7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты'Жолда жүру' 3-сынып

Тәрбие сағаты'Жолда жүру' 3-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Семиполка орта мектебі









Айналайын абайла!

( Ашық сабақ тәрбие сағаты)




.












2011-2012жыл

Сабақтың тақырыбы: Айналайын абайла!

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету. Бағдаршаммен және оның қызметі, жол белгілері жайында танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларды мейрімділікке, бауырмалдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:

Жол жүру ережесі, жол белгілері, бағдаршам туралы түрлі суреттер, нақыл сөздер, үнтаспа.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

(Музыканың әсем үні жүріп тұрады, сабаққа келген мұғалімдерді қарсы алып, орындарына жайғастырылады)

-Балалар бүгінгі сынып сағатымыздың әсерлі де, қызықты болып өтуі сендердің қолдарыңда. Сондықтан бар білгендеріңді аямай ортаға салатындарыңа мен сенемін. Тақтаға назарларыңды аударыңдаршы, сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен? «Айналайын абайла!»

-«Айналайын» деп кімдерге айтамыз?

-«Абайла» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ендеше сынып сағатымыздың мазмұны не жайында деп ойлайсыңдар?

Жола жұру ережелері жайында айтқанда тағы нелер есімізге келеді? (кластер құру)

І бөлім

көше адамдар жол тротуар


ЖЖЕ

көше қиылыстаары жол полициясы



бордюр көліктер бағдаршам

Ауылдан келсек қалаға

Қыдырамыз жүреміз де

Ал бағдаршам ережесін

Айтыңдаршы білеміз бе?

Ақыры бара алмайсың

Құр бос қарап сенделесің

Оданда сізге айтайын

Бағдаршамның ережесін

Егер оны білмесең

Қалада жүре алмайсың

Анда көлік, мында көлік

Барлық жерді шарлайсың

Қызыл шамы жанғанда

Тоқтай тұр әлі тосасың

Сары шамы жанғанда

Шыда жолың босасын

Жасыл енді жанады

Жүре бер жол босады


-Дұрыс айтасыңдар балалар, мен де қасыма өз көмекшім бағдаршамды шақырайын

Бағдаршам: Уа, жараңдар, аман ба?

Көз салыңдар маған да!

Үш көзім бар, үш сыншым

Мен қымбатпын әманда!

Ортаға үш көмекшім, үш сыншымды шақырамын. Қайдасыңдар достарым?

(Бағдаршамның үш көзі болып кейінген үш оқушы ортаға шығады)

Қызыл көзі: Мен көзімді ашқанда

Ешқашанда баспа алға.

Орныңда тұр қозғалма

Ереже бұл «Сен тоқта!»

Сары көзі: Мен көзімді ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жүруге әлі болмайды

Дайындықты сақтайды

Жасыл көзі: Мен көзімді ашқанда,

Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер

Өтуге еш қорықпайды.

Үш сыншы бірге: Жолды кесіп өтерде

Сол жағыңа қарайла

Жарты жолға келгенде

Оң жағыңа қарайла

Білгеніңді басқаға

Үйретіп жүр жарай ма?

Мұғалім: Рахмет сендерге достарым, сендердің айтқандарыңды оқушылар бұлжытпай орындайды деп сенеміз, солай ма, Бағдаршам!

Бағдаршам: Әй, білмеймін бұларды

Үлкен де тәртіп бұзады.

Келе жатсам мектепке

Бір апай тап болғаны

Полициямен келіспей

Жол бойында тұрғаны.

Көрініс: Жол полициясы сқырады.

Жол полициясы: Гүлнар апай аман ба?

Асықпаңыз әманда

Көше сырын біліңіз

Тәртібімен жүріңіз

Гүлнар апай: Қызым келді ауылдан

Ойнап қайтпақ қалада

Жүрген жоқпыз жөнсізге

Баламын ба мен сізге

Масқара ғой мұныңыз

Кес-кестемей тұрыңыз

Жол полициясы: Ау, жеңеше байқаңыз

Аңғарар деп айтамыз

Қызыл сәуле жанып тұр

Жолда күтіп халық тұр

Гүлнар апай: Айтарың сол ма

Менің де көзім бар

Менде де сезім бар

Жібер інім тезірек

Қызыма алар сыйым бар

Жол полициясы: Алдымен оңға

Солан соң солға

Қараңыз жолға

Кенеттен көлік

Келмесін төніп

Сонда өтіңіз!

Бағдаршам: Көрдіңдер ме балалар,

Ережені бұзады

Кей-кезде тіпті аналар!

Мүғалім: Қойыңызшы бағдаршам

Асыққан болар анасы

Бағдаршам: Жо-жоқ жақтамаңыз сіз оны

Білмейді оның қызы да,

Ережені жолдағы

Нанбасаңыз көріңіз

Үлкен түйін түйіңіз

Көрініс: Оқушылар мектептен шығып үйлеріне бару үшін әр түрлі көше қиылыстарынан өтеді.Сонда жол полиция ағайына тап болады.

Балалар: -Сәлеметсіз бе, ағай!

Жол полициясы: -Амансыңдар ма, балалар.

Балалар: -Ағай мына жолан өтуге бола ме?

Жол полициясы: -Әрине, бұл тротуар ғой, ол жаяу жүргіншілерге арналған жол, ал мынау бордюр деп аталады. Ол жол мен тротуарды бөліп тұру үшін арнайы салынған. Көзге анық көріну үшін бордюрды ақпен ақтап қояды. Ал, балалар жолан өтуді білесіңдер ме?

-Балалар: -Білеміз, білеміз! Бағдаршамның жасыл түсіне өтеміз. Бағдаршам болмаса арнайы өтпелерден өтеміз. Жолды кесіп өтерде алдымен солға, кейін оңға қараймыз.

Сол сәтте Әсемгүл деген оқушы жолдан жүгіріп өтпекші болады. Әсемгүлді машина соғып кетеді.Жол полициясы сқырады. Машиналар тоқтап, балалар у-шу болады.

Жол полициясы:Әй, Әсемгүл тоқта,

Көзің сенің жоқ па?

Кейін қарай өтпе

Өмір саған керек пе?

/Қыздың қасына оқушылар, сақшы келеді/

Әсемгүл: Ой, аяғым! Ағатай ақырын

/Сақшы қыздың аяғын қимылдатып көреді/

Жол полициясы: Ай, қалқам-ай,

Асығудан бар ма пайда. Тәртіп қайда?

Әсемгүл: Қап, аяғым ұстамаңыз.

Мені тұр деп қыстамаңыз.

Жол полициясы: Жол ойнайтын жер емес

Ақсаңдап қалдың құлап

Құлақ аспай сөзіме

Өз обалың өзіңе

Әсемгүл: Жақсы, айтқаныңыз ақыл-ақ

Болмаспыз енді ақымақ

Жол полициясы:Бір абайсыз жүрістен

Бүкіл өмір қиылар

Тәлім алса бұл істен

Тәртіпсіздік жойылар

Бағдаршам үш көзді

Үш көзден ұқ үш сөзді.

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

/Ала таяқпен жол көрсетеді. Қызды жол шетіне шығарып орындыққа отырғызады. Оқушылар ақыл айтады/

1-оқушы: Обал болды, досым-ай!

2-оқушы: Әуелгі солға, содан оңға

Қарамайсың ба жолға!

3-оқушы: Бағдаршам әманда

Беріп тұр ғой команда

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін жасқанба

Әсемгүл: Ой,аяғым! /жыламсырап/

/Әсемгүлдің анасы келеді/

Анасы: Әй, Әсемгүл,қызым-ай

Құладың-ау сен неге?

Жыладың неге ұрынып?

Әсемгүл:Көшенің тіртібін сақтамай

Сақшының айтқанын ақтамай

Машинаның алдынан өттім

Абайсызда қағып кетті.

Ой, аяғым,аяғым!

4-оқушы: Әсемгүл сырқат, әбігерде, жеткізейік дәрігерге

5-оқушы: Әй, Әсемгүл, Әсемгүл,

Әбігерсің, әуресің

Жол тәртібін білмесең

Опық жерсің күнде сен.

6-оқушы. Машина қаққан адам

Не мүлдем кетеді

Не мүгедек болып өтеді.

Жол полициясы: Ал, балалар енді не істейміз? Қалай боламыз?

Оқушылар хормен: Сөзіңізді ақтаймыз, Жол тәртібін сақтаймыз!

Мұғалім: Көшеде біз сақ болайық

Қаймықпасын ата-ана

Жолға да сен бол лайық

Оқушылар атына

ІІ бөлім

(Әр белгіні слайдтан көрсете отыра оларға қысқаша тоқталып өту)

-Балалар, сендер Бағдаршамның көмегімен жолдан өтуді білесіңдер. Ал, жол жүру белгілерін білесіңдер ме?

Ескерту белгілері


1-сурет Бұл белгі адамдар көп жүретін көше қиылыстарында кездеседі. Ол жаяу жүргіншілерге арналған жол. Осы белгіге көлік жүргізушілері тоқтап, жаяуларға жол береді.

2-сурет Мына белгі мектептер мен балалар парктерінің маңына орнатылады. Бұл белгі қойылған маңда көлік жүргізушілер мен жаяу адамдарға сақ болуы керек.

3-сурет Бұл белгі алдымызда ғы жол велосипед жүретін жолмен қиылысады, сақ болғайсың деген белгі.

4-сурет Алдыңызда жол жұмыстары болып жатыр, сақ болыңыз деген белгіні білдіреді.


Сервистік белгілер

1-сурет Алдыңызда дәмхана немесе кафеге кездесесіз деген белгі

2-сурет Осы маңда аурухананың бар екенін ескертеді

3-сурет Жақын жерде көлікке жанармай құйю орталығы бар екенін білдіретін белгі

4-сурет Маңайда телефон шалуыңызға арналған орын бар

5-сурет Осы маңда қонақ үйдің бар екенің айтады.


Тыйым салу белгілері

1-сурет Машина жүруге тыйым салынады.

2-сурет Жаяу адамдарға жүруге болмайды

3-сурет Велосипедпен жүруге тыйым салынған

4-сурет Көліктің жылдамдыңы 50 км/сағ жылдамдықтан аспау керек

Жаяулар ғана жүреді

Мұны бәрі біледі

Осы белгі тұрғанда

Қауіпсіз саған жол енді

Әр түрлі көлікке

Келетін көмекке

Тұруға арналған

Бұл белгі керекте

Саяжайдың маңында

Мектептің сен жанында

Сақ болғайсығ әрқашан

Бұл белгінің алдында

Қауіпті бұрылыс алдыңда барлығын ескертер дерек қой

Абайлап, ақырын адымда

Амандық бір басқа керек қой

Алдыңнан егер еездессе

«Тең мәндес жолдар» белгісі

Абай болған жолаушы

Ескерту алдың сен енді

Болсын қала ел іші

Қызыл крест белгісі

Тұрған жерге барарсың

Алғашқы жәрдем аларсың

Жүргізушіні жаяуды

Темір жол барын таяуда

Ескертіп тұрса алдыңда

Біразырақ сен аялда

ІІІ бөлім (Жолда жүру ережелеріне қатысты слайдтар көрсетіп, сабақты аяқтау)

Қорытынды бөлімде оқушылар сабақта алған әсерлерін эссе түрінде жазады.






Сабақтың тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы.

Күн мен түннің ауысуы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Жердің өз білігінен айналуын және күн мен түннің ауысуын

түсіндіру, мағлұмат беру.

2. Дамытушылық: Топпен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу

тілін арттыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,

танымдылық қызығушылықтарын арттыру.

3. Тәрбиелік: Өзі өмір сүріп отырған планетасын сүюге, құрметтеуге, қамқор

болуға, экологиялық апаттардан қорғауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:Жаңа

Сабақтың әдісі: СТО, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, глобус, күн мен түннің ауысу макет


Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту.

Табиғат!

Тіршіліксің тұнып тұрған.

Сен - Күнсің !

Көтерілген күліп қырдан.

Сен - Жерсің!

Тіршілікке нәрін берген.

Сен - Гүлсің!

Адамды сұлулыққа құнықтырған!

-Бүгінгі сабағымыз ән боп, жыр боп кеткен Күн мен Жер туралы. Ендеше, тереңірек үңілейік.


Сыныпты топқа бөлу

(Үш топтан үш оқушы шығып, өз топтарына ат таңдап алады.

1-топ «Жер - Ана», 2-топ «Күн», 3-топ «Ай». Әр топқа сұрақтар тапсырылады, бұл өткен сабақтарды пысықтау) (3минут)


ІІ. Мағыныны ашу.

-Балалар бүгінгі сабағымызда ғарыш әлемі жайында білімімізді әрі қарай жалғастырамыз. Назарымызды тақтаға аударайық. Сабағымыздың тақырыбы

«Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы» (1-слайд)

Яғни, бүгінгі сабақта көкейімізде жүрген сұрақтарға жауап табамыз.

Ендеше «Ғарыш» сөзіне кластер құрып алайық. (2-слайд)

-Ғарыш мыңдаған галактикалар тобынан құралады. Сол галактикалар тобының бірінде біздің «Күн жүйесі» орналасқан. (3-слайд)

-Ал біздің Күнімізді айналып Күн жүйесін құрып тұрған неше планета бар? (4-слайд, 5-слайд)


-5-слайд бойынша тапсырма.

6,7,8-слайдтарды көрсетіп өту.

1-топ «Жер - Ана»

«Жер шарының орналасуы»

2-топ «Күн» Оқушылар топта жұмыс

«Күн планета ма, жұлдыз ба?» жасайды.

3-топ «Ай».

«Ай - Жер серігі»

(Әр топ өз жұмыстарын қорғайды)


Оқулықпен жұмыс:

(Мұғалімнің берген сұрақтарына оқушылар жауап іздейді)

1-топ «Жер - Ана»

Күн мен түн неліктен ауысады?

2-топ «Күн»

Тәулік деген не? Ол неше сағаттан тұрады?

3-топ «Ай».

Жердің өз білігінен айналуының жердің тіршілігі үшін қандай маңызы бар?

(Әр топ өз ойларымен бөліседі)


Тәжірибе жасап көрейік.

(Күн мен түннің ауысуы. Жердің өз білігінен айналуы бойынша макетті көрсету, тәжірибе жасау)

-Балалар сендердің оқығандарың мен ойтқан ойларыңды дәлелдеп өту үшін мына суреттерге қарайық. (9,10-слайд)


Дәптермен жұмыс

(сабақта кездескен сандарды пайдаланып есептер шығару)

  1. Уақыт таңғы сағат 5.00 көрсетіп тұрса, тәулік басталғалы неше сағат өткені? /5сағ/

  2. Таңғы 10:00 күн жарқырап тұр делік, 52 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе? /мүмкін, күндізгі сағат 14:00/

  3. Жарықтың жылдамдығы 300000км/сек болса, 1 минутта қанша қашықтық жүреді? /18000000км/

  4. Жарық жерге 8 минутта жетсе, жер мен күннің ара қашықтығы қанша? /8 640 000 000км/

ІІІ. Ой толғау

Әр оқушы «Күн», «Жер», «Ай» сөздеріне сөйлемдер құрап сабақты қорытады

Лос-Анжелеста қазір түнгі12:00 болса, Нью-Иоргта түнгі 1, ал Бразилияда түнгі 3, Лондонда керісінше таңғы 8 болуда.


Бағалау.

Үйге тапсырма: Бізде күн болғанда, оларда түн болатын мемлекеттер жайында қосымша деректер әкелу. Елдердің сағат айырмасын біліп келу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал