7


  • Учителю
  • Урок: Әдебиеттік оқу. Сүт қалай ұйықтады?

Урок: Әдебиеттік оқу. Сүт қалай ұйықтады?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

2 сынып Ана тілі «Сүт қалай ұйықтады?»

Мақсаты:

1.Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру.

2.Ертегідегі «сүт ұйып қапты», «іріп қапты», «айран ашып қапты» тағы басқа сөз тіркестерін пайдалана отырып, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Ой-өрісін дамытып, қорытынды шығаруға машықтандыру.

3. Сүт тағамы түрлерін, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, оқушыларды асты қадірлеуге, дұрыс тамақтануға, өздіктерінен жұмыс істеуге баулу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары: топтау, түртіп алу, семантикалық карта, еркін жазу, Венн диаграммасы.

Көрнекілігі: Сөзді жәнен суретті слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Психологиялық дайындық.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

- Үйге қандай тапсырма берілді?

(Ы. Алтынсариннің «Салақтық» әңгімесін түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу)

1-слайд. Ы. Алтынсарин «Салақтық».

- Қандай шығармашылық тапсырма берілді?

(мәтінді ойша аяқтау, тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдер жазып келу.)

Мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

2-слайд.

Сұрақтар:

  1. Мәтіннің авторы кім? Ол туралы білесің бе?

  2. Салақ деп қандай адамды айтамыз?

  3. «Салақтық» сөзіне қарсы мағынадағы сөзді ата.

  4. Керім қандай жігіт?

  5. Салақтық салдарынан не болды?

  6. Осы мәтінге сай келетін мақал-мәтел немесе нақыл сөз тауып айт.

Мәтіннің бөлімдер бойынша мазмұнын сұрау.

-Өткен сабақта мәтінді қандай бөлімдерге бөліп едік?

Оқушының жауабы бойынша тақырыптар бір-бірден келіп орын табады.

3-слайд

Жоспар:

І. Тазалықпен ісі жоқ Керім.

ІІ.Керім ауруханада

ІІІ.Керімнің улануы.

Әр бөлімнің мазмұнын бір оқушы айтады.

Шығармашыцлық тапсырманы сұрау.

* Мәтінді ойша жалғастыр.(2-3 оқушы)

*Мәтін мазмұнына сай келетін мақал-мәтелдерді ата.

*Салақтықтан пайда болған ауруларды ата.

3. Жаңа сабақ

І.Қызығушылықты ояту.

1.Ой қозғау

Сонымен Ы.Алтынсарин әңгімесінен қандай жаман әдетті бойға үйір қылмау керек екенін ұқтық.

Тағы қандай жаман әдеттерден сақтану керек деп ойлайсыңдар?(өтірік айту,мақтаншақтық,ұрлық жасау,әдепсіздік,ұйқышылдық)

«Топтастыру» стратегиясы.



























Сабақтың мақсатын хабарлау

1.Бүгінгі сабағымызда ұйқышылдық туралы сөз қозғаймыз.

2. жаңылтпашпен таныстыру.

а) үлгі ретінде бір оқушыға оқыту.

ә) сөздікпен жұмыс.

5 слайд.

Ұйқы қысты - ұйқысы келді,

Ұйқысы күшті - қатты ұйықтады.

3.автор туралы дерек беру.

Бүгінгі Оспанхан Әубәкіровтің «Сүт қалай ұйықтайды?» деген ертегісімен танысамыз. Бұл ертегінің алдыңғы өткен ертегілерден ерекшелігі қандай?

6. слайд

«Сүт қалай ұйықтайды?» О. Әубәкіров.

О. Әубәкіров - сықақшы. Сықақшы деген белгілі бір қоғамдағы немесе адам бойындағы кемшіліктерді күлкі етіп, әжуалап әдеби шығарма жазатын адам.

7. слайд

Оспанхан Әубәкіров - 1934-1986 жылдар аралығында өмір сүрген. Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген оның «Қағаз қалпақ», «Қожанасыр чемпионы» т.б. балаларға арналған кітаптары бар. Қазақ әдебиетінде сықақ жанрын дамытуға ерекше үлес қосқан адам.

ІІІ. Мағынаны тану.

  1. Ой ашар

Ертегі деген не?

8. слайд (Электрондық оқулық)

2.Ертегі мазмұнымен таныстыру.

Бір кұні сүт ұйықтап қалған екен. Қатты ұйықтағандықтан ұйып қапты. Ұйыған сүт айранға айналады ғой. Ел-жұрттың сүттің бұл әрекетіне таң қалады, яғни қайран қалады. Айран көп ұзамай ашып, быжып, іріп қапты. Яғни іркітке айналыпты. Іркіт айран құрамының екіге бөлініп іруі. Бірі-сарысу, екіншісі-қою. Сүттің енді оянбасын білген әжей сүтті дорбаға құя салыпты. Дорбадан сарысу тамшылап, іркіт сүзіле басайды. Ел-жұрты дорбадан тамған суды сүттің көз жасы дейді екен. Сөйтіп ұйқышылдық салдарынан сүт өзінің бастапқы сұйық қалпын жоғалтады. Адам баласына да көп ұйықтаған зиян екен.

3.Ертегіні кітаптан жатқа жазу.

«Түртіп алу» стратегиясы.

9.слайд.

Қайран қапты - таң қалыпты ,бықырып тұрып ашыпты-қатты ашыпты.

Ұйқы ұя салыпты-ұйқы мәңгі кетпестей болып орнығыпты.

4. Оқулықпен жұмыс.

а) сөйлемдерді бір-бірден тізіп оқыту

ә) Мәнерлеп оқыту

Топпен жұмыс

10 слайд.

І. Топ. Ертегідегі сүттің әрекетін білдіретін тіркестерді тауып жаз.

ІІ. Топ. Ертегіден елдің сөзін тауып,әуеніне сай оқы.

ІІІ.Топ. Ертегідегі нақыл сөзді тап. Осы тақырыпта екі мақал-мәтел жаз

ІҮ.Топ. Сүттен жасалатын тағам турлерін ата.

Топтардың жауаптарын тыңдау.

5.Сүттен жасалған тағамдармен таныстыру.

а) Суретті слайд көрсету.

ә) Сызбамен қортындылау.

11 слайд.

Сүт тағамдары: айран,сүзбе,құрт,қаймақ,сары май.

б) Сүт тағамдарының пайдасы туралы сұрау.

12 Слайд.

Сүт тағамдары ағзаның дұрыс өсіп жетілуін қолдайды.

Сүт тағамдары баланың сүйектерін қатайтып,тістерін берік етеді.

Ертегіден сүт тағамдарының жасалу жолдарын да біраз біліп қалдық. Қазір сол бойынша кестені толтырамыз.

13 Слайд.Семантикалық карта.Іс әрекет түрі

сүзбе

айран

құрт

іркіт

Сүт ұйыды



+





Айран ашыды







+

Іркіт сүзілді

+







Сүзбе түйірленді





+





Дәптерге жазып алады.

ІІІ. Ой толғаныс.

-Сонымен сүт ұйықтаймын деп қандай күйге ұшырады?

Ол ұйықтаймын деп бастапқы қалпын жоғалтты.

  • Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолды тауып оқы.

Мөлшерден артық ұйқы адамға да зиянын тигізеді екен. Қазір сендерге көп ұйқының зияны туралы суреттер көрсетемін. Сендер суреттен көргендеріңді түсіндіріп айтуға дайын болыңдар.

14 слайд.

Суреттері экраннан көрінеді

  1. сабаққа кешіккен оқушы

  2. семіріп кеткен бала.

  3. үй жұмысын орындамаған бала.

Оқушы жауаптары мына түрде болуы керек

  1. Көп ұйықтаған бала сабақтан кешігеді.

  2. Адам көп ұйқының салдарынан дене сымбатын жоғалтады.

  3. Ұйқышылдың сабағы да қаралмайды,. Бос уақыты ұйқыға кетеді.

  • Сендер тәулігіне неше сағат ұйықтауларың керек білесіңдер ме?

15 слайд.

Дәптермен жұмыс.

Қанша сағат ұйықтаған дұрыс? Сағат 21-22-лерде жатып, таңғы 7-де тұру қалыпты ұйқы. Артық ұйықтау келеңсіздіктерге жолықтырады.

«Еркін жазу» стратегиясы

Сынып оқшылары екі топқа бөлінеді.

16. слайд

Тапсырма:І топ. «Көп ұйқының зияны» тақырыбына мәтін жазу.

ІІ топ. Берілген ұйқас бойынша өлең құра.

Ұйқышы

Еркінбек көп ұйықтайды, ----------------------------

------------------- шықпайды. --------------------ұқпайды.

Топтық жұмыстардың тұсаукесері: Венн диаграммасы.Салақтық салдары

Ортақ белгілері

Ұйқышылдық салдары

Адам ауруға ұшырайды. Маңайындыларға жағымсыз әсер тудырады.

Адам бойындағы жаман әдеттер

Жұмыстан кешігеді, жұмысы өнбейді. Сымбатын жоғалтады.

Бағалау.17 слайд

Үйге тапсырма: Ертегіні түсініп, тиісті дауыс ырғағымен оқып келу.

Шығармашылық тапсырма:

*Сүт тағамдарының денсаулыққа пайдасын жаз.

І топ. Айран ІІІ топ. Сүт

ІІ топ. Ірімшік ІҮ топ. Құрт







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал