- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Ауа райы сарамандық жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы сарамандық жұмыс.
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Г.Н.Хаирмухамбетова
Бекітемін.Оқу ісінің меңгерушісі:А.Ш.Байбулатова____________
Күні:11.01.2016 жыл. Пәні: Дүниетану. Сыныбы: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы сарамандық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ауаны сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, оның тірі табиғат үшін пайдасын ашу. Ауаның орын алатындығын, серпімді, сығымды екенін дәлелдеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өмір тәжірибесін орынды қолдануын сабақ барысында одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Ауаны таза сақтауға тәрбиелеу. Оқушылардың қызығушылығын ояту
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, приборлар, шар, доп.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы.
Адам өміріне қажетті 5 жағдайды.
(ауа, су, қорек, жарық, жылу)
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
1. Су тасқыны деген не?
2. Су тасқыны кезінде қандай ережелерді сақтау керек?
ІІІ Жаңа сабақ:
Сөзұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Түсі бар көрінбейді
Біртұтас бөлінбейді
Тынысы ол тіршіліктің
Ешқашан желінбейтін.(ауа)
2. Адам өміріне қажетті бір жағдай?(су)
3. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін не дейді? (бұлақ)
4. Құрамында минералды тұздар бар су? (минералды)
5. Каспий теңізінің суы қандай?(ащы)
6. Минералды бұлақтар маңына не салынады? (шипажай)
7. Каспий теңізіне қай өзен құяды?(Жайық)
- Ерекше тор көзден қандай сөз көріп тұрсыңдар?
- Ауа райы.
Біздің планетамыз жер - мөлдір ауа қабатымен қоршалған. Ауа - жер бетіндегі тіршіліктің көзі. Өзіміз оны әдетте байқамаймыз. Алайда ол кенет жоқ болып кетсе біз бірнеше секундта тіршілік ете алмас едік. Адам өміріне ең қажетті ауа дедік.
Сондай - ақ ауа физикалық дене. Сондықтан ол құбылыста болып отырады. Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз Ал климат - бұл ауа қысымының құбылысы. Біздің еліміздің ауа райы континентті деп аталады. Оның себебі оңтүстік тропиктен жылы ауа келеді, солтүстіктен мұзды мұхиттың суық ауасы әсер етеді. Сондықтан құбылмалы болып келеді.
Ауаның температурасын өлшейтін құрал - термометр.
Ауаның қысымын өлшейтін құралы - барометр.
- Балалар «Ауа» деген ұғымды естідіңдер.
- Ол қандай?
- Оны қалай сезесіңдер?
Тәжірибе жасау:
- Мұрныңды қысып, демалмай тұр. Қанша уақыт шыдай аласыңдар, ішіңнен сана. (тәжірибе жасалды)
- Біз сыныпта тақтаны, партаны, терезені көреміз. Ал, ауаны көре алмаймыз. Ендеше біз доппен, шармен тәжірибе жасалық. (тәжірибе жасалады)
- Шарды үрлеп, бүйірінен қысу - бұл ауаның сығылуы.
- Допты еденге ұру, қайтара ыршуы - бұл серпілуі.
- Шырағдан жағып оны банкамен жабу - ауа тұншығады, жануды қолдауы.
- Стаканға су құйып, бірер минут қойсақ, оны қабырғасынан бүршіктер пайда болғанын көреміз, бұл ауа.
- Не байқадыңдар?(Шарды ауамен толтырдық. Доп серпілді, сығылады, кішірейеді.)
- Сонда серпіп тұрған не?(Ауа)
- Біз сусыз тіршілік жоқ десек те, судан да маңызды ауа тұр екен. Сусыз адам бірер апта тіршілік ете алса, ауасыз бірнеше минут қана тіршілік ете алады екенбіз.
Біз ауамен демаламыз. Ауа бізді қоршап тұр. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес.
Топтастыру.
сығылады көрінбейді серпімді
Біз ауаның қандай қасиеттерін білеміз?
жануды қолдайды түссіз мөлдір
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Ауаның қасиеттері: сығылады, серпіледі, көрінбейді, түссіз, мөлдір, жануды қолдайды.
VІ Қорытынды
Тапсырма
Бес жолды өлең құрастыру
1. Ауа
2. Түссіз, иіссіз
3. Көрінбейді, жұтады, сығылады, серпіледі, созылады.
4. Ауа адам өміріне қажет.
5. Ауа - тіршілік көзі.
(эссе жазу) Ауа - тіршілік көзі.
Ассосация құру. Ауа
Бағалау
Сабаққа белсенділікпен қатысқан оқушыны мадақтау, бағалау.
Үйге тапсырма:
Ауа және ауа райы.