- Учителю
- Бақша суарамын. Сабақ жоспары
Бақша суарамын. Сабақ жоспары
Сабақ жоспары.
3-сынып
Сабақтың тақырыбы:Бақша суарамын
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың сөздік қорын байыту, бау-бақша тақырыбына сөйлем құра білуге баулу. Сұрақ қоя білуге дағдыландыру.
2.Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.Ой-өрісін кеңейту, өз бетінше жұмыс жасауға, білім, білік дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Тілге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу, кезекшімен сұхбат
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздікті жалпылама сұрау, сұрақтар қою.
ІІІ. Негізгі кезең:
Сөздік жұмысы:
Бақша - огород
Көкөніс - овощ
Жүйек - грядка
Сәбіз - морковь
Картоп - картошка
Пияз - лук
Сарымсақ - чеснок
Суарамын - поливаю
Жаңа сөздермен сөз тіркесін және сөйлемдер құру.
Тапсырмалармен жұмыс:
1-тапсырма.
Мәтінді оқу, аудару.Сұраққа жауап беру.
На нашей даче есть прекрасный огород. Каждый овощ посажен на своей грядке. Морковь и картошка. Лук и чеснок. Это очень вкусные и полезные овощи. Я каждый день поливаю огород.
-
Сенде бақша бар ма?
-
Бақшада не өседі?
-
Сен бақша суарасың ба?
Сергіту сәті.
Бір, екі - еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты сз, жасқанба.
2-тапсырма. Суреттерді ата және артық суретті тап.
3 - тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.
Суарамын.
Мен суарамын.
Мен бақша суарамын.
Мен күнде бақша суарамын.
4 - тапсырма. Кластер құрастыру.
Бақшада не өседі?
БАҚША
ІҮ.Сабақты бекіту.
Не туралы өттік?
Ү.Бағалау.
ҮІ.Үй тапсырмасы.
Жаңа сөздерді жаттау. Бақша суретін салу.