құрастырады.

( Мейірімді, )

  1. Дәптердегі ребусты шешу

  2. Өлең жолын толықтыру

........... ....... оқимын,

........... ........ тоқимын.

........... ....... атанам,

........... бата алам.



Кітапты көп оқимын,

Ойға білім тоқимын.

Ойлы бала атанам,

Үлкендерден бата алам.

Қорытынды.

Өнер де, білім де оқумен келетінін түсіндік. Алған білімді өмірде пайдалана білу керек.Әйтпесе ол сөреде қалып қойған кітап болып қалады. Жас кезіңде көп оқып, ойға түйсең көп білесің. Ал көп нәрсе білсең алдағы өмірің ашық болады. Өзіңде бар білім еш уақытта азаймайды, тозбайды,ол бүлінбейді.

Ұлы жазушымыз М. Әуезов: «Адам мен адамды, халық пен халықты теңестіретін-білім » дегендей алдыңғы 30 елдің қатарына ену үшін білімді азамат болуымыз өте қажет.


  1. Топпен ән айту.

«Мектебім» әнін айту.

Әні мен сөзін жазған: Бота Бейсенова

1. Мектебім, аяулы мектебім,
Өзінсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын,
Арманға көктегі.

Мектебім келеміз тағыда,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына,
Қайырмасы:
Мектебім, аяулы мектебім,
Бағында гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін.

2. Келеміз куанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.

Мектебім, өзінді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін

  1. Үй тапсырмасы.

«Ұстаз» өлеңін оқу, өз сөздерімен әңгімелеу. 20-22-бет.

А. Сопыбеков


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Көздеріңді жұмып, бүгінгі сабақта үйренген жақсы

қасиеттерді еске түсіріп, жүрегімізге түйіп аламыз.Ойша бәріне жақсылық тілейміз.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал