- Учителю
- Сыныптан тыс жұмыс 'Біз қауіпсіздікті қолдаймыз!'
Сыныптан тыс жұмыс 'Біз қауіпсіздікті қолдаймыз!'
Тақырыбы : Біз қауіпсіздікті қолдаймыз!
Мақсаты: Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлар мен оларды болдырмаудың жолдары және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Көрнекілігі:сюжетті суреттер,плакаттар,слайд,макеттер,мультфильм.
Пәнаралық байланыс:дүниетану,ана тілі
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Барысы:
Мұғалім:Армысыздар құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін назарларыңызға 2 сыныптардың ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Біз қауіпсіздікті қолдаймыз!» атты іс-шараны ұсынғалы отырмыз.Жалпы іс-шараның мақсаты адам өмірінде кездесетін оқыс оқиғалардың алдын алу жолдары мен қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Слайд. «Өмірдегі қауіпсіздік ережелері »
Экранға назар аударыңыздар.
Мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздік ережелері:
1.Үлкендердің қарауынсыз суға түсуге болмайды.
2.Шырпыны ұстауға болмайды.
3.Электр жүйесі өміріңе қауіпті.Электр қондырғыларына жолама.
4.Газ плиталарын жақпа.
5.Жолда жүру ережелерін сақта.
Ортаға 2 « З » сынып оқушыларын шақырамыз
Мұғалім: От өмірімізге қуат беріп,бойымызды жылытады.От-өмір сәні.Отсыз тіршілік жоқ.От жағылмаса тамағымыз піспейді,үйімізде жылынбайды.Отсыз тоңып,жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмай қалады.Сонымен от өміріміз десек те,оны дұрыс пайдалана білмеу де өте қауіпті. «Сақтағанды құдай сақтайды»деген нақыл сөз бар.Сондықтан біз оттың басталғаннан кейін емес,өрттің шығу тетіктерін зерттеп,оны болдырмауға барлық білік-дағдыларымызды жұмсауымыз керек.Бұл туралы қазір бізге 2 « Е » оқушылары айтып береді.
Ортаға 2 «Е» сынып оқушыларын шақырамыз.
Мұғалім: Су- тіршілік көзі.Сусыз өмір сүре алу мүмкін емес.Су шөліңді басады,тамақ жасау үшін пайдаланамыз,тазалық үшін аса қажет.Ал енді осы су да тілсіз жаулардың біріне жатады екен.Алдымызда жаз мезгілі келе жатыр,балалар.Осы мезгілдің ыстық күндеріне шыдамай барлығымызда суға шомылғымыз келеді.Суға түсудің де өзіндік ережелері бар екен.
Қане ,кімдер біледі бұл ережелерді?
1.Арнайы белгіленген жерде ғана суға шомылу керек.(бассейн,жағажайларда)Бұл жерлерге үлкендермен бірге баруымыз қажет.
2.Қатты аптап ыстықта суға түсуге болмайды.
3.Суға секіріп келіп түсуге болмайды.
Аудио-роликке назар аударайық. «Судағы қауіпсіздік ережелері»
Ортаға 2 « Ж »және 2 «» сынып оқушыларын шақырамыз.
Мұғалім: Балалар,өмірде неше түрлі жағдайлар кездеседі? Сондай қиын жағдайларда жылдам әрі дұрыс шешім қабылдай білуіміз керек .
Осындай оқыс оқиғаларға тап болғанда ,өздерінің қандай шешім қабылтайтыны жөнінде 2 « Г » сынып оқушыларын тыңдайық.
Ортаға 2 « Г» сынып оқушыларын шақырамыз.
Мұғалім: Мұндай оқыс оқиғаларға сіздер тап болмаңыздар деген тілекпен
2 « В» сынып оқушысы орындауында
әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалім:Балалар, қазір біз «Кім,зерек!»атты жұмбақ-ойын ойнаймыз.Бұл жұмбақтарды бізге 2 «А» сынып оқушылары жасырады.
Ортаға 2 « Г» сынып оқушыларын шақырамыз.
Мұғалім: Балалар,біз тек өрттен , судан ғана емес жолда да өте сақ болуымыз керек. Біздің еліміздің барлық қала,ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбіреулері біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып,кейбіреулер жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын жолда жүру ережесін мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруы керек. Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесін,заңын бұзбайды.
.Енді сөз кезегін оқушыларға берейік.
Ортаға 2 « Д » сынып оқушыларын шақырамыз.
Мұғалім: Жол ережесін жақсы біліңдер ,өздеріңді жол апатынан сақтай біліңдер деген жақсы ниетпен 2 « Б» сынып оқушыларының орындауында «Жүргізушілер» биін қабыл алыңыздар.
Мұғалім: Алда күткен армандарға асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Қауіпсіздік ережелерін жақсы біліп,
Әрқашан сақтықпенен адымдармыз.
Балалар ,бүгінгі «Біз қауіпсіздікті қолдаймыз!» атты іс-шарамызда өмір сүру қаіпсіздігі жайында көп мәлімет алдық.Жоғарыда айтылғандарды естеріңе сақтап ,әдепті оқушы болып жүріңдер.
Іс-шарамыздың соңында мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Сағымбайқызына сөз береміз.