7


  • Учителю
  • Математика 1 сынып Тақырыбы: Білімді тиянақтау

Математика 1 сынып Тақырыбы: Білімді тиянақтау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың 10 көлеміндегі сандарды кестелік қосу, азайту, санды және әріпті

өрнектер жайында алған білімдерін жинақтау,қайталау есептерін шығарту.

Дамытушылығы: Логикалық ойлауын, есте сақтауын, зейінін,есептеу дағдыларын арттыру,

сөздік қорларын молайту, топпен жұмыстануға баулу.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мультимедия, бетшелер, парақшалар, фигуралар.

Әдісі: ойын сабақ

Түрі: тиянақтау, жинақтау

Типі: бекіту.

Жүру барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ.Психологиялық дайындық

Бір,екі,үш

Сынып іші тып- тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз.

ІІІ. Жаңа сабақта:

1.Топтарға бөліну: І топ: «Тапқырлар»

ІІ топ: «Білгірлер»

ІІІ топ: «Алғырлар»

2. Математика ғылымы жайында тақпақтар айту.

1. Сонау-сонау алысқа жүзу үшін кемелер,

Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер.

Жасау үшін барлығын,ең маңызды ғылым бұл

Сондықтан да математика тілін біл!

2. Жүзген кеме тұманда неге адасып кетпейді?

Немесе ол бір маңда неге төмен шөкпейді?

Оны сақтап қалатын ең маңызды ғылым бұл

Сондықтан да математика тілін біл!

3. Болам десең теңізші,не ұшқышты қаласаң

Дәрігерлік те жаксы ғой, қызметке жарасаң.

Білу үшін барлығын ең маңызды ғылым бұл

Сондықтан да математика тілін біл!

3. Сабақтың дәйексөзі:

« Уақытыңды қызықты өткізгің келсе, математикамен шұғылдан».

ІҮ. «Ой шақыру» стратегиясы.

Лезде жауап:

  1. Екі қолыңдағы саусақ нешеу?

  2. Мектептегі 45 минут?

  3. Бір жылда неше ай бар?

  4. Бір жыл мезгілінде неше ай бар?

  5. Қазір жылдың нешінші айы?

  6. Дөңгелектің неше бұрышы бар?

  7. 1 аптада неше күн бар?

  8. 2 адамда неше көз бар?

  9. Шаршының неше қабырғасы бар?

  10. 2 мысықта неше құйрық бар?

  11. 3 тауықтың аяғы нешеу?

  12. Біздің сыныпта терезе нешеу?

  13. 2 күшікте неше аяқ бар?

  14. 1 сиырдың мүйізі нешеу?

  15. Дәптер,кітап, қарындашты не дейді?

  16. 2 мен 2- нің қосындысы неше?

  17. Үшбұрышта неше бұрыш бар?

  18. Сыныпта неше оқушы бар?


Ү. Топпен жұмыс «Ойлан, тап!» ойыны

Санды өрнектер мен әріпті өрнектерді 2 бағанға жинақтау.

а+1 3+а 3+3 5-1 8-а

а-2 8+2 4-2 а+1

10-а 10-3 а+1 3-а 5+3


ҮІ. Оқулықпен жұмыс

№ 2 тапсырма

3-а айырмасының мәнін тап.

а = 3, 2, 1, 0 деп алып есептеу. а = 4 болуы мүмкін бе?


№ 3 тапсырма

Есептерді оқыту, салыстыру, есепті шығарту.

Айболитке емделуге 10 аң келді. Ол олардың 4 - еуін емдеді. Тағы неше аңды емдеуі керек?

Шарты: Шешуі:

Келді - 10 аң 10-6=4

Емдеді - 4 Жауабы: 6 аңды емдеуі керек.

Емдеуі керек-?


ҮІІ. Санамақ айту



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал