- Учителю
- Дүниетану. БжС технологиясы. 3-Сынып.
Дүниетану. БжС технологиясы. 3-Сынып.
Дүниетану 3 сыныg
Тақырыбы: Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің топталып өсуі. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді туралы түсінік беру, қосымша материалдармен таныстыру, өсімдіктердің тірі ағза екенін еске салу; әңгімелеу, сипаттау, талдау, тәжірбие жасау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі: БжС технологиясы бойынша Ауызша сабақ-1 картасы
Көрнекіліктер: схемалар, кітапшалар, кілттік сөздер,
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау бақылау, тәжірбие жасау.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Кіріспе (үй тапсырмасын тесеру мақсатында)
-
Балалар, біз қандай тарауды оқып, біліп жатырмыз?
-
Өсімдіктер туралы не білдіңдер?
-
Өсімдік тіршілік ету жағдауына қарай қалай бөлінеді?
-
Тірі ағзаға не жатады?
-
Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.
-
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.
-
Көлеңкеге төзімді өсімдіктерді ата.
-
Мәдени өсімдітерге не жатады? (бидай, күріш, қызанақ)
-
Бидайдан қандай өнім алынады?
-
Өсімдіктің тамыры қалай орналасады?
-
Тірі ағзаның тіршілік етуі үшін не қажет?
-
Сүттіген, жатнақ қандай өсімдіктер?
-
Жауқазын қандай өсімдік? (ерте гулдейтін)
-
Саумалдақ, қынжыгүл қандай ағашпен бірлесіп өседі? (емен)
-
Өсімдіктер қай мезгілде бүршік жарада? (көктемде)
ІІ. Жаңа сабақ
-
Балалар, сендер өсімдіктердің қанша жыл өмір сүретінін білесіңдер ме?
-
Өсімдіктер өнім беруіне, тіршілік ету мерзіміне ақарай 3-ке бөлінеді.
Өсімдік - тірі ағза. Оларда мөлшерлі уақыт тіршілік етеді.
Өсімдіктер түрлері
Біржылдық екіжылдық көпжылдық
Біржылдық өсімдіктер: бидай, күнбағыс, қызанақ.
Екіжылдық өсімдіктер: пияз, орамжапырақ.
Көпжылдық өсімдіктер: емен, қайың, сарықараған.
Қосымша материал: оқушыларға кітапшалар тарату
-
Көптеген шөптектес өсімдіктер бір маусым тіршілік етеді. Олар гүлдейді , тұқым береді және өледі. Бұлақ - біржылдық өсімдіктер. Оған: бидай, күріш, жүгері, тары, арпа, қияр, қарбыз т.б.
-
Тіршілігінің екінші жылында өсімдік гүлдейді, тұкім береді және өледі. Бұлар - екіжылдық өсімдіктер. Оларға сәбіз, қызылша, шалқан жатады. Олардың жуандаған тамырын адамдар тамаққа пайдаланады.
-
Ағаш пен бұта көп жыл өседі. Олар жыл сайын гүлдеп, тұқым береді. Әр жылы жаңа жапырақ шығады, діңі жуандайды. Олар өсіп биіктей береді. Бұлар - көпжылдық өсімдіктер.
-
Егер ағаш кесілсе, оның жасын түбіріндегі сақиналарының санына қарап анықтайды. Әр сақина тіршіліктің бір жылына сәйкес келеді. Сондықтан оны жылдық сақина деп атайды.
-
Жердегі ең көп жасайтын ағаш - секвойя. Ол 3 мың жылға дейін тіршілік етеді. Бірақ Қазақстанда секвойя өспейді.
-
Шөптектес өсімдіктерден ең ұзақ жасайтыны - қырыққұлақ (папоротник). Ол 100 жылға дейін тіршілік етеді.
-
Жер шарындағы ең кәрі ағаш АҚШ-тың Невада Штадында биік тауда өсіп тұрған қарағай екен. Ғалымдар оның ғұмыр жасы 5000 жылдан асқан деп ұйғарып отыр.
Өсімдік
Тіршілік ету мерзімі
Шырша
200-300 жыл
Қарағай
200-350 жыл
Үйеңкі
150-200 жыл
Жөке
120 (800-1000) жыл
Емен
2000 жыл
Қарағаш
80-120 жыл
Бәйтерек
60-80 (120-150) жыл
Самырсын
200 жыл
Көктерек
80-90 (150) жыл
Тал
40-50 жыл
Өсімдік
Жабайы мәдени
-
Кілттік сөздер
Өсімдік, бидай, күнбағыс, сасыр, емен, қайың, қызанақ
-
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу. Талдау.
-
Қарама-қарсы сұрақтар
Оқушыларға сұрақтар қойып, матрицаға белгілеу.
-
Сыни тұрғыдан сұрақтар
Оқушыларға сұрақтар қойып, матрицаға белгілеу.
-
Тақырыптық сөздік қор
«Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді» тақырыбынан түсінгендері бойынша тақырыптық сөздік қор жазу. Жазуға 5 минут беру.
Тексеру. Оқушылар 35-40 сөз жазу керек.
ІІІ. Қорытынды
-
Сонымен, өсімдіктер тіршілік ету мерзіміне қарай қалай бөлінеді?
-
Біржылдық, көпжылдық, екіжылдық өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?
-
Ең көп өмір сүрген өсімдікті ата.
ІҮ. Үйге тапсырма.
-
Дәрілік өсімдіктер жайлы біліп келу.
Ү. Бағалау